“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Екінші кезең. 1987ж. жаз – 1989ж. мамыр



бет2/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Екінші кезең. 1987ж. жаз – 1989ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған “косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.
Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.
Үшінші кезең 1989ж. май – 1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.
Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының “қарапайымдылығы мен демокаттығы айтылып жатты.
Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде “қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз” деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде “құрғақ” тойлар өткізілуде болды, ал милиция болса тіке ресторан залдарынан ішкендерді аулап жүрді десекте болады. Алкоголизм бәрібір азаймады. Бұл ауруға ұшыраған адамдар есірткіқұмарлыққа көшті, самогон қайнатумен айналысып кетті және т.б.
Осылайша республикада байқалған қоғмдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. “Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы Қазақстанға да жете бастады.
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса бастайды. 1989ж. қарашадан 1990ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103 қоғамдық қозғалыстар, партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.
Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар бойынша құрылды. Мұны айтпақшы, электорат дифференциациясының негізгі принципі этникалық топпен идентификация екенін анықтап берген парламентке сайлау да нақтылай түсті.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкілілігі, демократияның құқықтар мен еркіндіктердің басты жоқтаушысы – орта топтың болмауы Қазақстанда осы кезеңде демократиялық бағытпен белгіленген қозғалыстар мен партиялардың неге халықтық қолдауға ие болмағандығынан деп түсіну керек. Егер олардың құқықтық демократиялық мемлекет құруға абстракті үндеулері халық арасында біршама құнтталып жатса, ал жеке меншік пен қоғамның нарықтық қатынасына нақты бағдарламалық бағыт көбіне өзін-өзі ақтай алмады.
Осы жылдары коммунистік партия өзінің “қоғамның бірден-бір басқарушы және бағыттаушы күші” ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе берді. 1990ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17%-і ғана КОКП-ның қоғамды қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да, көбейіп келе жатты. Сонымен, 1989ж. қазанда Алматыда сайлаушылардың қалалық “Кеңес” клубы құрылды. Оның бастамашылары партия мүшелері С.Әбдірахманов, Қ.Мезенцов, т.б. болды. Осы клуб отырыстарында КОКП-ға сын айтылды, оны түбірімен реформалау талаптары қойылды. Алайда мұндай елестің жүзеге аспайтындығы анық болды. 1988 ж. ортасында өткен КОКП Бүкілодақтық конференциясы, одан кейінгі партия съезі партияның өзін-өзі жаңартуға және реформалауға қабілетсіздігіне толық көз жеткізді. Қоғам тарапынан оған деген сын мен қарсы келу жоғары тенденциямен өсе түсті. Мұның нәтижесі 1991 жылғы тамыз оқиғалары болды. 1991ж. қыркүйекте Қазақстан Компартия таратылды. Республика дамуының, қоғамдық-саяси өмірінің жаңа кезеңі басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет