“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет5/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Ұлтаралық қатынастар
Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы деформациялар мен қателіктер ұлтаралық қатынастарға да әсерін тигізбей қоймады. Интернационализм мәнінің әр жерде жоғары орынға қойылуы ұлттық мүдделерді жоққа шығаруға, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық психологияға немқұрайды қарауға әкеп соқты. Республиканың кадрлік, демографиялық, миграциялық және тілдік саясатты қадағалап отыруға, еңбек ресурстарын бөлуге қатысуға мүмкіндігі болмады.
Интернационалдық тәрбие мағынасының бұрмаланып түсіндірілуі нәтижесінде бірқатар жерде ол ұлттық саясаттың орнын алмастырып отырды. Шовинизмде интернационализм деп, ал ұлттық сана-сезімнің оянуын, ұлттық дамудың көкейтесті мәселелерін алға тартудың — ұлтшылдық ретінде бағалануы жиі орын алды. Мұндай келеңсіз жағдай ұлтаралық тіл ретінде қабылданған орыс тіліне ғана қолдау көрсетуге алып келді. Қазақ тілінің толыққанды өмір сүруіне қауіп осылай төнді. Бағыныштылық пен шыдамдылыққа бойы үйренген кеңес халқы өз тағдырының жарқын тұстарын күтумен өмір сүріп жатты. Басқару-әкімшілік тоталитарлық жүйе халықты тығырыққа тіреді, одан шығар бір ғана жол болды — төңкерес жолы. Дағдарысты жағдай биліктің жоғарғы сатысындағы ахуалдармен одан бетер ушыға түсті.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
“Қайта құрудың” алғашқы уақыттарында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыруға арналып ресми қарар жарияланды. Алайда Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары бұл идеяның да аңыз болып қалатынын, әкімшілік-командалық жүйе аясында жүзеге аспайтындығын ашып берді.
Бұл қайғылы жағдайға себеп болған жайттар былай өрбіп еді. 1985-4986 жылдары-ақ М.Горбачев аппараттық дәстүр жолымен Л.Брежневтің “ескі гвардиясынан” біртіндеп құтыла бастады. Олардың арасында Д.А.Қонаев та бар еді.
Қазақстан партия ұйымының бүкіл тарихында ол ұйымның бірінші хатшысы болған үшінші қазақ болатын.
Д.Қонаев өмірінің соңғы күндеріне дейін (1992ж. қайтыс болды). Жүйенің адамы болып қала берді, “социалистік таңдау” мен “коммунистік идеяға” шынайы сенді. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде Орталық саясатын өмірге енгізді. Аз ғана республика көсемдерінің арасында КОКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне тағайындалды. Ол сонымен қатар үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған.
Д.Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін жасаған еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Кең эрудиция мен мәдениетті игерген партия қайраткерінің типін көрсете жүріп ол ғылымның, әдебиеттің, өнердің, жалпы зиялы қауымның жарқын өкілдеріне барынша қамқорлықпен қарады. Бәлкім Д.Қонаев “сауатты көсем” атағына талаптанған, басшының авторитарлық типі болды деп айтқанымыз дұрыс шығар.
Сонда да оның уақыты өтті. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған “партия сарбазы” Г.Колбин келді.
Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.
Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.
Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.
Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.
17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.
Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.
Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.
Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.
Орын алған іс-әрекеттердің насихаттық мәнінің бұрмаланып берілгендігін атап өту қажет. Мұндай жағдай ұлтаралық алауыздықты қоздырып қана қойған жоқ, сондай-ақ солтүстік аймақ қазақтарын оңтүстіктегі қандастарына қолдан қарсы қойып, республиканың билік салаларына көп орын алып отырған соңғыларына “мафиялық Техас” деген айдар тақты.
1986ж. желтоқсанның үш күні ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің едәуір өскендігін байқатты. Олар бірінші болып ғасырға жуық уақыт бойы халықтарды казармалық режимде өмір сүруге мәжбүрлеп келген тоталитарлық жүйе алдындағы қорқынышты жеңіп шықты. Жастар өз халқы атынан кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс сезімін таптауға енді ешкімге жол бермейтіндігін ашық айтты. Қазақ тарихында есте қаларлық минуттар, сағаттар мен күндер аз болған жоқ. Ұлттың қазіргі заман тарихындағы есте қаларлық минуттардың бірі — 1986 жылғы желтоқсандағы үш күн. Кейіннен маған бірнеше рет көп адамды, оның ішінде М.С.Горбачевті де өз халқымнан ұлтшылдыққа байланысты айыптауды алып тастауға көндіруге тура келді. КОКП ОК Саяси Бюросы өз шешімін жоюға мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет