“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет8/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Деректер:

  1. 1. Казахстан: этапы государственности Конституционные акты. — Алматы: Жеті-Жарғы 1997г -496с.

  2. 2. Конституция РК 1995г. С изменениями и дополнениями, внесенными законом РК от 7 декабря 1998г. Алматы: Правовая инициатива-2030

Қазақстан Республикасы үкіметі
Үкімет — атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің негізгі бұтағы, атқарушы органдар жүйесін атқарады және оның қызметіне басшылық жасайды. Атқарушы билік органдар жүйесіне министерліктер, комитеттер, агентсвалар, жергілікті атқарушы органдар — облыстық, аудандық, қалалық акиматтар жатады. Парламент келісімі бойынша Президент Пермьер-Министр қызметін тағайындайды; қызметтен босатады; Премьер-Министр ұсынуымен Үкімет структурасы анықталады, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; орталық атқару органдарын құрастырады, тарқатады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын құрастырады оның қауіпсіздігі, қорғанысы, жалпы тәртіпті қамтамасыз ету; парламентке республикалық бюджет есебі мен оның атқарылуын көрсетеді, Мәжіліске заң проектілерін енгізеді және заңның орындалуын бақылайды; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; сыртқы саясат істеуін атқарады. Премьер-Министр Үкімет қызметін басқарады және оны ұйымдастырады, оның жұмысына жауап береді, Президент алдында Үкімет қызметінің негізгі бағыттарын баяндайды, қаулыларға қол қояды.
Үкімет мүшелері өз өкілеттігінен тыс өзіндік шешім қабылдайды. Олар Премьер-Министр алдында қызметкерлерінің жұмысына жауапты. Парламенттің әрбір Палатасы Үкімет мүшелерінің қызметіне байланысты есептерін тыңдауға құқылы. Үкімет мүшелері заңды орындамаған жағдайда, депутат Президентке Үкімет мүшесін қызметтен босату жайлы өтініш жасауға құқылы. Үкімет өз компетенциясына тиеселі қаулы шығаруға және ол мемлекет территориясының барлық жерінде күшіне ие. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметі жайлы бағдарлама жасайды және оны Парламент алдында баяндайды. Егер парламент депутаттардың жалпы санының 2/3 даусы қарсы болса, Үкіметке сенімсіздік туады. Үкімет заң шығару ықыласын жасауға құқылы. Үкімет заң жобасы жоспарын жасайды, оны парламент мәжілісінің заң жобасына ұсынады. Заң жобасын дайындауда министрліктер мемлекеттік комитеттер, бірінші басшылар қатынасады және оның сапасына жауап береді. Президент нұсқауы бойынша Үкімет Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізеді. Үкімет сыртқы функцияларды да атқарады. Ол халықаралық келіссөздер жүргізу, үкімет аралық келісімдер жасау, сыртқы сауда, финанс, білім, ғылым дамыту жұмыстарына қатынасады.
Әдебиеттер:

  1. 1. Конституция РК, раздел V. Правительство.

  2. 2. Указ Президента РК. “О Правительстве РК”, имеющий силу конституционного закона от 18 декабря 1995г.

  3. 3. Закон РК “О местном государственном управлении в РК ” от 23 января 2001г.

  4. 4. Комментарий к Конституции РК, Алматы, Жеті Жарғы, 1999.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет