“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Демократиялық қайта өзгерулер



бет14/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ

Демократиялық қайта өзгерулер



  1. 1. Қазақстандағы демократиялық қайта өзгерулер

Қазақстан демократизациялану кезеңі он жыл уақыт аралығын алады.
90 жылдардың басында Республикада демократияға өту қиын жағдайда болды. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйелік күйзелісте болды, ол өндірістің төмендеуі, гиперинфляция, халықтық тұрмыс жағдайының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Демократиялық институттар тәжірбиесі мен демократиялық дәстүр тарихи қалыптаспаған болатын. КСРО-ның таратылуы нәтижесінде постсоветтік мемлекеттерде этникалық саясиланудың күшеюі, ұлтаралық қатынастың әкеліп соқты.
Қазақстанда бұл факторлардың күші негізінде саяси реформалар кезеңді сипат алды. Республика тәуілсіздігін алғаннан кезеңнен кейін трансформация процесінің саяси жүйесі бірнеше кезеңдерден өтті. Мына кезеңдерді атауға болады.
Бірінші кезең бойынша (1990—1993 жж.) басты өзгерістер орныққан саяси жүйенің бөлшектеуге бағыталды.
Осы уақыт аралығында кеңестік-партиялық басқару жүйесінің бөлшектенуіне, бір партиялық монополияның күйреуіне, орнына көппартиялық жүйенін енгізілуі. Құқық пен азамат бостандығы кеңейтілді. Осы кезеңде мемлекетте парламентті — Президенттік басқару формасы енгізілді. Екінші кезең (1993—1995жж.) Қазақстанда саяси жүйенің іздену мен сынау әдістері негізінде жүргізілуі, мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерімен байланысты болды.
Қоғамның саяси жүйесінің өзгеруінің нығайтылуын 1993ж. Конституцияның қабылдауынан көрінеді. Осы кезеңде мемлекетте билікті бөлу принциптері заңды түрде жүргізілді. Заң шығарушы, атқарушы және соттық органдар мемлекеттік биліктің өзіндік бір саласына айналды. Мемлекеттегі Жоғарғы Кеңес альтернативті сайлауы алғаш рет өтіп, жергілікті үкімет билігінің жаңа органы — маслихаттар қалыптасты.
Үшінші кезең (1995—1998жж.) Қазақстанның саяси жүйесінің даму негізі болып, 1995ж. ҚР Конституциясы референдум негізінде өтуінде, Президенттік басқару формасының заңды түрде баянды ету болды.
Мемлекетте екі палаталы Парламент және басқа да саяси жүйенің негізі қаланды.
Дамудың жаңа кезеңі (1998ж. қыркүйек) Мемлекеттің саяси жүйесінде демократиялық элементтердің өсуі негізінде байқалады.
Осы кезең Республика Президентінің Қазақстан халқына Үндеу жолдауы мен 1998ж. күзде Конституция мен басқа да заң актілеріне өзгертулер енгізуі, Парламент өкілдігін кеңейту мен басталды.
Сайлау жүйесінің реформасы өткізілді. Соның негізінде 1999ж. жалпы және тікелей Қазақстан Президентін сайлау өткізілді, кейінірек Парламент сайлауы аралас жүйе бойынша, яғни партиялық тізім бойынша дауыс беру арқылы да өткізілді.
Сондықтан да Қазақстанда саяси реформа нәтижесінде саяси жүйенің демократиялық типтері байқалды.

  • — Мемлекеттік құрылыс принципі — мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот бөлігі негізінде болды.

  • — 1995ж. Конституцияға байланысты Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы тұлға. Республикада екі Палатадан тұратын Парламент бар. Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Қазақстанның атқарушы қызметін — Үкімет басқарады. Тәуелсіз сот жүйесі сот-құқық реформасы нәтижесінде баянды етілді.

  • — Мемлекет басшысы мен өкілеттік органдар жалпы сайлауға өткізілді.

  • — 1999ж. Президенттік сайлау, кейінірек парламенттік және жергілікті маслихаттар сайлаулары Қазақстанның саяси жүйесінің даму импульсін көрсетеді.

  • — Көппартиялық жүйе қалыптастырудың бастамасы жасалды. Қазіргі уақытта Республикада әртүрлі идеологиялық бағыттағы 16 саяси партия тіркелді.

  • — Мемлекеттік емес (СМИ) Ақпараттық құралдар құрылуда және жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта Республикада 1300 астам (СМИ) Ақпарат құралдары жұмыс істеуде, оның 70% мемлекеттік емес ақпарат құрылды.

  • — Мемлекеттік емес ұйымдар құрылды. Мемлекеттік емес сектор бойынша 2,5 мың қоғамдық ұйымдар жұмыс атқаруда. Олар негізінен жергілікті халықтың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды.

  • — Жергілікті халықтар арасындағы этникалық топтардың теңдігі заң жүзінде бекітілген. Қазақстан заңы бойынша, оның ұлты, тілі, діні қарамастан тең құқылы азамат екендігі көрсетілді. Тіл жөніндегі заң Қазақстан халықтарының болашақта барлық тілдердің дамуының қайнар көзі болып табылады.

Қазақстанда іргелі жетістіктер мен қатар саяси қайта құру процесінде кемшіліктер де кездеседі. Қазақстан саяси партиялары әлсіз. Көптеген партиялардың толық бағдарламасы жасалмаған. Елде мемлекеттік емес ұйымдардың дамуына, оның қоғамдық өмірдегі орнын анықтайтын арнайы заңдар жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет