“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


XХ ғ. басы. Қазақстанды отарлаудың күшейе түсуімен ерекшеленеді



бет26/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
stud.kz-456

XХ ғ. басы. Қазақстанды отарлаудың күшейе түсуімен ерекшеленеді. Қазақстан ұлт-азаттық қозғалыстың өсуіне тосқауыл ретінде патшалық европалық тұрғындардың топтарын — казачестваны, келімсек шаруалар қожалықтарын, шенеуніктік қызметтерді нығайта түседі.
Қазақстан төрт казак әскерлері шоғырланды. Олардың саны Орынбор өлкесінде 553мың, Орал өлкесінде 235 мың, Сібір өлкесінде 169 мың, Жетісу өлкесінде 59 мың адам болды.
Қазақстандағы патшалық саясаттың бір бөлігі — қоныстандыру түріндегі отарлау болды. Орасан көп адамдар тобы еркін дала және арзан нан табу мақсатында өлкеге ағылып келіп жатты. Келімсектер ағыны 1893ж. Сібір темір жолы құрылысының аяқталуына байланысты күшейте түсті. Келімсектер қорын құру мақсатында патшалық бірнеше экспедициялар ұйымдастырды. Олар қазақтарға жер нормаларын жасады, “артық” деп санаған жерлерді алып қойып отырды. Ал көшіп-қонудың дәстүрлі бағыттары назардан тыс қалды.
Ресей шаруаларының қоныс тебуі аймақта бұрын болмаған қарқынға ие болды. Егер алғашқы онжылдықта (1895—1905жж.) Қазақстанның долалы өлкелеріне 294296 жан көшіп келсе, ал 1906—1910жж. 770000 нан астам адам келіп орнықты. 1905ж-дан 1916ж-ға дейін шаруа тұрғындар (орыс саны шаруалары) тек Далалы өлкеде 427 мыңнан 1221 мың адамға дейін немесе 1,8 есе өсті және бүкіл халықтың 34%-ін құрады. Қоныстандыру саясаты Қазақстанның ұлттық құрамының түбірімен өзгеруіне алып келді. Осылайша, 1897ж. санақ бойынша Далалы өлкеде орыс тұрғындары 20% болса, ал 1917ж. 42%-ке жетті. Осы кезеңде қазақ ауылдары тұрғындарының өсімі 17,6%-ті құраса, орыс шаруаларымен казактарын саны 4,5 есе өсті.
Орыстар әр өлкеде әртүрлі қоныстанды: Ақмола облысында — 56,7%, Орал облысында — 40,8%, Торғай облысында 37,8%, Жетісу облысында — 23,5%, Семей облысында 24,0%, Сырдария облысында — 6,2% болды.
Осылайша XIV ғ. екінші жартысында басталған қоныстанушылардың — орыстардың, украиндардың, татарлардың, молдовалардың, чуваштардың және басқа Ресейдің орталық бөлігіндегі жері тар губерниялардың, Поволжьеден, Украинадан, Уралдан, Батыс Сібірден келген шаруалардың ағыны жергілікті емес ұлттар өкілдерінің сандарының бірден артуына алып келді.
Отаршылдық пен соғысқа қарсы бағытталған 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс жаншылғаннан кейін қарательдер жергілікті халыққа қарсы нағыс геноцид ұйымдастырды. Баскөтерілушілер Қытайға ауа көше бастады. Жалпы саны 400 мыңға дейін қазақтар мен қырғыздар сырттан пана іздеуге мәжбүр болды.
Қазақстан халқы құрамында маңызды әлеуметтік-демографиялық өзгерістер 1926—1940жж. индустриалдық дамумен байланысты болды. Қазақстанда бұл кезде 81 қала мен қала типтес поселкелер бар болатын. Ал бұған дейін, 1926ж. олардың саны 44 қана еді. Осы уақыт ішінде қала халқының үлес салмағы 8,2%-тен 27,7% дейін өсті. 20 жылдардың алғашқы жартысында-ақ байқалған эмигранттардың Қазақстанға ағылуы елдің өндіріс орталықтарындағы жұмыссыздыққа байланысты бұл жылдары да өсе түсті. Жоспарлы қоныстандыру болмағанымен индустриялдық салаларға жұмысшы күштерін тартуды ұйымдастыру қолға алынып, бұл саладағы жұмысшылар саны 1931—1949жж. 559 мың адамға жетті.
1928—1939жж. Қазақстан қалаларының эмиграция есебінен механикалық өсуі 1,8млн. адамнан асты, олардың шамамен 115, мыңдайы, яғни 57,6%-і тұрғылықты орнығып алды. Олар негізінен орыстар, украиндар, беларустар және басқа да ұлт өкілдері еді. Осыған байланысты 1939ж. орыстардың республиканың қалалық тұрғындарының құрамындағы үлес салмағы 1926ж. 53,7%-тен 57,7%-ке жетті, қазақтар мұндағы тұрғындардың бар-жоғы 21,9%-ін құрады.
Қазақстанға ағылған бұл қуатты эмиграциялық яғын, сондай-ақ кейбір деректер бойынша 1931—1933жж. 1,5 млн.-нан 3млн.-ға дейіні аштықтан қырғынға ұшыраған қазақтар санының бірден кемуі жергілікті халықтың үлес салмағының 1926ж. 57,6%-тен 1939ж. 38%-ке дейін төмендеуіне әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде қазақтар өз атамекендерінде аз ұлтқа айналды. Орыстардың үлес салмағы 1926—1939жж. 20,9%-тен 40,2%-ке көтерілді.
1930—1931жж. Қазақстан аумағы елдің басқа аудандарының ондаған мың шаруалары үшін “кулактық айдауға” айналды. ОГПУ дың ГУЛАГ-қа арнайы қоныстандырылғандар жөніндегі бөлімінің деректері бойынша республикаға 40091 отбасы немесе 180015 адам көшірілген. Олар Төменгі және Орта Волгадан, Орталық-қаратопырақты облыстан, Нижний Новгород өлкесінен, Мәскеу облысынан, Орта Азия мен Заковказьеден келген шаруалар еді. Әртүрлі халықтар өкілдерінің судай ағылуы Қазақстанның ұлттық құрылымын бірден өзгертіп жіберді.
Қылмысты сталиндік авантюраның — малшы көшпенділер мен жартылай көшпенділерді күштен отырықшыландырудың-ұжымдастырудың жантүршігерлік нәтижесі — ашаршылық болды. Тарихшы-демографтардың есебі бойынша қазақ халқының 1,7 млн-дайы қырғынға ұшыраған. Республиканың орыс, украин, өзбек, ұйғыр халықтары арасында да ашаршылық құрбандары көп болды. 1 млн-нен астам адам Қазақстаннан тысқары, оның ішінде шет елдерге (Ауғаныстан, Иран, Қытай) де босып кетті.
Соғысқа дейінгі жылдары республика сталинизмнің құғындау саясатының плацдармына айналды. Мұнда солтүстік облыстарға қоныстанған немістер, поляктар жер аударылды. Соғыс кезінде Қазақстанға 532,5 мың эвакуацияланған, 102,5 жер аударылған поляктар 420 мыңнан астам, құғынға ұшыраған немістер, 507 мың Солтүстік Кавказ, Қырым мен Поволжье тұрғындары орналастырылды. Сондай-ақ корейлер қоныстандырылды.
Корей және неміс халықтарының тағдырына зер сала отырып, көп халықтық Қазақстанға қоныс аударылу тарихына көз жүгіртуге болады. 1904-1905жж.жүздеген корейлер басқа да сарыжүзділердің құрамында патша үкіметінің ұйғарымымен сол жылдардағы құжаттарда айтылғандай, ойпары бұзық тұлғаларға ескерту түрінде Қиыр Шығыстан Ресейдің алыс аудандарында полицияның қарауына күштеп көшіріледі. Оларды Томскге, Пермге, Пензаға басқа да Қазақстанмен шектесетін қалалар мен губернияларға қоныстандырды,сондай-ақ оларды Қазақстан арқылы өтетін Транссібір темір жолымен тасыды. Содан да олардың біразы Қазақстанда орнығып қалды. Корейлердің Далалы өлкеге келуі туралы деректі Қазақстанның Орталық мемлекеттік архивіндегі құжаттар да растайды. Екі халықтың тарихи байланыстары уақыт ағымымен және бастарынан кешкен саяси процестер көлемімен айқындала түсті. Өткен ғасырдың (орысшасында “біздің ғасырымыздың”) 20 жылдарында күріш өсіруді дамытуға байланысты корейлердің өз еркімен ұйымдасқан түрде Қазақстанға көшірілуі орын алды. Таяу Шығыстан жаппай күштеп көшірілген корейлер Арал теңізі маңына көшірілді. 1937ж. корейлер таяу шығыстың және Кеңес мемлекетінің Азиялық Тынық мұхиттың аймағындағы ең глобальды саяси объектісіне айналды. Олардың Қазақстан мен Орта Азия жаппай жер аударылуындағы, қойған кінәсі жапондық шпионаж саясаты деп көрсетті. Өзінің этникалық қажеттілігі ұжымдық жауапкершілік принципі бойынша, корейлер “елес эшелондармен ” белгісіз бағыттарға жіберілді. Солай, корейлер үшін Қазақстан екінші отанына айналды. Жалпы сан бойынша Қазақстанға 90 эшелон, оның ішінде тірі қалған 20789 жанул, яғни 98454 корейлер жеткізілді. Олардың алдағы тағдыры қазақ халқының тарихымен бірігіп жатты. 62 жыл уақыт ішінде Қазақстандағы корей этносының саны көбейді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртістер, творчество адамдары, саяси қызметкерлер мен саясаткерлер, өндіріс басшылары жоғары дәрежелі мамандар шықты.
Жергілікті халықты туған жерінен жер аудару салты Ресей тарихында XVIғ. Басталады. Бұл әсіресе неміс халықтарына тікелей байланысты. ХХғ. Сібір мен Қазақстанға 1 млн. артық неміс халқы жер аударылды. ХІХғ. Мен ХХғ. Басында Қазақстанда неміс колониялары құрыла бастайды. 30ж. басынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатына байланысты неміс этносын жаппай жер аудару басталды. 30ж. ортасында Қазақстанда неміс халқының саны 51102 адам болды. 1936ж. Қазақстандағы неміс этносының Украина КСР шекаралас Польшадан келуінен үлесі ұлғайды. НКВД-ның мәліметі бойынша Украинадан 15 мың шаруа шаруашылықтарын немесе 45 мың адам көшірілуі тиіс болды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған бұл акцияның қорытындысы нәтижесіз болды. Тарихи фактілердің мәлімдеуі бойынша Қазақстанға немістердің көшірілу Кеңес өкіметінде 1941ж. жағдайға дейін қолданылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының “Поволжье аудандарында тұратын немістерді көшіру туралы” №21-160 бұйрығы бойынша, бір түн ішінде Поволжьедегі неміс АССР жойылды. 1941ж. күзінде 1 млн. 120 мың. Неміс депортацияға ұшырады. Соның ішінде 420 мың адам Қазақстанға көшірілді. Тарихтың көрсетуі бойынша тоталитарлық тәртіптің барлық қиындығына қарамастан, неміс халқы өзінің екінші отанының патриоты бола білді. Қазақстанға келген немістер қазақ халқының тілін, мәдениетін салт-дәстүрі мен тұрмыс салтына құрметпен қарады және өздерінің жоғары мәдениеттілігін байқатты.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде республикадағы адам шығыны шамамен 410 мың адам болды. Майданға аттанғандардың әрібір үшеуі болды. 1941—1950жж. аралығында республика тұрғындарының санының көбеюі ұлғайған жоқ.
1951—1960жж. тың және тыңайған жерлерді игеру, Қазақстан тұрғындарына өз ізін қалдырды. 1956ж. санақ бойынша тұрғылықты халық көп ұлтты сипат алды. Кеңес мемлекетінің ұлттық саясаты мен ұлтаралық қатынастары сол кезеңде негізгі орын алды. Барлық ұлттық қатынастарды тек интернационалдық тәрбие жұмысы арқылы жөндеуге болады деп есептелінді. Бұл “Тәрбие” бағыты шындық өмірден алшақ тұрды. Мәселен, ұлттық мүдде, ұлттық дәстүр және ұлттық психология кемсітушілік қатынастар білдірді. Көп арада ұлттық саясат пен интернационализм идеясын насихаттау теңдігін қатар қойды. КСРО басшылары ұлттық қатынастарды идеалды түрде көрсетуге тырысты. “Кемелденген” социализм кезеңінде ұлттық қатынастары мәселесі шешілуден гөрі, тереңірек дамып отырды. Өзін-өзі билеу құқығы толығымен ұмытылды.
Қаралып отырған дәуірді интеграционализм түсінігі жаттанды идеологиялық құр-сауда болды. Ұлттық проблеманың бәрін тек тнтернационалдық тәрбиесінің жақсарту арқылы шешуге болады деп пайымдады.
Мәдениетті дамытудағы табыстарға қарамай рухани қайта түлету мәселесі көлеңкеде қалып қойды. Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70—80жж. ұлттық салт-санадан гөрі Кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлт республикаларында қоғамдық-саяси өмірде евроцентризм басым болды. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау процессі жүрді, мұның өзі социалистік республикалардың ұлттық мемлекеттік, мемлекеттік егемендік және аймақтық тұтастық құқықтарын мойындамауға алып келді. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің барлық қабаттары жауылып тасталды.
Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеліп соқты. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік оның екеуіне бірдей қараған жоқ. Қазақ тілі оның толығымен өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндетінің 10-ны ғана атқарды.
1990ж. мемлекеттік егемендік туралы декларация мен Жоғарғы Кеңестің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” (1991ж) конституциялық заңы көпұлтты мемлекет түсінушілік кезеңін байқатты.
“Тәуелсіздік туралы Заңда (6 бап) Республикада тұратын барлық ұлттың азаматтары топтастыру мен олардың достығын нығайту, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілігі мен ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауы негізге алынды”. 16 желтоқсан — Республика күні — ұлттық мейрам болып саналады.
Қазақстан көп ұлтты және ұлттық-патриотты мемлекет, оның аймағында негізгі құрамы қазақтар мен орыстардан туратын жүзден астам басқа ұлт өкілдері тұрады. Президент Н.Ә.Назарбаев “Это единственная республика, в которой коренное население, хотя и представляет самую большую группу, но не является большинством”.
Қазақ халқының этномәдениетінің қайта жаңару, жергілікті басқа ұлт өкілдерінің ұлттық намысы мен құқығына еш шек келтірмейді. Мысалы, “Мемлекеттік тіл туралы заң” бұрынғы КСРО республикалары ішіндегі ең демократиялық заң актілерінің бірі болды.
Қазақстанның саяси структурасы халықтар достығы негізінде демократиялық, яғни құқықтық азаматтық қоғам құру болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет