Жігіттергесұрақ: кейстегі жігіттің
қайсысының мінез-құлқының моделі сізге жақын және неге?
Барлығына сұрақ: қарастырылған мысалдардың қайсысында ең үлкен өмірлік жайлылық бар деп айтуға болады?
3 тапсырмаЗерттеужұмысы Таныстарыңыздың ішінен өмірлік жайлылық сезіміне қол жеткізген үш адамды таңдаңыз. Қаржылық жауапкершілік пен жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар арасындағы тепе- теңдікті қалай табуға болатындығын анықтаңыз. Зерттеудің әрбір қатысушысымен сұхбат нәтижелерін оның өмірлік жайлылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жеке формуласы түрінде ресімдеңіз.
Рефлексия:
Сіз қалта шығындарын жеке табыс деп санайсыз ба? Өз ұстанымыңызды түсіндіріңіз.
Қалтадағы ақшадан жасалған жинақтарды пайдаланып ірі сатып Алуды іске асыруға бола ма?
«Өмірлік жайлылық» сөз тіркесі сіз үшін нені білдіреді?
«Шығыстар баптары», «шығыстар түрлері», «шығыстарды жоспарлау»,
«шығыстар бюджеті»ұғымдарын түсіндіру.
Білім алушыда отбасының шығындары неден тұратыны, қандай түрлері бар және оларды қалай жоспарлау керектігі туралы кешенді түсінік қалыптастыру.
Шығындарды жоспарлау дағдыларын дамыту.
Жеке және отбасылық шығындарды жоспарлаудың қаржылық мәдениетін тәрбиелеу.
Шығындарды жоспарлауда шығармашылық ойлауды дамыту. Шығындарды жоспарлауда эмоционалды интеллектіні дамыту.
Проблемалық сұрақ. «Сараң екі рет төлейді» деген ағылшын мақал-мәтелін қалай түсінесіз? Сіздің пікіріңіз мақал-мәтелде айтылған идеямен сәйкес келе ме? Бұл біздің
сабағымыздың тақырыбымен қалай байланысты?
Сұраққа жауап береді
Презентация
Сабақтың барысы
тапсырма
Пікірталас. Сізге таңдау ұсынылды деп елестетіп көріңіз: ертең арзан ноутбук сатып алу немесе жоғары техникалық сипаттамалары бар ойын ноутбугын, бірақ алты айдан кейін ғана (ірі сатып алуларға кейінге қалдырылған жинақтардан). Сіз қандай нұсқаны таңдайсыз және неге?