Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет4/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Көркем шығарма – 
көп қабаттан құралатын күрделі құбылыс. Автордың 
дүниетанымы, ой-қиялы, өмірлік тәжірибесі, тілдік қабілеті арқылы жүзеге 
асқан идеясының арқасында көркем шығарма оқырман жүрегіне жетеді.
 
Лексикалық ая – 
адамның тіл арқылы жанама қызметіне қатыспайтын 
сөз мазмұнының құрамдас бөліктері.
Лингвокогнитивтік деңгей – 
тұлғаның интеллектуалдық аясын қамтып 
зерттеушіге тіл арқылы, сөйлеу және түсінілім процестері арқылы адамның 
біліміне, санасына, таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді.
 
Мәтін
автордың ойын объективтеу, оның шығармашылық түпниетін 
жарыққа шығару, Адам мен оның әлемі жөніндегі білімдерін жеткізу үшін, 
аталмыш ұғым-түсініктерін автор санасынан сыртқа шығарып, өзге адамдардың 
да игілігіне айналдыру мақсатымен жасалады.
 
Метафора мен метонимия
– семантикалық деривацияның арнайы 
тәсілдері; поэтикалық мәтіннің лингвосемиотикалық қырын танытатын 
лингвокогнитивтік құралдар. 
Нарратор – 
көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны баяндау 
қызметтері бөлінген тұлға.
 
Оқырман
– әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы 
тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын 
алатыны оқырманға байланысты.
Парадигма
– англ. 
paradigm
, фр. 
paradigme
, нем. 
Paradigma,
йог. 
paradigma.
1. Белгілі бір сөз табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын 
флективтік өзгерістер жиынтығы. 2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді 
түрлендіру формаларының жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз 
формаларының жиынтығы. 
Парадигматика
– таңбаны басқа таңбалардың көптігіне жатқызуға негіз 
болатын байланыстар, кейін таңба сөзжұмсамда қолданылу үшін осы көптіктен 
шығарылып, іріктеліп алынады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет