Үй жұмысы:
3 2 1 активаторы:
3.Ақпарат білдім. Құжат туралы түсінік – «құжат» латын сөзі «куәлік», дәлелдеу дегенді білдіреді. Материалдық жеткізуші - қағаз, негатив, фото, сурет, үн, бейнетаспа, дискета, сызба, т.б. Ақпарат - субъект, зат, құбылыс, оқиға, фактілер туралы расталған мәлімет. Ақпарат әр түрлі: техникалық, технологиялық, ғылыми, медициналық т.б. Басқарма іс - әрекеті ырғақты дұрыс жұмыс істеу үшін, ақпарат толық, нақты, жеткілікті болу керек. Құжаттау және құжаттау жүйесі осы ақпараттарды белгілі бір бекітілген тәртіппен материалдық жеткізушіде жазу «құжаттау» деп аталады. Құжаттау жүйесі қызмет ету аясына рәсімделу талаптарына, шығу тегі мен түріне т.б. ұқсастық не айырмашылық белгілеріне қарай өзара байланысты құжаттар жиынтығын айтамыз.
2. Ақпарат түсіндім.
Құжаттау жүйесінің мақсаты басқарма іс - әрекетін жетілдіру, құажаттың сапасын арттыру, құжатпен жұмыс істеудің біріңғай жүйесін негізгі бағыттары:
Құжаттарды унификациялау- құжаттарды бір ізге қалыптастыру.
Стандарттау құжат жұмысында стандарттарды белгілеу және қолдану процесі.
Стандарт - құзырлы мекемелер бекіткен нормалар, талаптар, ережелер белгіленген нормативтік техникалық құжат.
Құжат функциялары және құжаттау тәсілдері.
Құжаттың қасиеттері.
1. Ақпаратты қолданамын. Құжаттың негізгі екі функциясы бар:
1. Жалпы функция - құжаттың мақсатты белгіленуі, яғни жалпы қызмет ету аясы.
а) ақпараттық функция - өткенге шолу, ағындағы және келешектегі іс әрекеттерді бекіту қажеттілігінен туындайтын қызметі.
ә) әлеуметтік функция - құжаттың әлеуметік қатынастарға ықпал ете отырып, әлеуметтік процестерді дамытатын немесе тежейтін қызметі.
б) қатынастық функция – құжаттың қоғам мүшелері арасындағы ақпараттық жеткізілуін орындайтын қызметі. Ол екі түрлі бағытта айқындалады:
1. бір бағытқа ғана бағытталған құжаттар (бұйрық, шешім, заң, жарлықтар, нұсқау, баяндау, өкім т.б.).
2. екі жақты іс - әрекет құжаттары (қызмет хаттар, келісім шарт, келісім қағаздар т.б.).
в) құжаттың мәдени функциясы – құжаттың қоғамда қабылданған әдет – ғұрыптарды, эстетикалық, этикалық нормаларды сақтау және бере білу қызметі.
2. Арнаулы функция – үш түрі бар:
а) басқару функциясы – құжаттың басқару процесін әр түрлі ақпараттармен қамтамасыз ету қызметі.
ә) құқықтық функция – құқықтық нормалар мен құқық бұзушылық әрекеттеріне өзгерістер бекітетін қызметі.