Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері



бет10/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Иммунологиялық қорғаныс - плацента ұрыққа қол жеткізгеннен кейін оны басқа объект деп санайтын және одан құтылуға тырысатын ананың иммундық жасушаларын кешіктіреді. Сонымен қатар, плацента ұрықтың инфекциялардан қорғау үшін аналық антиденелерді өткізеді;

  • гормондардың синтезі - плацента эндокринді бездің рөлін атқарады, гКГ гормондарын синтездейді, пролактин, плаценттік лактоген және тағы басқалар. Олар әдеттегі жүктіліктің және ұрықтың дамуының қалыпты жағдайында қажет.

    Амнион құрылысы мен қызметі.

    Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр жасушаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.

    Қағанақ (гр. funiculus amnion — сулы қабық, амнион) - эмбриональдық даму кезеңінде ұрықты қаптап жатқан сулы қабық. Қағанақ ұрық денесімен кіндік арқылы байланысып, өзінен сұйық бөлу арқылы ұрықтың айналасында, оның дамуына қолайлы сулы орта түзіп, оны әртүрлі механикалық әсерлерден қорғап, қорғаныс қызметін атқарумен қатар, ұрықты кеуіп кетуден сақтап, оның қоректенуін қамтамасыз етеді.

    Қағанақ суы немесе амниотикалық сұйықтық ұрықты қоршап жатқан биологиялық орта. Жүктілік ағымында қағанақ суы түрлі функционалдық қызмет жасайды, ана-плацентаұрық жүйесінің дұрыс жұмысын қалыптастырады. Қағанақ суының мөлшері жүктілік мерзіміне байланысты, мөлшері бірқалыпты емес. Мысалы: жүктіліктің 10-аптасында қағанақ суының мөлшері – 30 мл, 13-14 аптада – 100мл т.б. Қағанақ суының алмасуы амнион, хорион және параплацентарлық жол арқылы болады.

    Жүктіліктің басында қағанақ суы – түссіз, мөлдір сұйықтық, жүктілік барысында оның түсі, қасиеті өзгереді; ұрық терісінің май бездерінің бөлінділері, эпителийдің қабыршықтары қағанақ суына түседі,осының салдарынан оның түсі былғанады. Қағанақ суының құрамы: белок, май, микро,макроэлементтер, қант, көміртегі, гормондар, ферменттер кіреді; қан ұюына әсер ететін факторларда бар: тромбопластин, фибринолизин және Х,ХІІІ факорлар, сонымен қатар, қағанақ суының коагуляциялық қасиеті де бар.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет