Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері



бет6/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Зат алмасу жүйесі. Жүктілік кезінде зат алмасудың барлық түрі едәуір өзгеріске түседі. Негізгі алмасу жүктілік мерзімінің соңына қарай және босану кезінде артады. Ақуызды алмасу. Жүктілік кезіндегі ақуызды алмасу әлі жеткілікті түрде зерттелмеген. Дегенмен, жүкті әйелдің ағзасында жатырдың, сүт бездерінің өсуіне, ұрықтың құрылуына байланысты ақуызды заттардың жиналуына қарамай, жүктіліктің соңына қарай қалдықты азот санының артпайтыны, ал зәрдің аз бөлінетіні белгілі. Сірә, ақуыз қор ретінде жиналады да, босану кезінде және төспен тамақтандыру барысында жұмсалады. Көмірсу алмасуы.  Глюкоза ұрық пен ананың энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін негізгі материал болып табылады, жүктілік кезінде оның шығыны артады, соған байланысты глюкоза қажеттілігі де артады. Бірақ, көмірсуларды мөлшерден тыс қолданған кезде жүктілердің зәрінде кейде қант пайда болады. Дұрыс тамақтану арқылы бұдан арылуға болады. Липидті алмасу. Жүктілік қанда, бүйрек безінде, плацента, сүт бездері, тері асты клетчаткаларында майдың жиналуына әкеледі. Липидтер ана мен ұрық ағзасының ұлпаларының құрылуына жұмсалады, ал бейтарап май энергетикалық материал болып табылады. Жүкті әйелдің тамақтануының бұзылуы кезінде ( майды мөлшерден тыс тұтыну ) майлардың қорытылу процесі бұзылуы мүмкін, оның салдары жүкті әйелдің және ұрықтың артық салмақтығына әкеліп соғады. Минералды алмасу.   Жүкті әйелдің ағзасында көптеген неорганикалық заттардың (фосфор, кальций тұзы, темір, калий, натрий, магний, т.б.) кідіруі және жиналуы болады. Фосфор жүйке және сүйек жүйесінің құрылуына, темір гемоглобин үшін қажетті және бүйрек пен көк бауырда жиналады. Жүкті әйелдің ағзасында темір жеткіліксіз болған жағдайда, қаназдық дамиды, ұрықтың дамуы Жүкті әйелдерде зәрдің, одан кейін хлорлы натрийдің бөлінуі баяулайды, ал оның ағзада жиналуы судың бөгелуіне және ісінуге әкеліп соғады. Бұл құбылыстар жүктіліктің ІІ жартысында көбірек байқалады.

Дәрумендер. Дәрумендерді қажет ету жүктілік кезінде қатты өседі. С дәруменінің тәуліктік қажеттілігі 2-3 есеге, А дәруменінің қажеттілігі – 2 есеге ( ол ұрықтың өсуіне қатысады ) өседі. В дәрумені жүйке жүйесінің құрылуы мен ферментативті процестерге қатысады, D дәрумені ұрық қаңқасының толыққанды дамуына қажетті. Өте маңызды дәрумендерінің бірі - Е дәрумені. Ол жеткіліксіз болған жағдайда плацента некроттық өзгерістерге ұшырайды және ұрық өледі. Жүктілік мерзімі бойында, әсіресе соңғы айларында, дене салмағы өседі. Жүктіліктің ІІ жартысында дене салмағы аптасына 300-350 г қосып отырады. Жүктіліктің соңында әйел 8-10 кг салмақ қосады. Жүкті әйелдің дене салмағының өсуі бірқатар себептерге байланысты : ұрықтың өсуі, қағанақ суларының жиналуы, жатырдың өсуі, жүкті әйелдің теріасты майлы қабаттың және қан мөлшерінің өсуі. Жүктілік кезінде ана ағзасының белгілі бір   иммунды қайта құрылуы   жүреді. Иммунды жүйедегі маңызды өзгерістер ұрықтану процесінде және ұрықты жұмыртқаның имплантациясы кезінде-ақ басталады. Әйел ағзасының иммунологиялық жүйесі жаңа туған нәрестені өмірінің алғашқы күндерінде жұқпалардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір өзгерістерден өтеді. Жүктіліктің асқынған ағымында әйел ағзасының бейімделу механизмі бұзылып, иммунды жүйеде жүктілік ағымының жайсыз көрсеткіштерінің бірі болуы мүмкін өзгерістер жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет