Тері қабаты. Жүкті әйелдің тері қабатында кейде белгілі бір өзгерістер байқалуы мүмкін. Іштің ақ сызығы бойында, төс ұшында және төс ұшы маңындағы дөңгелектерде күшейген қара қоңыр түсті пигменттену байқалуы мүмкін. Пигментті дақтар бетте де болуы мүмкін. Бұл бүйрек безінің ұлғайған қызметімен байланысты. Механикалық созылу әсерінен жүкті әйелдердің іш терісінде, сүт бездерінде, сандарында қызғылт-қызыл сызықтар түзіледі, ал босанудан кейін олар түссізденіп кетеді. Бұл жүктілік тыртықтары.