Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері



бет3/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Эндокриндік жүйе. Жүктіліктің басталуы мен қалыпты ағымына қажетті жағдайларды туғызуда ішкі секреция бездері үлкен үлес қосады. Жүктіліктің басында аналық жұмыртқада жаңа без – сары дене жұмыс істей бастайды, ол прогестерон гормонын бөлу арқылы имплантацияны және плацентаның қалыптасуына дейінгі (10-16 апта ) жүктіліктің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді. Одан әрі ол біртіндеп сорылады және жүктіліктің 16 аптасына қарай гормональді қызмет толығымен фетоплацентарлы кешенге көшеді. Плацента ұрық пе ана ағзасындағы байланысты жүзеге асыратын жаңа мүше болып табылады. Ол өте маңызды және басқа түрлі де қызметтерді, соның ішінде эндокринді қызметті де қамтамасыз етеді. Онда хориалды гонадотропин, эстрогендер, плацентарлы лактоген, прогестерон және басқа гормондар мен биологиялық белсенді заттар түзіледі. Жүкті әйел ағзасындағы гормондардың сандық арасалмағы жүктілік мерзіміне қарай ауысып отырады. Айталық, жүктілік кезінде жатырдың өсуі мен дамуына, оның қозбаушылығына жағдай жасайтын прогестиндер саны артық болатын болса, жүктілік мерзімінің соңына қарай эстрогенді гормондар құрамы өсіп, жатырдың қозғыштығы артады. Гипофиздің   алдынғы бөлігі сары дененің қызметін ынталандыратын гонадотропты гормондарды өндіреді. Осымен қатар, онда сүт бездерінің, қалқанша бездің қызметін, бүйрек безі мен өсу гормондарын ынталандыратын гормондар өндіріледі. Гипоталамуста өндірілетін окситоцин жатырдың қысқару әрекетіне жағдай жасайды. Қалқанша без   өзінің әрекетін жүктіліктің ІІ жартысында төмендетеді, ал ол болса зат алмасуға әсер етеді. Парақалқанша бездер   жүктілік кезінде артатын кальций алмасуға әсер етеді, себебі кальций ұрықтың құрылымына кетіп отырады. Бүйрек бездері ақуызды, көмірсу және минералды алмасуды реттейтін гормондардың түзілуін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет