Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері



бет5/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Жүрек қан-тамыр жүйесі. Әдетте жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне үлкен талап қойылады. Жүктілік кезінде ауыр салмақ түсудің нәтижесінде сол жақ жүрек қарыншасы шамалы ұлғаяды, жүректің минуттық көлемі артады. Тамыр соғуы жиілейді. Диафрагманың биік тұруынан жүрек көтеріліп, соның салдарынан жүктіліктің ақырғы кешенінде жүрек көлденең жағдайда болады. Ірі тамырлардың иілуінің әсерінен аздап систола шуылы естіледі. Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсудің себебі неде? Бұл – қан көлемінің шамамаен 30-70% ұлғаюы, жаңадан қан айналасының пайда болуы, жатыр көлемінің ұлғаюы, ондағы қан айналасының күшті дамуы. Жүктілік кезінде тотығу процестері күшейіп, соның салдарынан оттегінің қажеттілігі 10-15% артады. Оттегін пайдалану – оның келуінен артып кеткен жағдайда, оттегі жеткіліксіздігі туады. Жүктіліктің 10-11-апталарында жүректің минуттық көлемі өсіп, оның шекарасы үлкейеді, сөйтіп жүрек тұсында ерекше шуыл естіледі. Бұны көбіне дәрігерлер жүрек ақауы деп ұғынады. Бұл ­ негізсіз анықтама. Бұл жағдайда әйелдің электрокардиограммасы қалыпты жағдайда қалады. Жүрек қарыншасынан өкпе артериясына және қолқаға құйылатын қанның мөлшері 30-50% шамасында өседі және ол өзінің жоғарғы шегіне жүктіліктің 32-жұмасында жетеді. Сондықтан бұл мерзімде жүрекке үлкен салмақ түседі, осыған байланысты жүкті әйелдерді босану үйіне жатқызу керек.

Қалыпты жағдайда жүктілердің қан қысымының жоғарғы шегі с.б.б. 135/85 мм деп есептеледі, бірақ жүктілікке дейінгі және оның алғашқы мерзіміндегі қан қысымын ескеру қажет. Ал жүктілердің 70% қан қысымы с.б.б. 130 мм аспайды. Екі қолдағы қан қысымының айырмашылығы с.б.б. 5-10 мм аспауы керек. Егер бұдан артық не кем болса, ол жүктілік гестозына икемділігін көрсетеді. Қалыпты жағдайда тамырдың соғу қысымы с.б.б. 40-50 мм тең. Жүктілік кезінде қанның сандық және сапалық құрамы өзгереді. Орта есеппен плазманың мөлшері 1-2-3 мл дейін көбейеді, осының нәтижесінде веналық гемотакрит өзгереді. Әдетте әйелдерде ол 39-41%, жүктілік кезінде 32-36% болады. Жалпы белок пен қанның қызыл түйіршіктер гемоглобині төмендейді. Жүктілік мезгілінде НВ –120 г/л төмен болмауы керек. Қанның қызыл түйіршіктері 35-48 х 10 12 л; эритроциттің тұну жылдамдығы 20-45 мм/с; қанның ақ түйіршіктері –10,5 х 109 л; және одан жоғарғы 3,2 –4,4 г/л аралығында өседі. Жүкті әйелдердің дәм сезімдері өзгеріп, тамақ талғайды. Мысалы, бал, май, тұзды, қышқыл тағамдарға әуес келеді. Ішек-қарын жұмысы төмендеп, үлкен дәретке отыру сиректейді. Бұл жағдай вегетативтік жүйкенің өзгерістеріне байланысты болса керек. Бауыр ­ ағзаның лабораториясы, өте маңызды ағза. Жүктілік кезінде бауыр аурулары өте ауыр ағымда өтеді, тіпті сарғаю да байқалады. Ол нақтылы аурудың белгісі, сондықтан оларды дер кезінде ауруханаға жатқызу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет