Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері


Плацента  (бала жолдасы )



бет4/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Плацента  (бала жолдасы ) - жаңа қосымша ішкі секреция безі, ол ана қанына күрделі гармондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарады. Жүктіліктің ерте мезгілінде-ақ қанға көп мөлшерде хориональды гонодотропин бөліп шығарады. Ол сүт бездерінің өсуіне, қалқанша бездер қызметінің күшеюіне себеп болады. Екінші белокты гормон ­ плацентарлық лактоген ­ белсенді иммунологиялық қасиеті бар өсу гормоны. Лактоген сүт бездерінің өсуіне әсерін тигізеді, жүктілік кезінде біртіндеп өсіп, 37- 38-ші апталарында мөлшері жоғарылайды. Сонымен қатар плацента стероидты гормондардың түзілуіне қатысады. Гормондар түзілу процесінде плацентаның қатысуы оның өте белсенді қасиетіне байланысты. Плацентаның өзіне тән ферменттік жүйесі бар. Бірақ ұрық пен плацентаның ферменттік жүйелері әртүрлі. Жүктілік кезінде эстрогендердің өнімі едәуір артады. Олардың үш фракциясы бар - эстрадиол, эстрон, эстриол. Әсіресе эстриол фракциясы әжептәуір көбейеді. Эстрогеннің зәрдегі тәуліктік мөлшері – ұрық ­ плацента жүйесі қызметінің көрсеткіші болып табылады. Прогестерон жүктілік кезінде аналық бездегі сары денеден шығып, мөлшері көбейеді. Ал 14-16 апта мезгілінде оның қажеттілігін бала жолдасы дамытады. Эстрогендік гормондар жыныс мүшелеріндегі барлық морфологиялық элементтердің өсіп-өнуін күшейтеді. Әсіресе жатырға күшті әсерін тигізіп, оны жігерлендіріп, оның қан айналысын жақсартады. Жүктілік кезінде жатырдың салмағы 50-100 г дейін, көлемі 520-550 есе өседі, ал жатыр қуысының аумағы 940 см 2 -қа жетеді. Жатыр етінің талшықтары ұзынынан 10 есе, қалындығы 5 есе ұлғаяды. Тамыр жүйелері де үлкен өзгеріске ұшырап, жүктіліктің соңғы мерзімінде жатырдағы тамыр жүйелерінің көлемі 600-800 мл- ге теңеледі. Сөйтіп өзіне тән жаңа қан айналасын түзеді. Бұл өзгерістердің 6-7 см 36-37 см- ге дейін, ал көлденеңі 3-4 см 25-26 см- ге дейін өседі. Сонымен қатар сыртқы жыныс мүшелері мен жамбас қуысының түбі де көпсіп, ұлғаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет