Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері


Плацентаның құрылысы мен қызметі



бет8/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Плацентаның құрылысы мен қызметі.

Плацента - бұл ана мен ұрықты байланыстыратын уақытша орган. Жатырдың шырышты қабығында, әдетте артқы қабырғасында орналасады, бірақ оның жағдайы өзгеруі мүмкін. Бала туғаннан кейін, плацента бірнеше минуттан соң кейін кетеді.

Бала жолдасы, плацента (латын placenta, грек. plakus — жалпақ) — ұрықты ана организмімен байланыстыратын орган. Бала жолдасы ұрық дами бастағанда жатырда пайда болады. Ол плацентадан, кіндік баудан және ұрық қабықшасынан тұрады. Плацентаның негізін ағаш сияқты бұтақталған хорион бүрлері құрайды. Әрбір хорион талшығынан майда капиллярлар өтеді. Салмағы 500 — 600 г, диаметрі 15—20 см, қалыңдығы 2—3 см болады. Оның жатырлық және ұрықтық қабаттары бар. Кіндік бау ұрық пен плацентаны байланыстырады, ұзындығы 70—80 см. Ұрық қабықшасы ұрықтың ішкі және бүрлі (хорион) қабықшаларын құрайды. Бала жолдасы арқылы ұрық ана қанынан қоректік зат пен оттек алып, зат алмасу нәтижесінде пайда болған заттар мен көмірқышқыл газды қанға шығарады. Бала жолдасы ұрықтың дамуына қажетті биол. активті заттар түзіп, ішкі секреция бездерінің қызметін де атқарады. Бала жолдасының қалыптасып дамуы жүктіліктің 4—5 айында тоқтайды да, бала айы-күні жетіп туғанда, Бала жолдасы да жатырдан бөлініп, баладан соң түседі. Ананың денсаулығы, тамақтануы, т.б. жағдайларының дұрыс болмауы Бала жолдасының және ұрықтың дамуына әсер етеді

Плацентаның құрылымы

Плацентаның екі беті болады: аналық беті – децидуалды қабықшамен, ұрықтық беті – түкті хорионнан тұрады:

І. Децидуалды қабықша: базалды, капсулалы бөліктерден тұрады.

А) базалды бөлігі плацента құрамына кіреді, ұрықты миометрийден бөліп тұрады.

Ә) капсулады бөлігі: жүктіліктің 18-куні капсулалы бөлік жатыр қуысына енген ұрықпен бірігіп, оны жатыр қуысынан бөліп тұрады.

Б) қабырғалық бөлігі мен децидуалды бөлік бездері қосылған кезде, бұл бөлік кішірейіп айырмашылық жоқ болады.

II. Бүрлі хорион.

Үшінші қатардағы жақсы дамыған бүрлер, етті қабатына қараған жағы – бүрлі хорион құрайды, мұнда капиллярлы тамырлар көп. Бүрлер аналық тінмен қатты байланысып, олардың аралық қатынасын мықтайды. ҚЫЗМЕТІ: жүкті әйел мен ұрық арасындағы зат алмасу 3 ай плацента арқылы пассивті және активті түрде өтеді. Плацента арқылы ұрық организміне стероидты гормондар мен билирубин кеңінен өтеді. Жүктіліктің соңында жетілген плацентаның диаметрі – 20см, салмағы – 400-600 г.

Плацента көптеген қабаттардан тұрады, сондықтан құрылымы плацентаның гистологиялық құрылымы деп аталады. Яғни қабат бойынша қабат деп саналады. Мәселен, ұрықтан анасына плаценттік гистология:


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет