Кіндік бау ұзындығы – 70-80см.
А) кіндік баудың түсуі – кіндіктің қынапқа түсуі салдарынан босану кезінде нәрестенің басы оны жаншып, нәресте асфиксияға ұшырайды.
Ә) кіндік баудың қысқаруы. Тұрақты қысқаруы – ұзындығы 40см-ден кем емес. Тұрақсыз қысқаруы –ұзындығы әдеттегідей,бірақ қысқаруы мойынға немесе денеге оралуынан. Бала жолдасы плацентадан, ұрық қабықшаларынан, кіндік баудан тұрады.
Партнерлық және вертикальді босану.
Серіктестік босану – босанушы әйелдің жақын адамдарының босануға қатысуы. Жәрдем берушінің басты мақсаты – рухани қолдау, денеге түсетін ауыртпашалаққа демеу болу, босанатын адамға қолайлы, жайлы әсер жасау, яғни ол алдын-ала босану процесін біліп, дайындалып келген адам болу керек. Босанушы әйелдің белін, ішін сипап, нүктесі толғақты жансыздандыратын массаждар жасау, әйелдің дұрыс тыныс алуына, жүріп-тұруына, суын, тамақ ішуіне көмектеседі.
Босанушы әйел босанудың І кезеңінде, яғни толғатып жүргенде қандай қалыпта өзінің жақсы сезінетін позасын өзі таңдайды. Оның допқа секіруіне, серіктесінің демеуімен отыруына, жерге жатуына, тізелеп отыруына болады.
Босанудың ІІ кезеңі күшену басталғанда да әйелдер осы қалыптарда қалуына болады. Олар тұрып, отырып, бір қырынан, жерге жатып та босана алады. Әйел өзіне ыңғайлы қалыпты өзі таңдайды.
Қазіргі уақыттың ерлі-зайыпты отбасы: “Баланы босануды екеуміз шешкен соң, босануға да екеуміз барайық!” – деп ойлайды. Шынында да неге солай істемеуге, дүниеге келетін кішкентай нәресте екеуінің махаббатының жемісі ғой. Сондықтан бұл өмірдің әсерлі, тамаша мезетін (баланың дүниеге келуін) бірге өткізбеске?!
Бүгінгі күні серіктестік босану – қажеттілік. Бұл екі адамның әр минутта, әр ситуацияда бір-бірін қолдауға талпыну.
Серіктестік босану – әйел босанғанда тек күеунің болуы міндет емес, босануға анасы, құрбысы, жақын туыстарының бірі қатысуға құқықты, тек әйелдің босанғанын қарап тұру емес, егер серіктестері солай ойласа, ол қателік. Ондай оймен босануға қатысудың қажеті жоқ.
Серіктестік босану дегеніміз – оның ең маңыздысы серіктес алдын ала дайындалып келіп, боснатын әйел толғатқанда, оған жақсы психологиялық атмосфера ұйымдастыру, оған ыңғайлы жағдайда босануға қолдау көрсетуі қажет.
Серіктестік босануға қатысатын адам босанудың өте жауапты, қатты ауратын моменттері болатын қажет физикалық еңбек екенін білу керек, кейде қорқыныш сезім болу екенін білдірмеуге, оған төзуін не көмектесуі қажет. Босану серіктерінде ауа тамшысы арқылы жұғатын жедел респираторлы аурудың клиникалық көріністері болмау керек, дене температурасы қалыпты болу керек.
Егер күйеуі қаннан қорқатын болса, егер ол әйелінің қиналғанынан қорқатын болса, онда оның босануға қатысуы қателік болады. Акушер оның күйеіне көмектеседі ме, немесе босанушы әйелге көмектеседі ме? Сондықтан, егер күйеуі әйелімен бірге босануға дайындық курсына қатысып, дайындалса, онда ондай әкені босанатын залға жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |