Акушерлік қан кетулер. Жедел көмек көрсету. Мәселенің маңыздылығы


Плацентаның төмен орнығуы (Placenta previa)



бет2/19
Дата12.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#129256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
акуш кров ОМ каз

1. Плацентаның төмен орнығуы (Placenta previa).

2. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы.

3. Жатырдың жыртылуы.

Плацентаның төмен орнығуы (Placenta previa) деп плацентаның жатырдың төменгі сегментінде бекіп, жатыр мойнының ішкі ернеуін жартылай немесе толық жауып тұрғанын айтады. Кездесу жиілігі 0,5-0,8% барлық босану санына. Placenta previa кезінде қан кету басталады: 34% - жүктілік кезінде; 66% - босану барысында.

Жіктелуі: Placenta previa totalis (толық түрі) – жатыр мойнының ішкі ернеуі толығымен плацентамен жабылған және қынап арқылы зерттегенде тек плацентарлық тін анықталады, қағанақ қаптары анықталмайды. Placenta previa portialis (жартылай түрі) - жатыр мойнының ішкі ернеуі жартылай плацентаның жиегімен жабылған және қынап арқылы зерттегенде плацентарлық тін мен қағанақ қаптары анықталады.

Төменгі плацентация - плацентаның жиегі жатыр мойнының ішкі ернеуінен 7 см ден төмен орналасқан, қынап арқылы зерттегенде анықталмайды. Placenta previa жиі қайталап жүкті әйелдерде (75%) кездеседі, алғаш жүктілермен салыстырғанда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет