Қалас жамалов философия



бет16/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Софистерден (гр. сөзі sophia-даналық) грек философиясының рационалистік дәуірі басталады. Б.д.д. V ғасырда арнайы білімді басқаларға ақы алып үйретушілер ретінде қалыптасуына халық жиналыстарында, соттарда айқын, дәлелді сөйлеуге деген сұраныстар себепші болады.
Софистердің басты мақсаты – ақиқатқа жету емес, тыңдаушылардың көзін жеткізуге бағытталған шеберлік. Сондықтан, риторика - шешендік өнері бірінші орынға шығады. Олар объективті ақиқатты жоққа шығарып, ақиқат әр уақытта субъективті дегенді дәріптейді. Басты назарларын адамға және оның таным мүмкіндіктеріне аударады.
Софистер арасындағы кең танымал тұлға - Протагор (б.д.д. 481-411) Протагор егер сотта жеңіске жетсе, оқытқаны үшін ақша төлеуі туралы оқушысы Еватлмен келісімге келеді. Бірақ Еватл асықпайды. Протагор Еватлға: «Мен сені сотқа беремін», - деп қорқытады. Еватл оған: «Келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана төлеймін, мен әлі бір сотта ұтқан жоқпын», - деп жауап береді.
Сонда Протагор: «Егер мен сотта сені ұтсам, онда соттың шешімі бойынша сен төлейсің, егер сен ұтсаң, онда келісім бойынша төлейсің».
Еватл оған: «Егер мен ұтылсам, келісім бойынша төлемеймін, ал егер ұтсам, онда соттың шешімі бойынша төлемеймін».
Осындай софизмдер негізінде Протагор – әр нәрсе жөнінде бір-біріне қарама-қарсы пікірлерді айтуға болады, деген тұжырымға келеді. Ал мәселенің бір жағына шығу керек болса, оның кепілі – адамның өзі. Осыдан софист Протагор уақытында кең танымал болған: Адам - барлық заттың өлшемі, дүниенің барының бар екенін, жоғының жоқтығын көрсетеді, деген пікірін айтады. «Адам - өлшем» дегеніміз, зат маған қандай болып көрінсе, ол - сондай, ал саған керісінше көрінсе, ол саған – сондай. Протагордың айтуынша, бәрі де салыстырмалы, еш жерде соңғы ақиқат, құнды моральдық қағидалар, нормалар т.б. жоқ. Демек, өз пікіріңді дәлелдей біл, айтыста өз ойыңның артықшылығын көрсет, қарсы пікірдің әлсіз жағын табуға талпын.
Адам қарастыратын ақиқаттың бәрі салыстырмалы болса, оларды салыстырып, пайдалысын таңдай біл, оны басқаларға дәлелдеп, көздерін жеткіз. Сонда ғана даналық деңгейге көтерілуге болады, - дейді Протагор.
Софистер дүниенің қайшылығын ақыл-оймен бейнелеу арқылы жасалатын пайымдаудың аумалы-төкпелі, іштей қайшылықты болатынына көз жеткізеді. Логика, риторикада осы уақытқа дейін ғалымдарды ойландыратын проблемаларды көтерді. Мысалы, «Егер алдаушы мен алдадым десе, онда - оның шындықты айтқаны» деген пікірдің шешімі осы уақытқа дейін табылған жоқ деп есептеледі.
Б.д.д. V ғасырдың екінші жартысына дейін философтар қоршаған ортаның, әлемнің мәнін ашуға ұмтылса, софистер философиялық ойды ғаламдық проблемалардан адамның өмірі мәселелеріне бұрды, оны теориялық және практикалықта деңгейде қарастырды. Б.д.д. V ғасырдың аяғынан бастап, бұл тақырып ертедегі грек философы Сократ еңбектерінде үлкен маңыздылықпен көзге түседі.
Сократ (б.д.д.469-339 ж.ж.) философия тарихында үлкен орын алады. Афина қаласының тұрғыны, философы ретінде оның көптеген ізбасарлары, шәкірттері болды. Олардың ішіндегі кең танымал болғаны – Платон, әлемдік философиялық ойдың дамуына үлкен ыкпалын тигізді. Өз өмірінде бірде-бір жазба дерек қалдырмаған Сократ туралы мағлұматтар философия тарихшыларының еңбектері және оның шәкірттері арқылы жетті. Мұның себебі, оның жазба дерекке деген қарым-қатынасында жатыр. Ол жазу өнерін, жазба деректерді заттардың ішкі терең түсінігіне кесірін тигізетін сыртқы, өлі білім, - деп есептеді. Сократ өзінің кітапты жақсы көрмейтінін басып айтатын, өйткені, оларға сұрақ қоюға болмайды,-деп, жанды пікірлесуді мәтіннен өте жоғары қояды.
Сократ түсінігі бойынша, философия – табиғатқа дерексіз ой жүгіртіп қарау емес, қалай өмір сүру керек екені туралы ғылым. Сократ философиясы бәрінен бұрын адамға қатысты.
Оның айтуынша, адамның мәні – оның жан дүниесінде, жаны – оның ойлауға деген қабілеті, парасаты, адамгершілікке негізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті. Адамды дене емес, сана ретінде түсіну, жан дүниесін тәрбиелеу қажет: «Сендер өз денелеріңді немесе байлықты, басқа керек заттарды бірінші ретте ойламаңдар, ең алдымен, өз жан дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріңдер, тазалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады», - дейді. Ол адамды өзін-өзі танушы өнегелі жан иесі деп түсінді.
Адамның мәні оның жанына жинақталған, өйткені дене – жанның қызметшісі. Жанның бағалылығы оның таным мүмкіндігінде. Егер рақымшылдық дегеннің не екенін білмесең, оған шын мәнінде, қалай қол жеткізуді де білмейсің. Ал рақымшылдық адам жанының ұлғайып, өсуі үшін керек деген пікірде болды.
Сократтың ирониясы мен маевтикасы адамның жан дүниесін жетілдірудің жолын көрсетті. Ирония дегеніміз, сұхбат барысында білмеген сияқты болып, талқыланып жатқан мәселе төңірегіндегі қарсылас адамға тұжырымдарының ішкі қайшылығын сұрақтар қою арқылы көрсетіп, ең ақырында оны: «Менің білетінім - ештеңе білмейтінім», - деген ойға әкелу болады.
Маевтика сұхбаттың екінші сатысы. Мұнда жоғарыда талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері таңдалады, дүниеге ақиқат келеді.
Сократ субъективтік диалектика тәсілін жете зерттеді. Оның басты мақсаты – ақиқатка қол жеткізу, орнату. Ақиқатқа сұхбаттасудан алынатын, түсіктердің мазмұнын нақтылауда пайда болатын, адамдардың пікірлеріне бағынышсыз объективтік білім, - деп қарады.
Материалдық әлемге қатынасында агностик, өйткені сыртқы ортаны тану мүмкін емес. Оның орнына адамның жанын түсінуге жол ашық, оны танудың өзіндік философиялық мәні болатынын дәріптеді.
«Өзіңді өзің таны» - Сократ үшін барлық адамдарға ортақ рақымшылдықты табуды білдіреді. Жақсылық пен жамандық шекарасын ажыратқан ол, адамның рақымшыл мінез-құлық ережесінің болатынын дәріптеді. Бақыт пен рақымшылдық бірдей, зұлымдық жақсылықты білмеуден туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет