Қалас жамалов философия



бет19/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
ЭЛЛИН ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ. Рим империясының қалыптасуы, грек және рим мәдениеттерінің қосылуы философиядан өз бейнесін тапты. Бұл тарихи дәуірде ойшылдар этикалық және әлеуметтік саяси мәселелерге баса назар аударады.
Б.д.д. IV ғасырда грек демократиялық құлдық қоғамының саяси еркіндіктерін жоғалтуына әкеліп соқтырған тоқыраудың алғашқы белгілері көрініс табады. Афина қаласы Александр Македонский құрған держава құрамына кірді. Жаулап алушы қайтыс болғаннан кейін бұл мемлекеттің ыдырауы, құлдық қоғам қатынастарынан терең орын алған тоқыраудың одан әрі дамуын тоқтала алған жоқ. Қоғам өміріне терең бойлаған тоқырау ертедегі грек қоғамының рухани өміріне елеулі өзгерістер алып келді.
Қарастырылып отырған тарихи дәуірдің философиялық көзқарастары: эпикурлық, скептиктік, стоиктік, жаңа платоншылдық мектептер мен ағымдардан өз көрнісін тапты.
Скептиктер (грек сөзі skeptikos-қарастырушы, зерттеуші, сынаушы) б.д.д. IV ғасырда философиялық тұжырымдамасы білімнің барлық күшін жариялаған, бүкіл қоршаған әлемнің түсіндірілетінін дәріптеуге бағытталған алдыңғы философиялық құрылымдарға қарсылық есебінде пайда болды. Скептиктер назарларын адам білімінің салыстырмалы болатынына бағыттап, ақиқаттың қандай да болмысын сенімді белгісінің болатындығына күмәнданды. Бір жағынан бұл догмаға негізделген көзкарастарға қарсы күрес қаруы болса, екінші жағынан адамның білуге деген құмарлығын шектеп, керітартпалыққа жол ашты.
Сткептиктік бағыттың негізін қалаушы және көрнекті өкілі Эллададан шыққан Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.) болды. Скептиктер танымның қайсысының да акиқаттығын теріске шығарды. Негізгі ой желісі - байыпты ойлаудан, пікір айтудан өзіңді аулақ ұстау. Эпикур мен стоиктер философиясы үшін табиғаттың заңдары мен құбылыстарын тану, яғни заттарды тану, бақытқа жету жолындағы қажеттіліктен туындаса, скептиктер бұл танымнан шын мәнінде бас тартты. Адам әр уақытта өте сабырлы, байсалдылығын сақтай отырып, бақытқа ұмтылуы керек, - дейді Пирон. Заттардың мәнін тану, ақиқатка қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан ол пікір пайымдаулардан сақтануға шақырды. Мұндай сақтанушылықтың пайдасына күмән келтірілмейді, өйткені ол адам рухына шат-шадымандықтың ең жоғарғы сатысын құрайтын сабырлы қалып, байсалдылықты береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет