Қалас жамалов философия



бет22/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Теоцентристік (гр. сөзі theos – құдай) – барлық ғаламның бастауы мен себебі Құдайға таңылатын әлем түсінігі. Ол ғаламның орталығы, оның белсенді де жасампаз негізі. Теоцентризм таным үдерісіне де таралды, осыған байланысты ғылымның ең жоғарғы сатысына теология – Құдай туралы «ғылым» көтерілді; одан төменірек теологияға қызметші болып жүрген философия; одан да төменірек – әр түрлі жеке қолданбалы ғылымдар орналасты.
Креоционизм (лат. Сrеаtіо – жарату) – Құдай жоқтан өткінші, ауыспалы, шіріген өлі және тірі табиғатты жаратты дегенге сәйкес келетін бағыт.
Провиденциализм (лат. Ргоvіdentіа – құдірет, құдіретті күш) – барлық оқиғалар, соның ішінде тарих пен жеке адамдардың мінез-құлқын құдіретті күш басқарады дегенге сәйкес келетін ой-пікірлер жиынтығы (құдірет, құдіретті күш діни түсінік бойынша Құдай, ең жоғарғы Дараның іс-әрекеті).
Патристика. Ертедегі грек философиясынан орта ғасыр философиясына өту бірнеше ғасырға созылды және ол I-IV ғасырларда Еуропада христиан дінінің қалыптасу уақытына сәйкес келді. Элин дәуірінің философиялық бағыттарымен күресте нығайған христиан діні өз идеологиясының әсерін, соның ішінде бір құдайға сенімді күшейтетін философиялық дәлелдеулерді керек етті. Осындай жағдайда пайда болған патристика (лат. pater–әке) шіркеу әкелерінің, дін иелерінің философиялық көзқарастары жиынтығынан тұрды. Олар христиан дінін ертедегі грек, әсіресе Платон философиясына сүйене отырып дәлелдеуге тырысты.
Патристикадан, әдетте, үш түрлі даму сатысы бөлектенеді: 1) апологетика (ІІ-ІІІ ғ.ғ., гр. ароlogetikos-қорғау), христиандық дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы мен қорғалуында маңызды роль атқарды; 2) классикалық патристика (ІV-V ғ.ғ.), христиан дін ілімдерінің жүйеленуі; 3) христиан діні догмасын қалыптастырған қорытынды кезең (VІ-VШ ғ.ғ.).
Апологетиканың көрнекті өкілдері христиан діні ілімінің орталығы болған Карфагеннен шыққан Тертуллиан және Александриядан шыққан Климент пен Оригендер болды. Олар өз алдарына «христиан дінін оның жауларынан қорғауды ғана емес, сонымен қатар пұтқа табынушыларды жаңа діннің артықшылығымен таныстырып, осы дінге кірулеріне жағдайлар жасауды» міндет етіп қойды [10. 41 б.].
Осы майданда кең танымал болтан христиан дін иесі Тертуллиан (шамамен 160-230 ж.ж.) құдайлық ақиқаттар ақыл–ойға барынша қайшы келген сайын, неғұрлым қол жеткізгісіз және фантастикалық болса, соғұрлым ақиқат болады, деп есептеді. Осымен қатар ол: «Білім христиан дінімен сиыспайды, ал философиялық ақыл-ой әр түрлі дін бұзарлықтың бастамасы. Тек сенім құдайлық ақиқаттың ашылуына, шындыққа жеткізеді»,– дейді.
Христиан діні діни-идеологиялық құрылымға айналған, нығайған сайын оның эллин философиясымен жақындасуы арта түсті. Мұны дін дәріптеушілері христиан дініне тартудың сенімді құралы деп мойындады. Мысалы, Ориген (185-254 ж.ж.) ертедегі философтардың еңбектерін оқып үйренуге шақырып, одан христиандықты қорғайтын, негізін нығайтуға қажетті идеяларды іздестіреді. Құдайдың материалдық еместігін көрсеткен дәлелдерді келтіріп, құдай шексіздік қасиетіне ие болады, денесіздіктің ешқандай шекарасы болуы мүмкін емес, деп пайымдайды.
Платонның мәңгі өлмейтін, материядан бұрын өмір сүрген жандар туралы ілімін қабылдаған Ориген, жанның басқа денеге қайта көшіп–қонатыны туралы идеяны теріске шығарды. Оригеннің ойынша, ең нашар рухтар да Құдайға қайтып келу арқылы, жаңадан қайта қастандық пен қайырымдылық жасау таңдауына ие болады, осылайша олар құтқарылуға шексіз мүмкіндік алады. Әлемнің мәңгі бақилығы туралы идеясы үшін шіркеудің айыптауына ұшыраған Ориген, кейінгі классикалық патристика өкілдеріне елеулі ықпалын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет