Қалас жамалов философия


Флоренциядағы Платон Академиясы



бет33/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Флоренциядағы Платон Академиясы. Қайта өрлеу философиясының дамуында Флоренциядағы Платон Академиясы маңызды роль атқарды. XV ғасырда Флоренцияның рухани өміріне Платон идеяларының енуіне, тарауына, оның философиялық идеяларын дамытқан, осы жерге келген грек-платоншылдардың, әсіресе Гемистия Плетонның үлкен әсері болды. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу заманында Аристотельдің ізін қуушылардың дәйекті сыншысы болған Платон Академиясының мүшелері өздерін «Платонның жанұясы» деп атады және олар әртүрлі сословие мен мамандық иелерінен: дін өкілдері, саясатшылар, өнер қызметкерлері т.б. тұрды.
Антика философиясын өз ілімдерінің теориялық бастауы деп есептеп, пантеизм идеясын, органикалық ғарыш туралы пікірлерін, Реформация ұстанымдарын және дінге деген еріктілікті дәріптеді, дамытты. Платоншылдардың Н. Кузанскийден және басқа философтардан айырмашылығы – жаратылыстың ғылыми түсінігі, табиғат философиясы қызықтырмады, өздерінің ой толғаныстарында гуманитарлық білімдермен шектелді.
Платон Академиясының тарихи маңызы – Н. Кузанскийдің адам туралы ілімін, оның ерікті шығармашылық мәнін абсолюттендіріп, еш нәрсемен шектелмеген антропоцентристік пайымдауларын қисынды жалғастыруында болды.
Платон Академиясының ғылыми еңбектері қызығушылық тудыратын терең ойшылдары Марсилио Фичино, Пико делла Мирандола мен Пьетро Помпонацилер болды.
Марсилио Фичино (1433-1499 ж.ж.) замандастары «екінші Платон» деп атаған, католиктік шіркеу қызметкері, Платонның барлық еңбектерін және жаңа платоншылар шығармаларының басым бөлігін латын тіліне аударған.
М. Фичиноның негізгі еңбектері Қайта өрлеу дәстүрінде өңделген жаңа платоншылар рухында жазылған. Дегенмен, оның шығармалары мазмұны схоластикалық философия идеяларынан толық арыла алмағанын көрсетеді. Схоластика ойшылдары сияқты Фичино дін мен философияның қатынасы туралы сұрақты маңызды теориялық және идеологиялық мәселе деп ерекшелейді. Мұның шешімінде схоластикалық тәсілді игеру арқылы ол, философия дін ілімінің құқықсыз қызметшісі емес, олар тең құқылы қатынас жағдайында болады деген қорытындыға келеді. Осы теориялық негізде Фичино реформация ұстанымдарына жақын, Қайта өрлеу заманының гуманистік дүниетанымдық көзқарастарына тән идеяларды дамытады. Фичино, егер «Құдай табиғаты жағынан қайда да бірдей парасат болса, онда бұл жалпыға ортақ парасатты діндердің бәрінен табуға болады. Сондықтан діндердің барлық өзіндік ерекшеліктерін алып тастап, жалпыға ортақ «Нағыз жаратылыс» дінін жасау керек»,–дейді.
Фичино Н. Кузанскийдің адамның шығармашылық мәні туралы ой желісін дамытады, адамның шығармашылық қабілеті оның әлемді тану мүмкіндігінен және жан-жақты қызметі түрлерінен өз көрінісін табатынын мақұлдайды. Фичиноның таным теориясы – сырттай қарап, пайымдаушы теория, өйткені танымның негізі сұлулықты пайымдау мен сұлулықтан ләззат алу деп есептейді. Пайымдаудың ең жоғарғы сатысы–мистикалық пайымдау, Құдаймен қосылу. Жердегі сұлулыққа қол жеткізу, одан ләззат алу мистикалық пайымдауға қайшы келмейді, керісінше, оған барар жолдағы саты болады. Адамның жігерлі мүмкіндіктері шексіз. Әлемге әмірін жүргізетін адамның шексіз жігерлі мүмкіндіктерін мойындаудан, Фичино адам дегеніміз ерік бостандығына ие болған Құдай, оған бүкіл әлем бағынышты деген ойға келеді. «Жанды және жансыздардың... барлығының үстінен әмірін жүргізетін адам, кейбір жағдайларда Құдай болады. Ол өздері ие болған... басқаратын... тәрбиелейтін парасатсыз жануарлардың құдайы, ол өздері қоныстанған, пайдаланатын ортаның құдайы, ол өлмейтін, түрін өзгертетін, түрлендіретін барлық материалдық заттардың құдайы. Табиғатымен соншама затқа үстемдік жүргізетін бұл адам мәңгі бақи өлмейтін Құдайдың орнын алады, өзінің де мәңгі бақи болатыны ешбір күмәнсіз»[23. 327 б.]. Сонымен, Фичино ілімдерінде адамның шексіз қуаты (күші) идеясы тұжырымдалады, ол Абсолюттің қуатына теңестіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет