Қалас жамалов философия


Ф. Шеллингтің табиғат философиясы. Ф. Шиллинг



бет43/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Ф. Шеллингтің табиғат философиясы. Ф. Шиллинг (1775-1854 ж.ж.) XVIII ғасырдың соңында мамандар, оқырман қауым жылы лебіз білдірген өзінің табиғатты тану мәселелеріне арналған философиялық еңбектерін жарыққа шығарады. Неміс классикалық философиясы мүшелерінің ортасында Шеллинг – табиғат философиясы-табиғат диалектикасы деп қарастырылатын түсінікке өте жақын келген оқымысты. Ол өзіне дейінгі уақытта физика, химия, биология ғылымдарында Лавуазье, Гальвани, Броун, Вольт, Пристли сияқты ғалымдар ашқан жаңалықтарға сүйенді. Табиғатты іштей бірлікте болатын, органикалық және бейорганикалық материялардың эволюциялық дамуынан тұратын динамикалық үдеріс есебінде танып, оны парасаттың санасыз өмірінің түрі ретінде пайымдап, диалектиканы идеалистік негізде қарастырады. Шеллинг табиғаттың философиялық мәнін ашпақшы болған жаратылыстану ғылымдарын философиямен байланыстырған, Спиноза пікірінен өзгеше, табиғатты субстанция деп қарастыратын натурфилософиялық ағымды дүниеге әкелді. Егер Спиноза табиғат туралы сұрақтарды материалистік тұрғыдан шешсе, Шеллинг идеалист болды. Оның ойынша, табиғат денелері – қарама-қарсы бағытталған күштердің өзара әсерлерінің жемісі (тартылыс пен тебіліс, электрдің оң және теріс зарядтары, магниттің полюстері т.б.). Қарама-қарсылық, екіге бөлінушілік, сонымен қатар қарама-қарсылықтардың бірлігі табиғаттың әмбебап заңы болады.
Табиғат құбылыстарын жете зерттеген Шеллинг диалектиканың келесі қарама-қарсы бастауларын: қажеттілік пен кездейсоқтық, бүтін мен бөлшек, ішкі және сыртқы, шектеулі және шексіздік мәселелерін ашады. Эволюциялық үдерістер туралы механикалық түсініктерді жетілдіріп, дамудың жаңа сапасы негізінде пайда болатынын, мөлшерлік, сандық өзгерістердің жаңа сапаға алып келетінін көрсетті.
Шеллинг «Трансцендентальді идеализм» жүйесінде табиғат философиясын рухтың таным теориясымен байланыстырды, субъекті мен объектінің арасындағы диалектикалық байланысты ашуды көздеді. Осы еңбегінде таным теориясының тарихилық әдістемесін негіздеп, «Философияны әр түрлі дәуірдің басынан кешірген сана-сезімінің тарихы» ретінде қарастырып, осы тарихи жолды логикалық түрде көрсетіп берді. Шеллинг «табиғатты бізден өзінің құпиясын ғажайып мәтіндермен жазып, жасырынған поэма, оның жұмбағын ашатын болсақ, одан үнемі адасып, өзін-өзі іздеп, өзінен-өзі қашып жүрген рух одиссеясын көрер едік. Ол сезімдік дүние арқылы қалың, қою тұманнан жылт ете түсіп, асыл сөздің мағынасы сияқты, қиялға айналған, біздің үнемі ұмтылатын белгісізіміздің бейнесі тәрізді көрінер еді»[26. 487 б.]. Рух одиссеясын қарастыра отырып, Шеллинг ойды алғашқы түйсіктерден туындатады, сондықтан рух туралы ілім қоғамның дамуынан, оның тарихынан шықпайды. Табиғаттың ішкі қозғаушы күші, қарама-қарсылықтарды тудырушы парасат бізге даму үдерісі арқылы көрінеді. Парасаттың дамуы бастапқыда объективті санасыз, кездейсоқ қалыптан басталып, бірте-бірте саналылықка, субъектілікке, қажеттілікке ұштасады. Даму үдерісінде заттарды, әр түрлі құбылыстарды жаратқан табиғат өзі-өзін бірден түсінбейді. Даму үдерісі өзінің жоғарғы дәрежесіне жетіп, адам парасатын тудырғанда ғана табиғат бір жағынан – объект, екінші жағынан, сананың дүниеге келуіне байланысты, субъект болып қалыптасады, көзге түседі.
Шеллинг тарихты өткен дәуірді таным теориясы арқылы зерттеу, яғни даму үдерісі – таным үдерісі деп біледі. Егер бастапқы табиғат санасыздықтан-саналылыққа, объективтіліктен-субъективтілікке өтсе, енді таным үдерісі, керісінше, саналылықтан-санасыздыққа, субъектіден-объектіге қарай бағытталып, өзінің өткен уақытына шолу жасайды. Яғни, адамның қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамының өткен тарихына көз жүгіртеді. Осының арқасында, парасат санасыздық пен саналылықтың, объекті мен субъектінің теңдігін ажыратып, шығармашылық дәрежеге көтеріледі.
Шеллинг философиялық жүйесін натурфилософия мен трансцендентальді идеализмнің бірлігі деп карады. Осымен оның шыгармашылық өмірінің үшінші кезеңі басталады. Бұл кезец идеалды мен материалдының, объекті мен субъектінің бірлігін көрсетеді. Ол: «заттардың мәні... жан да, дене де емес, бұл екеуінің тепе-теңдігінде», – дейді [26. 33 б.].
Қорыта айтқанда, Шеллингтің натурфилософиялық көзқарасының тартымды жағы деп оның метафизикалық көзқарастарға қарсы күресін айтуымызға болады. Десек те, өз заманының табиғат зерттеушісі ретінде ол жаратылыстану ғылымдарының соңғы деректерімен барлық уақытта бірдей есептескен жоқ, олармен қайшылыктарға да келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет