§ Әр түрлі заттарға салынған таңбалар үйсін қоғамында жеке меншіктің болғанын дәлелдейді.
20. Үйсін қоғамындағы билеушілер мен әскербасыларының мөрлері жасалды: Алтын және мыстан.
21. Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың таңба-мөрлері жасалды балшық пен тастан.
22. Бай үйсіндер иемденген жылқы саны:4 – 5 мың.
23. Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе тігілді: Жібектен және биязы жүннен.
24. Құлдар көбінесе тұтқындардан құралды. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.
25. Үйсіндерде жеке меншік тараған: Малға, жер-суға.
v Көсемдер: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын.
26. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін: жерлеу орындары.
Ø Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
27. Үйсіндердің тұрмысында маңызы зор болған шаруашылық түрі:Мал шаруашылығы.
v Үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктемгі, күзгі жайылымдарында отырып қалатын.
28. Үйсіндер айналысқан егіншілік түрі: суармалы және тәлімді егіншілік.
29. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін деректер кездескен қоныс: Ақтас.
v Бұл қоныстан аумағы 60-150 м2 өңделген шағын егіс танабының орны анықталған.
30. Үйсіндер өсірген дәнді дақылдар: Арпа, тары.
31. Үйсіндердің тұрақты үйлері орналасқан жер: тау бөктерлерінде.
32. Үйсіндер өз баспаналарын тақтатастан және балшықтан тұрғызды.
33. Үйсіндерде әулеттің зираты орналасқан жер: Қонысқа жақын жерлерде.
34. Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары: былғарыдан жасалды.
35. Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп:тері өңдеу.
v Одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар киім-кешектер тікті.
36. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан: Әйелдер.
v Ыдыстарды арнайы ұршықшамен, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру арқылы да жасай білген.
37. Зергерлік бұйымдар табылған үйсін қорымы:Ақтас.
v Зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |