Қара жұмыстан босатылғандар
|
Басқармалардың лауазымды адамдары
Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер
Имамдар, молдалар, мүдәрістер
Ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер
Оқу орындарындағы оқушылар
Үкіметтің мекемелерінде жоғары лауазымды атқаратын бұратаналар
|
Басқа ұлт өкілдерінің қатысуы
|
И. Долматов және Д. Федотов қырғыздарды бұратаналардың тізімін шығармауға шақырды
Жетісуда Демко, П. Аркадьев т.б. көтеріліске қатысушыларды үйлерінде жасырды
Торғайда Н. Кротов соғыс ісі шеберлігіне үйретті
Е. Курев Қарқарадағы көтерілісшілердің шағын тобын ұйымдастырды
С. Вербицкая көтерілісшілер қатарында шайқасты
С. Ужгин «Қарабалықтағы оқиғалар» атты прокламацияда көтерілісті тоқтатпауға шақырды
|
Жеңілу себептері
|
Бытыраңқылығы
Қару-жарақтың нашар әрі жеткіліксіз болуы
Ұлтаралық және руаралық қақтығысты пайдалануы
Саны аз пролетариаттың елеулі ықпал жасай алмағандығы
Біртұтас басшылықтың болмауы
Ұлттық-демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы
Даланың бетке ұстарларының (бай, батыр, қазы) дәйектілік, батырлық көрсетпеуі
|
Тарихи маңызы
|
Қазақ халқының таптық, революциялық сана-сезімі өсті
Мыңдаған көтерілісшілер патша самодержавиесіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті
Отарлық езгідегі ұзақ жылдар ішінде ұлттық мүдденің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды
Өздерін отаршыл экспансияға қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді
|
|