АлғАШҚЫ Қауымдық ҚОҒамды кезеңдеу


XIII –XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕРІ



бет4/14
Дата23.11.2022
өлшемі130,66 Kb.
#159469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
5-11 ТІРЕК СЫЗБАЛАР

XIII –XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕРІ



Мемлекет атауы

Ақ Орда

Моғолстан

Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті)

Ноғай ордасы

Қазақ хандығы

Тарихи шеңбері

1320-1428

1348-1514

1428-1468

1396- XV ғасырдың ортасы

1465 – 1466 жылдардан

Негізін қалаушылары

  • Орда Ежен

  • Сасы бұқа-алғашқы ханы

  • Орыс хан тұсында Алтын Ордадан бөлініп шықты

  • Әмір Болатшы

  • Тоғылық Темір алғашқы ханы

Әбілхайыр

  • Едіге

  • Нұрадиннің тұсында Алтын Ордадан бөлініп шықты

Керей мен Жәнібек

Территориясы

Аралдың солтүстік-шығысы, Сырдариядан Есіл, Сарысу өзендеріне дейін, Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейін

Солтүстігінде Балқаш, батысында Түркістан, оңтүстігінде Ташкент, Фергана, шығысында қалмақ жерімен шектеседі

Батысында Жайықтан, шығысында Балқаш көліне дейін, Ертіс, Тобыл өзендерінен оңтүстіктегі Сырдарияның Аралға құяр тұсына дейін

Еділ мен Жайық өзендерінен Қазан мен Түменге дейін

Бастапқы алып жатқан жері – Шу мен Талас өзендерінің аумағы

Астанасы

Сығанақ

Алмалық

  • Орда Базар

  • Тара

  • Сығанақ




  • Сығанақ

  • Түркістан (XVI ғасырдан бастап)

Саяси жағдайы

  • Орыс хан кезінде күшейді

  • XIV ғасырдың 70 жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды өзіне қаратты

  • 1374-1375 жылдары Сарай Беркені тартып алды

  • Ақсақ Темір шапқыншылығы

  • 1371-1372 жылдары, 1375-1377 жылдары, 1380 жылы Әмір Темір жорық жасады

  • Ішкі талас-тартыс

  • Қазақ хандығы күшейді

  • 1446 жылы Әмір Темірдің ұрпақтарынан Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үргеніш қалаларын алды

  • 1456-1457 жылдары ойраттардан жеңілді

  • XV ғасырдың 50 жылдарында Керей мен Жәнібек Моғолстанға кетті

  • XV ғасырдың басында күшейді

  • Ресей Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алған соң бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті

  • Еділдің шығысындағы тайпалар Кіші жүзге кірді

  • XVI ғасырдың I ширегінде Қасым хан тұсында күшейді

  • Тәуке хан тұсында біртұтас мемлекет болды



XV – XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖҮЙЕСІ



Сатылары

Басқарудың
Ұлттық жүйесі

Бірігудің түрлері

Басшысы



Басшының міндеттері



Басшының
негізгі
қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан

Ауылбасы

Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау

Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты

2

Ата - аймақ

Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан

Ақсақал

Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы (Ақсақалы бар ауыл азбайды)

Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3

Ру

10 немесе 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болу керек (Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ)

Әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілеті басқаруымен байланысты

Ақсүйектер әулетінен.

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған
(ұлы хан, хандардың ханы)

Үш жүздің жер, дау-дамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұқсан келтірді

Ақсүйек
шонжарлар



XVIII-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ





Жылдары



1783 - 1797



1836 - 1838



1837 - 1847



1868 - 1869



1870


Басшылары

Сырым Датұлы – байбақты руының старшыны

Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы-беріш руының старшындары

Кенесары Қасымұлы
(Абылайдың немересі)

Беркін Оспанұлы, Сейіл Түркібайұлы - рубасылары



Досан Тәжұлы, Иса Тіленбайұлы - бақташылар



Көтеріліс болған жерлер

Кіші жүз

Еділ мен Жайық аралығы



Бүкіл Қазақстан

Орал және Торғай облыстары

Маңғыстау облысы



Қозғаушы
күштері

Қарапайым көшпенділер, шаруалар, би, старшын, батырлар

Қазақ шаруалары, старшын, билердің бірқатар өкілдері

Қазақ шаруалары, ірі ақсүйек өкілдері (80-нен астам сұлтан, би, батыр, старшын)

Қазақ шаруалары, феодалдық жеңілдіктерінен айырылған рубасылар

Малшылар, жалдамалы жұмысшылар

Қатысқан рулары

Шекті, төртқара, қаракесек, шөмекей, кете, алаш, серкеш, таз, байбақты, беріш, табын, жағалбайлы

Ноғай, қызылқұрт, байбақты, жаппас, адай, беріш, есентемір, алшын, серкеш

Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас, бағаналы, табын, арғын

Осы өңірді мекендеген рулар

Адай


Мақсаттары

  • Жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру

  • Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату

  • Нұралы хан т.б. ақсүйектердің озбырлығына шек қою

  • Жәңгір ханның озбырлығына шек қою

  • Алым-салық мөлшерін азайту

  • Шонжар феодалдардың билеп-төстеуінің қүшеюіне қарсы күрес

  • Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту

  • Қазақстанның Ресейге қосылып үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтау

  • Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату

  • Оңтүстікті қоқандықтардан азат ету




  • Антифеодалдық сипаттың болуы

  • Салықтың шектен тыс көбеюі (шаңырақ және земство салығы)

  • Патша үкіметінің жерді мемлекеттік меншік деп жариялауын тоқтату

  • Патша жазалаушы отрядтарының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймаққа жақындауын тоқтату

  • Адайлықтарға салынған салық мөлшерінің көптігін ауыздықтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет