Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет4/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Волонтерлер - бірқатар мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, т.б.) әскери қызметке өз еркімен кіруші адамдар, еріктілер.
Гарнизон - 1. Елді мекенде немесе оның аймағында тұрақты немесе уақытша орналасқан әскери бөлімдер,әскери оқу орындары және мекемелер.
Гвардия - монархты немесе қолбасшыны арнайы күзететін жасақты гвардия деп атаған.
Ғарыштық барлау (Космическая разведка) – жердін жасанды серігін жіберу арқылы жүзеге асырылады .Ол ең кішкене объектілерді, ұшақтардың, ракеталардын
ұшып-шығу позицияларын, су бетіндегі корабльдерді суретке түсіре алатын арнаулы фотоаппараттармен жабдықталады.
Гаубица - жаудың тасадағы нысанасын жоятын және қорғаныс бекіністерін,баспанасын , бақылайтын пункттерін, блиндаждарын бұзатын артиллериялық қарудың бір түрі.
Демобилизация - 1. Әскери қүрамды қысқарту немесе әскери қызмет мерзімі біткен әскери қызметшілерді қызметтен босату.
Десант - жау тылында соғыс қимылдарын жүргізу үшін дайындалған немесе ж а у тылына түсірілген әскерлер.
Диверсант - шетел агенттерінің, саяси қүрылысқа қас ұйымының барлау жасау, бүлдіру, зиян келтіру, өрт қою,әскери маңызы бар орындарды, өнеркәсіп орындарын қопарушы адамы.
Дулыға - темір қалпақ. Батырлардың жорықта, шапқыншылықта, шайқаста киетін металдан (темір, мыстан) жасалған бас киімі.
Жауынгерлік д ә с т ү р л е р (Боевые традиции) жауынгерлердің арасында ұрпақтан-ұрпаққа беріліл отыратын қалыптасқан әскери салт-дәстүр мен ереже, мінез- құлық нормасы.
Жорық (Марш) - бөлімдер мен құрамалардың белгілі бір ауданды бетке алып, көлікпен немесе жаяу ұйымдасқан түрде саппен қозғалуы.
Капитан - 1. Қарулы күштердің кіші офицерлері құрамындағы әскери атақ. 2. Кемені басқарушы командир; Спорт командасының басшысы.
Қалқан - шоқпар, қылыш, найза соққысынан және садақ оғынан қорғану үшін жауынгердің қолына ұстайтын қорғаныш құралы.
Қарауыл (Караул) - қа р у - ж а р а қ қоймасын, әскеритехниканы және т.б. әскери объектілерді күзетеді жәнеқорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет