Ұясының түбіне қатты бұтақтар-ды төсесе, ал ішіне жұмсақ нәрселер салған. Олардың екеуі бірдей ұяларын алдымен
берілген жұмсақ заттардан жасай бастайды да біршама мерзімнен кейін қатты бұтақтар берілсе, жасаған ұяларын
ысырып тастап, оны қатты бұтақтардан тұрақтатып, қайтадан жұмсақ заттарды ішіне төсеп салады Мұндай әрекеттерден
біз маймылдың ұя салуы инстинктті әрекет болғанымен, қоршаған ортасына бейімделу екенін анғарамыз. Маймылдың
мұндай шартты байланысқа негізделген әрекеті стереотипті (таптаурын болған) әрекет деп саналады.
“Рафаэль” деген маймылмен жүргізілген бірсыпыра тәжірибеден мынадай жайттар байқалған, Жәшік ішіне жеміс
қойылып, оның алдында от жанып тұрады. Рафаэльдің жәшіктегі жемісті алып жеуге ұмтылған әрекеті нәтижесіз
аяқталады Ақыры байқаусызда бөшке шүмегіне алдыңғы аяғы тиіп кетіп, одан су ағады. Аққан су жанында тұрған отқа
тиіп, оны сөндіреді. Рафаэль жемісті алып жейді. Келесі-де тәжірибе осы ретпен қайталанып, сулы бөшке тек алысырақ
ит-еріліп қойылады. Бірнеше нәтижесіз әрекеттен кейін Рафаэль
бөшкедегі суды ұрттап алып, оны шашып, отты
сөндіреді, Одан кейінгі тәжірибеде жеміс судың ортасына қойылады. Ал сулы бөшке судың арғы жағындағы аралға
қойылады. Маймыл су іздеп, сол-қылдақ көпірмен аралдағы бөшкеге ұмтылады. Жанып тұрған оттың айналасындағы
суды пайдалануға маймылдың пайымдау “ақылы” жетпейді. Ал биологиялық тұрғыдан маймылдың мұндай қылығы
өзінің тіршілік әрекетіндегі мақсатына жетуі деп саналады (3-сурет).
3-сурет.
39
Ал енді маймылдың адам әрекетіне еліктеп, шүберекті сулап, оны сығып, еденді сүрту ісін бақылайық. Ол еденді
“сыпырғанда” бір үйіндіні екіншісіне қосып шашады. Жинап қоюды білмейді, Маймылдағы еліктеу процесі —
интеллектілік тұрғыдан әлі де толық дәлелденбеген жайт. Жануарлар дуниесінін тіршілігіндегі қимыл-козғалыетың даму
жолы инстинктті әрекеттен дағдыға, одан интеллектті әрекетке ауысады. Сөйтіп, дамудың мұндай жолында олардың
кейбір түрінде кейде инстинкт басым болса, ал басқалары-ның жеке тәжірибелерінде ассоциациялар жасалып отырады.
Жануарлардың қарым-қатынас жасау “тілінің” үйілесіп тіршілік ететін аралар қарым-қатынасымен салыстырғанда
едәуір күрделі болып отыратындығы байқалады. Ганглийлік жүйке жүйесі бар жән-діктер күрделі инстинктті даралық
әрекеттерімен бірге “тіл” арқылы д тіршілік етуге бейімделіп әсерленеді. Омартаға шырынымен оралған ара ауада өзінің
ырғақты қимылы (“биі”) арқылы ұялас араларды шырын алуға болатын гүлдер жөнінен хабарлар етеді. Ал
құмырсқалардың “тілі” одан да күрделірек деуге болады. Олардың әрбі қозғалысы нақты белгіні білдіріп, жемін әкелуге
“шақыруы”, қорек-талап етуді білдіруі мүмкін.
Гангляйлік жүйелі жәндіктерд “тілі”
олардың сырткы қалпын өзгертіп, дыбыстық белгі, не нәрсенің иісі, не
өзгелерге жанасулары арқылы “хабар” береді.Жәндіктер қауымдастығындағы тиісті ха-барларды өңдеп,
өзгелерге
жеткізуде ешқандай құпия сыр болмағанымен, олардың қимыл-әрекеті түрлі әсерлер тудырып сол тіршілік жағдайына
ыңғайландырады. Мысалы, тырналар өздерінің ұшу сапарында белгілі жерге келіп жайылған кезде қауіпсіздігін қорғау
үшін жан-жаққа бақылаушылар қояды, төтенше қауіпті жағдай туса олар жайылып жатқандарына қиқулап хабарлап,
бұрынғы бағыты-мен ұшып кете береді. Бұл — жануарлардың эволюциялық дамуын-дағы тіршілік әрекеттерінің
қайталануы. Жоғары сатыдағы жануар-лардың үйірінде әсіресе, құстар мен сүтқоректілердің өзара “тілдесуі” — қажетті
шарт, жануарлардың кез-келген тобындағы дара өкілдердің бір-бірін “түсінуі” үшін әр алуан дыбыстар мен неше түрлі
қимыл-қозғалыстар жасау арқылыі жүзеге асып отыр-атын тіршілік бейнесінің белгісі (4-сурет)
40
1
4
5
6
4-сурет,
Тауықтың доминантрық және келісу
позалары:
1, 2—әтеш пен
тауықтын доминанттық позасы, 3—өте агрессивті поза, 4—қарсылықсыз табынға қосылу позасы, 5
— келісу позасы, 6— шакыру позасы.
Жер бетіндегі әр түрлі табиғат кұбылыстарының өзгеріп отыруы мен ауысуы барлық жан-жануарларға асер етеді.
Соның нәтнжесшде тіршілік иелері қарапайым тітіркенуден бастап адамның акыл-ой дәрежесіне дейін көтеріліп, сырткы
орта жағдайына ынғайланады. Мысалы, температураның өзгеруіне карай организмдегі
химиялық реакция
жылдамдайды. Температура төмендесе, бірклеткалы қарапайым жәндіктер қырылады. Ал жоғары
сатыдағы
жануарлардыд әрекеті күрделеніп, тіршілік ортасының кенеттен езгеруіне бейімделеді. Тасбақалар мен ұсақ кемірушілер
жаздың ыстығында да, қыстың суығында да жерді қазып, өзінің өмір тіршілігіне қажетті температураға ыңғайланады.
Жануарлардың ин-стинктті әрекетгері мен интеллектті тіршілігі — олардың даралық тәжірибесінде қалыптаскан
дағдыларының тізбегі.
Достарыңызбен бөлісу: