Сенімхаттардыкуәландыру Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе бірнеше адамның атына сенімхаттарды куәландырады.
Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
Сенімхат мәтінінде оның жасалған (қол қойылған) жері мен күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының толық атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері, ал қажет болған жағдайларда атқаратын қызметі де көрсетіледі. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
Сенімхатта оны жасаған күні көрсетіледі.
Сыйға тарту сенімхатында сыйға тартылушы және сыйға тартылған зат көрсетіледі.
Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Кодекстің 167-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
Автокөлік құралын басқару және иелік ету құқығына сенімхат оның техникалық паспорты (автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде куәландырылады.
Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге берілген сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтері қол қоюы тиіс.
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген негізгі сенімхат ұсынылған кезде ғана куәландырылуы тиіс.
Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негізгі сенімхатты куәландырған нотариустың аты-жөні, тегі, куәландыру уақыты мен орны, тізілімдік нөмір берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, қажет жағдайда олардың қызметі көрсетілуі керек. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады.
Сенім білдірілген адам негізгі сенімхат бойынша өкілеттіктерін толық ауқымда берген жағдайда қайта сенім білдірілген деген белгісі бар бастапқы сенімхат қайта сенім білдіру тәртібінде берілген сенімхатқа тігіледі және үшінші тұлғаға беріледі.
Негізгі сенімхатта көрсетілген жекелеген өкілеттіктер немесе бірнеше адамдарға қайта сенім білдірілген кезде қайта сенім білдірілгені туралы белгісі бар бастапқы сенімхат сенім білдірілген адамға қайтарылады, бастапқы сенімхаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі және қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат үшінші тұлғаға беріледі.
Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.Бұл ретте нотариус сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті екендігін түсіндіреді.
Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны немесе одан бас тартқаны туралы белгі жасайды.