Алгебрадан қысқы мерзімді жоспар



Дата09.04.2020
өлшемі21,09 Kb.
#62026
Байланысты:
Алгебрадан қысқы мерзімді жоспар

Алгебрадан қысқы мерзімді жоспар.

Пәні: математика, алгебра 11 «Б» сынып. Күні 13.04.2015 ж.

Тақырыбы:

Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық.

Мақсаты

1.Білімділік: Үйлесімсіз оқиға, тәуелсіз оқиға, тәуелді оқиға, шартты ықтималдық, оқиғалар қосындысы, оқиғалардың көбейтіндісі ұғымдарымен, сонымен қатар ықтималдықтардың қосу және көбейту теоремаларымен таныстыру, оларды қолданып есептер шығарту.

2.Дамытушылық: Ой- өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары мен шартты ықтималдылықтарға берілген есептерді шығара алады.

Ресурстар

Маркерлер, кеспе қағаздар

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық орындық», кластер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеуін сұрайды. Өрмекші торын пайдаланады.

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Қызығушылықты ояту. 14 минут

Сұрақтар тізбесі.

1). Көрсеткіштік функция деген не?

2). Көрсеткіш функцияның қасиеттерін ата?

3) Логарифмдік функция дегеніміз не?

4) Логарифмдік функцияның анықталу облысын қалай табамыз?

5) Параметрі бар теңдеу дегеніміз не?

6) Параметрі бар теңсіздік дегеніміз не?



Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілейді.

Сұрақтарға нақты және дұрыс жауап береді. Бір-біріне сұрақ қояды.



ІІ. Мағынаны тану. 23 минут

Өздігінен білім алуға мүмкіндік беру:

1-анықтама. Тәжірибе барысында екі оқиғаның біреуі екіншісінің орындалуын жоққа шығарса, онда мұндай оқи,алар үйлесімсіз деп аталады.

1 теорема. Үйлесімсіз екі оқиғаның кез келген біреуінің орындалуының ықтималдығы осы оқиғалардың ықтималдықтарынң қосындысына тең. Р(А+В)=Р(А)+Р(В)

2-анықтама. Бірінші оқиғаның ықтималдығы екінші оқиғаның пайда болуына байланысты болатын екі оқиғаны тәуелсіз оқиғалар деп атайды.

3 –анықтама. Бір тәжірибенің қорытындысы үшін топтың тек қана бір оқиғасы болатын А 1, А 2,...,Аn оқиғалар жүйесі оқиғалардың толық тобы деп аталады.

2 теорема. Толық топтың оқиғалар саны 1-ге тең.

3 теорема. А және В тәуелсіз оқиғалардың бірдей орындалу ықтималдығы осы оқиғалардың көбейтіндісіне тең: Р(АВ)=Р(А)*Р(В)



4-анықтама. Бір оқиғаның орындалуы екінші оқиғаға тәуелді болатын оқиғаларды тәуелді оқиғалар деп атайды.

5 –анықтама. А оқиғасы орындалғаннан кейін анықталған В оқиғасының ықтималдығын Р А(В) шартты ықтималдық деп атайды.

4 – теорема. Тәуелді екі оқиғаның орындалу ықтималдығы бірінші оқиғаның ықтималдығын бірінші оқиға орындалғаннан кейін анықталған екінші оқиғаның шартты ықтималдығына көбейткенге тең Р(АВ)=Р(А)*Р А(В).
№401, № 405

Зерттеу жұмыстарын жүргізеді және есептер шығарады.

ІІІ: Ой толғаныс. 5 минут

  • Тәуелді оқиғаның тәуелсіз оқиғадан қандай айырмашылығы бар?

  • Үйлесімсіз оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысы мен оқиғалар ықтималдықтарының көбейтіндісін есептеу арасында қандай ұқсастық бар?




Әр оқушы тапсырмаларды жеке орындайды және орындаған деңгейіне сәйкес бағаланады.

Үйге тапсырма: № 407.

1минут




Рефлексия

Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?




Тексерілді: Директордың оқу ісі бойынша орынбасары: Н. Әлметова.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет