Бір адам арқылы тірілту Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, өкпеге екі рет үрлеу жіберіп, содан кейін 10-15 рет кеудеге күш салады (2:10-2:15 сәйкес).
Екі адам арқылы тірілту Бір адам ӨЖТА-ды жасайды, ал екіншісі - ауаны ішке тартуға 4-5 рет кеудеге күш салып (1:10-2:15 сәйкес), жүрекке уқалау жасайды.
Жүрекке уқалау жасау барысында ауа үрлеуге, өкпеге дем беру барысында кеудеге күш түсіріп уқалау жасауға болмайды. Әрбір 2-3 мин сайын өткізіліп отырған шаралардың тиімділігін тексеріп отыру қажет.
Реанимациялық шаралардың тиімділігі кезінде жүрек қызметі және тыныс алуы қалпына келгенше (жүрек жиырылуы, систолдық АҚ 70-80 мм сн.бғ, РS қалпына келгенше) немесе «Жедел жәрдем» келгенше реанимациялық шараларды жалғастырып отыру керек.
Егер жүректің қызметі қалпына келсе, уқалау тоқтатылады. Ал ӨЖТА толықтай қалыпқа келтірілгенше жалғастырылады.
Тек реанимациялық шаралардың басталғанына 10-15 минут уақыт өтіп, реанимациялық шаралардың нәтижесіздігінде, яғни көз қараршықтары кеңейіп, жарыққа реакциясы жоқ болса онда ағзада мидың өлуі басталғанын ескеру қажет. Бұл жағдайда реанимациялық шаралар тоқтатылады.