Тәрбие нысандарын таңдау. Тәрбие жұмысының нысандарын таңдау тәрбиенің ғылыми ұстанымдары негізінде анықталады. Әрбір балалар ұжымы үшін неғүрлым ынғайлы, лайықты нысандарды таңдаған жөн. Жалпы тәрбие жұмысының нысандарын таңдау педагогикалық мақсатқа сәйкес анықталады. Өйткені, тәрбие қызметін ұйымдастыру нысандарын таңдау көптеген компоненттерге байланысты. Бұл ең алдымен оқушылардың жас ерекшеліктерінің тәрбие міндеттерінің бағыттары мен мазмұнына сәйкестігіне, олардың тәрбиелік деңгейі мен жеке тұлғалық әлеуметтік тәжірибесіне, балалар ұжымының ерекшеліктері мен оның дәстүрлеріне, аймақтың ерекшеліктері мен дәстүрлеріне, мектептің техникалық және материаддық мүмкіндіктеріне, мұғалімнің кәсіби деңгейіне байланысты болып келеді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сәйкес нысанын анықтау — бұл мұғалімнің тәрбие міндеттерін шешудегі жетістігінің алғашқы қадамы. Қолданьшатын кез-келген нысанның тиімділігі көп жағдайда осы міндеттердің ғылыми негізде жүзеге асырылуына байланысты. Оған мыналарды жатқызуға болады: алда тұрған шараны өткізу дайындығына оқушыларды барынша көп қатыстыру және оны өткізу; шараларды өткізуге дайындық пен оны өткізуге оқушылардың белсенді, өзіндік іс-әрекетіне ықпал ететін эмоционалдық және рационалдық факторлар; оқушылар бойында іс-әрекеттін маңызды мотивтерін қалыптастыру жатады.
Мектеп тәжірибесінде бір ғана тәрбие жұмысын ұйымдастыру нысандарын қолдану әдетте трафаретке айналып кетеді де және оның бірте-бірте сапасы әлсірейді. Тәжірибелі педагогтар тәрбие нысандарының көпқырлылығын шебер пайдаланып отырады. Сондықтан да, әрбір сынып жетекшісі тәрбие нысандарының көпқырльшығы
183
мен тәрбие үрдісі технологиясының барлық ерекшеліктерін меңгергені жөн.
Жеке тұлғаны дамытудың негізгі құраддары. Жеке тұлғаның дамуына тәрбие құралдары маңызды әсер етеді. Ғалым П.И.Пидкасистыйдың педагогикалық тұжырымдарына сүйенер болсақ, онда материалдық мәдениет құралдары баланың практикалық интеллектісін дамытуға барынша әсер етсе, ал рухани мәдениет құралдары ойлау қабілеттері мен басқа да жоғары психикалық функцияларын дамытуға зор әсер етеді екен. Л.С.Выготский дамудың қызмет құралдарын меңгеруге қатысты төрт сатысын атап көрсетеді. Біріншісі — мінез-құлықтың қарапайым нысаны — табиғи қарапайым саты, екіншісі — таңба және ауызекі сөз нысанында берілген мәдени мінез-құлық құралдарын меңгеру, үшіншісі — таңба нысанындағы құралдарды пайдалану тәжірибесін жинақтау және мәдени мінез-құлық әдеттерінің көрініс бере бастауы, төртіншісі — сыртқы таңба нысаны ішкі мазмұнмен ауыстырылғанда өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік мәдени дамуында рухани қажеттілік көріне бастайды.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы дегеніміз — бұл адамзат баласы жасаған материалдық және рухани мәдениет құралдарын меңгеру үрдісі, "бала мәдениеттен бірнәрсе алып қана қоймайды, сонымен бірге мәдениеттің өзі де баланың бойындағы табиғи атаулының барлығын қайта түлетіп, оның даму жолын түгелдей жаңаша өлшеп-пішеді" (Л.С.Выготский).
Рухани мәдениеттің таңба нысанды құралдары тәрбиеде екі функция атқарады. Біріншіден, олар тәрбие ұжымыңдағы коммуникация мен ақпараттық айналымды қамтамасыз ететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасын байланыстыратын құрал ретінде қызмет етеді. Тәрбиеші байланыс құралдарын оқушының еркіне, ынта-ықыласына, түсінігіне ықпал ету үшін қолданады. Келешекте олар өзін-өзі бақылау мен өзіне өзі әсер етуде көрініс бере отырып, балалардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына айналады. Екіншіден, олар тәрбие міндеттерін бірлесе отырып шешудегі қызмет құралдары ретінде қолданылады. Сөзбен байланысты материалдық және бейнелі құралдар күрделі жүйені құрайды, оның ішіндегі бейнелі құралдар оқушьшардың іс-әрекетін басқару мен жоспарлауға бағытталған. Жеке тұлғаның
184
абстрактылы-бейнелі ойы, санасы, моральдық, эстетикалық және тағы да басқа сапалары осындай іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Таңбалық құраддар ойды дамытуда мәнді қызмет атқарады. Олар интеллектуалдық қызметте сананы тәрбиелеу үшін пайдаланылады (ғылыми, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және т.б.). Сана таңбалық құралдардың екеуімен де тәрбиеленеді. Коммуникация құралдары (және де ең алдымен сөз) тәрбиеленушінің әлеуметтік ортада дұрыс бағыт алуы үшін, олардың табиғат пен қоғам арасындағы тығыз байланысты дұрыс түсінуі үшін, мәдени мінез-құлықтың сенім, әдет, дағдыларын тәрбиелеу үшін өте қажет. Бұл құралдар тәрбиеленушілердің бірлескен және жеке-дара іс-әрекетінде қолданылады.
Жасөспірімдік шақта тәрбиенің ықпалы арқылы сана жүйелілік, жинақылық жөне әрекеттілік сипат алады. Әрбір осындай сипатты тәрбиелеу үшін өзіне төн құралдар қолданылады. Сананың жүйелілігі балалар энциклопедиясының, мектепте оқытылатын пәндерге қатысты ғылыми-көпшілік әдебиеттердің, ғылыми білімнің әр түрлі жүйесін көрсететін графикалық құралдардың көмегімен тәрбиеленеді.
Сананың жинақтылығы теориялық білімнің түпнұсқалылығын, солардың графикалық немесе кестелік нысанда берілген білім қорының нақтылығы мен оқып, біліп отырған құбылыстың жүйелілігін пайдаланумен қалыптасады.
Сананың әрекетгілігі өмірлік мәселелерді (үлкендердің беделін мойындау, дос таңдай білу және т.б.) шешуде бірнеше рет теориялық тұрғыдан тану нәтижесіңде құрылады.
Ересек жаста негізінен өзін-өзі тәрбиелеуде сана жаңа сипатқа ие болып дами түседі: рефлексия, антиципация мен ассимиляция. Рефлексия арқылы сана жеке түлғаның өзіндік сапаларына талдау жасайды, тәрбиенің өткені мен өзін-өзі тәрбиелеудегі кемшіліктерін танытады. Рефлексияны төрбиелеуде үлкендердің өнегелі өмір жолдары, классикалық көркем әдебиет, өзіне-өзі баға берудің логикалық құралдары маңызды рөл атқарады.
Антиципация санада жоспарланған істердің дайындық кезеңіндегі және келешегіндегі нәтижесін көру қабілетін
185
танытады. Антиципация әр.түрлі балалардың мінез-құлқы мен әрекетіне, (соның ішінде жеке қателіктеріне, қате жіберу арқылы үйренуіне) логикалық талдау жасау арқылы қалыптасады, (алғашқыда беделді адамдардың ; талқылауы, сосын өз достарының талқылауы, содан кейін өзін-өзі талқылау арқылы).
Ассимиляция өз халқының рухани құндылықтарын мен туысқан басқа халықтардың мәдени құндылықтарын ' меңгеру мүмкіндіктерін жоспарлаудағы сананы сипаттайды, соның негізінде жеке тұлғаның мінез-құлқындағы сенім, әдет, т.б. сапаларды дамытады. Мәдени құндылықтарды ассимиляциялау қабілетін дамыту үшін тұлғааралық қарым-қатынас, моральдық және эстетикалық тақырыптардағы әңгімелер, ұстаздар мен ата-аналардың өнегелі үлгісі, саяхаттар, көркем әдебиет шығармаларын оқып талқьшау сияқты әрекеттер пайдаланылады.
Жоғары сынып оқушыларының моральдық және эстетикалық сезімдерге өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына көркем әдебиет, көрмелер мен музейлер, көркемөнердің өр алуан түрлері, көркем өнерпаздар үйірмелері мен шығармашылық студиялар, туризм, спорт жатады. Бүл құралдардың сенімділігі олардың жоғары сынып оқушыларының өздеріне арналған іс-әрекеттердің қай түріне қатысатынына байланысты болып келеді.
Жоғары сынып оқушыларының ерік сапаларын і (қайсарлық, мақсатқа ұмтылушылық, табандылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуелсіздікке, жүйелілікке ұмтылушылық, өзін-өзі басқара білу) тәрбиелеу құралдарына үлкендердің өнеге-үлгісі, қиын мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекеті, оқушылар ұжымы және т.б. олардың мінез-құлқын басқару органы жатады; сыныптың қоғамдық пікірі тәрбиеленушінің өмір тіршілігінде маңызды орын алатын мақсаттар жүйесі.
Оқушылар әр алуан ерік іскерліктерді тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланьшады: шараларды өткізуді басқару, өзін-өзі басқару әдістерін пайдалану, бұйрықтар беру, бұйрықтарды орындаудың, нақты, бірқалыпты болуы, мектеп ұжымын басқарудың күрделі мәселелерін талқьшауда өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу т.т.
Қоғамдық пікір жеке тұлғаның әр түрлі сапаларының қажеттіліктерін тәрбиелеуге қызмет жасайды: ол оқушьшардың батьш, нақты, ержүрек, тәуелсіз, табанды болуына әсер етеді. Сынып ұжымының қоғамдық пікірі тәрбиешінің байқаусыз ықпалы арқылы жинақталады
186
және ол келешекте оқушыларды өздеріне сенімді болу мен ерік сапаларын дамытуға пайдаланылады.
Жоғары сыныптарда жеке тұлғаның өзі таңдаған ерік сапаларын өзінің тәрбиелеуі өте маңызды болып табылады. Өз еркін өзі тәрбиелеу жеке тұлғаның сезімдік және интеллектуалдық сфераларымен бірлікте жүзеге асырылады. Сондықтан да оның құралына рефлексия мен антипацияны біріктіре қамтитын танымдық және практикалық іс-әрекет жатады.
Өз еркімен танымдық және практикалық қиын міндеттерді шешу жоғары сынып оқушыларына ерік, табандылық, мақсаттылықты өз мұратымен сәйкестендіре дамытуға мүмкіңдік береді. Рефлексия мен антипация арқылы жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуді өмірлік мақсаттарымен, дағдылы мұраттарымен мезгіл-мезгіл салыстырып отырады.
3.4. Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
187
— түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
— түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері,
188
байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:
I кезең — мектеп бейнесін жасау.
II кезең - оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
|
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.
Бірінші кезең — мектеп бейнесін жасау. Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау - бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінің нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінің компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.
189
МЕКТЕП БЕЙНЕСІ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ
КОМПОНЕНТТЕРІН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Мектеп бейнесі құрамының әрқайсысына қысқаша сипаттама береміз.
Мектеп оқушысының немесе мектеп бітірушінің бейнесі,
бұл оқу орнының біртұтас бейнесінің басқа компоненттеріне, қарағанда детерминациялық жөне интеграциялық рөл атқаратын ең маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Тәртіп бойынша, мектеп бітірушінің жинақталған портреті оқу орнының мақсатымен мазмұнының иман тұрады өзара байланыс. Ал ол кезегінде педагогикалық процестің барлық элементтері мен оның субъектілерінің қызмет үйлестіріп отырған.
Оқушының немесе мектеп бітірушінің бейнесі жеке тұлғаның психологиялық және дене құрылысы, идеялық-адамгершілік сапаларының жиынтығынан құралады.Осы сапалардың деңгейі мен жинақталуы жайлы педагогикалық процеске қатысушылардың пікірі әр турлі, мұның өзі оқушылардың тәрбиесінде оларды кіріктіруге үлкен кедергі жасайды, сондықтан да мектеп бітірушінің бейнесі жайлы мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың
190
пікір бірлігін қолдауға және жинақтауға бағытталған арнайы әдістер мен тәсілдерді колдану керек.
Келесі құрамдас бөлік — бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орныңдаға іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.
Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.
Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.
Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғараалық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.
Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнгс және маңызға ие бола алады.
Педагог-тәрбиеші қызметінің жүйесі. Педагог-тәрбиеші қызметінің құрылымы. Қазіргі мектептегі гуманизация мен демократизация идеясы оқытушы мен оқушыға оқу-тәрбие жұмыстарының тәсілдерін, бағыггарын, ыңғайын, әр түрлі деңгейлердегі бағдарламаларды, диференциялық білім беруді тандап алуға еркіндік құқын беріп отыр. Мұның өзі үлкендер мен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жағдай туғызады, мектептен тыс жағымды қоғамдық құрылымдардың ықпалын оқу-тәрбие жүйесіне ендіру мақсатында мектеп есігін ашық ұстау принципін ұстанып келеді.
Шығармашылық, еркіндік педагог пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібімен жалпы мәдениетіне жоғары талап қойып отыр.
Тәрбие жұмысы — бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
І9І
Мектептің тәрбие жұмысын жүйе ретінде өзара байланысқан блоктар түрінде көрсетсе мынадай (назар аударыңыз).
Жоғарыда көрсетілгендей, мектептің тәрбие жүйесі оқушьшардың сабақ процесіндегі жөне сабақтан тыс уақыттағы тәрбиесін қамтиды. Ол сыныпта, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерінде ұжымдык жоне жеке-дара тәрбие пробелмаларын шешіп отырады, сонымен бірге мектептін тәрбие жұмысының отбасымен және жұртшылықпен тығыз байланыста жүргізілуіне аса зор мән беріп, оны өз іс-әрекетінде қоса атқарады.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.
Тәрбие жүйесінде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден, ортаның оқушыға әсер етер ықпалын, екіншіден, өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін,
192
олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды.
Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, орі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады.:
Қоғамдық—сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атақаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты.
Балалар ұжымын ұйымдастырушы тәрбиешінің жұмысында негізгі екі бағытты бөліп алуға тура келеді: бірінші өзін-өзі басқару арқылы әр түрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, екінші — ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжым ішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы).
Балалар ұжымын дамыту процесінде тәрбиеші қызметінің мазмұны мен міндеттері өзгеріп отырады.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын: диагностикалық, мазмұндық-тұтастық, ұйымдастырушылық — іс-әрекеттік, технологаялық, нәтижелілік - бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.
Тәрбие процесін басқару, сынып жетекшісі болу —
күрделі іс. Педагог-тәрбиешінің есінде ең алдымен
тәрбиелеушілік және дамытушылық іс-әрекет, ұжымды
ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу
мәселесі тұруы керек. Сынып жетекшісі, тәрбиеші — бұл
топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, жасы
үлкен жолдасы, дем беруші, кеңесші, көмекші, қамқоршы,
қорғаушы, ой салушы, реттеуші, үйлестіруші, ақпаратшы,
қызметкер, т.б. Ол оқушьшармен, ата-аналармен осы
сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерімен бірлесе жұмыс
тізе отырып, әр оқушының дене құрылысы мен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның еллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін - өзі тануына, өзін-өзі жарата білуіне, өзін-өзі ұйымдастыра білуіне, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі керек, оларға
193
өзгелерден өзгеше ғажайып рең беруге тырысқаны жөн (эмблема, айырым белгілері, көркем безендірілуі, қабырға газеті, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды, дәстүрлерді ұйымдастыру).
Сынып жетекшісінің екінші міндеті - психологиялық микроклимат жасау. Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі - ең алдымен ересектер мен балалардың сүйіспеншілігі мен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату, мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек.
Педагог-тәрбиешінің қызметі әртүрлі педагогикалық қызметтердің жүйелі жиынтығы болып табылады. Олар мыналар:
Педагог-тәрбиеші қызметінің құрылымының авторлары п.ғ.к., доцент Л.А.Байкова, п.ғ.к., доцент Л.К.Гребенкина, п.ғ.к., доцент О.В.Еремкиналар.
Достарыңызбен бөлісу: |