Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п


IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.Оқушылардың интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру. Ғылыми көзқарас негіздерін дамыту



бет11/16
Дата02.07.2018
өлшемі1,13 Mb.
#46122
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.Оқушылардың интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру. Ғылыми көзқарас негіздерін дамыту:

оқушының ғылыми негізделген көзқарасын дамыту, адамның табиғатқа және қоғамға деген танымдық, эмоционалдық қатынасын, оның іс-әрекетін дамыту;

диалектикалық ойлауды қалыптастыру, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын, өзара байланысын адамның биосферадағы орны мен ролін түсіндіру;

мәдениет әлемі арқылы жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, тәрбиелеу ісіне кешенді көзқарас қолдану;

танымдық түрткіні дамыту, ойлау іс-әрекетінің дағдыларын, әр тұлғаның жеке-шығармашылық қабілетін дамыту;

қазіргі ғылыми білімді, әлемдік өркениеттік құндылықтарды игерген жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығын ашуга, информациялық мәдениетті қалыптастыруға ұмтылысын дамыту.

Оқушылардың оқуға деген саналы қатынасын тәрбиелеу, танымдық белсенділігін дамыту, ақыл-ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру:

білімді тереңірек игеруге даярлау, алған білімін шығармашылық-пен өмірде пайдалана білуге баулу.

Жасөспірімдердің ғылыми-техникалық білімдерін жетілдіруге қызығушылығын арттыру;

оқуды игерудің қоғамдық құндылық түрткісін саналы түсіну; білімді белсенділікпен игеріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға бағыттау; танымдық іс-әрекетті сараптау мен тұжырымдай білуге, өз көзқарасын негіздеуге үйрету, ақыл-ой мәдениетін арттыру; білімді игерудегі жауапкершілік пен жүйелілікті дамыту.



Қоғамдық омірге қатынас. IX сынып оқушылары дамуының ерекшеліктері денелік, психологиялық және әлеуметтік өзгерістермен байланысты. Бұл жаста атап айтарлығы сол, жаңа әлеуметтік өзгерістер мен өмірді өздігінен тандаудың алдында тұруы болып табылады. Бұл қатынаста олардың дамуы көп жағдайда өзін-өзі билеушілікті талап етеді. Жоғары сынып оқушыларының тәрбиесінде жоғары адамшылық қатынастарды жете

142


түсінушілік пайда болады, Оқушылардың мінез-құлқына әдептілік пен эстетиканы ғана ендіру емес, олардың әмірде қабылдауға тиісті мәдениеттің насихатталынуы, саяси сананың, берік көзқарастардың орнығуы қажет.

Педагогтар оқушыларға тапсырмалар бере отырып, бастамасын, өзін-өзі билеушілігін дамытуы, ақыл-кеңес және тілек түрінде көмек көрсетуі керек.

Олардың ойдың шығармашылық күші мен шексіздігіне сенуі; қоршаған әлем туралы өз білімдерін үнемі толықтырып отыруы; табиғат пен қоғамға деген дүниежүзілік мәдениетті кіріктіру үрдістері, қоғамның бейбітшілікпен дамуы жөніндегі материалистік көзқарасын дамытуы керек.

Жоғары сынып оқушылары халықтар арасындағы достықтың мәнін ізгілік рухында түсіне білу керек.

Жоғары сынып оқушылары тәрбиесінің бастысы—іс жүзінде ізгілік ұстанымдарын жүзеге асыру: Отанды қорғауға әрқашан даяр болу, халықтар арасындағы достықты нығайту, отбасы алдындағы міндетті орындау. Достықтың, таза адамшылық қарым-қатынастың мәңін түсіне білуі, қыз баланың намысы мен ер жігіттің абыройын сақтай білуі керек.

Қоғамдық орындарда, ата-аналар, мұғалімдер алдында мінез-құлық қалыптарын орындауға, туыстарға құрмет көрсетуге және бір-біріне көмектесуге тырысу; әдептілік көрсету және адамшылық қарым-қатынастың мәнін бекіту; әділдік, ашықтық; әрқашан өтірікке қарсы күресу басты міндет болып саналады.

Нарықтық жағдайда адамшылық қатынастарды орнату үшін Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрыптарын құрметтеу, өз заттарына жинақы болу және табиғатқа ұқыптылықпен қарау және үнемшіл болу көзделуі керек.

Тоғызыншы сыныптықтар мінез-құлық мәдениетінің негіздерін мектепте де, отбасында да, үлкендер арасында да, өзінен кішілермен, мүгедектермен қарым-қатынаста да сақтай білуге міндетті. Әрқашан ішкі мәдениетті сыртқы әдептілік қылықтармен біріктіруі, ұқыпты киіне білуі қажет. Өмірде және еңбекте пайдаланылатын ізгілік ұстанымдарын игере білуі, Қазақстан азаматының құқықтарымен және міндеттерімен танысуы, адам құқығын құрметтей және қорғай білу; қоғамдық пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуі керек.

143

Адамгершілік мәдениеті тәрбиесініц міндеттері мен мазмұны. Адамгершілік, мораль қалыптары туралы түсінікгерді жетілдіру.

Жеке тұлғаның адамгершілік сапасын қоғамға қатынасы арқылы дамыту: Отанды сүю, өз халқың құрметтеп, оған адал болу, Отанды қорғауға әзір тұру; халықтар арасындағы достықты нығайту, бейбітшілікті сүю, ел үшін күресу.



Адамдарга қатынасы: гуманистік сезімді тәрбиелеу. Мәселен, әр адамға жылы жүзбен, мейірімділікпен қарым-қатынас жасау; мектепте мәдениетті адамның қарапайым этикеттік қалыптарын қолдану; адамды жас ерекшелігіне, әлеуметтік орнына, қабілетіне, қызмет орнына, материалдық жағдайына қарамастан құрметтей білу; өр адамның қадыр-қасиетін, ерекшелігін бағалай білу, құрмет көрсету; мейірімділікті дамыту, жасөспірімдерді аялай білу, құрметгеу, ересек адамдар мен қарияларға сыпайылықпен қатынас жасау.

Өзіне және іс-әрекетіне қатынасы: “ар”, “ұят”, “парыз”, “жеке , бастың қадыр-қасиеті” тәрізді адамгершілік категориялардың мәнін түсіну; өз ісі мен ұжымдық істі орындаудағы жауапкершілікті сезіну, өз ісін көпшіліктің талабына қарай бейімдей білу, қыздар мен жігіттердің адамгершілік қатынасын жетілдіру, қыздардың ар-ұятына кір келтірмеу, жігіттің қадір-қасиетін сақтау; өз көңіл-күйін игере алу, өз іс-әрекетін бірқалыпта ұстай білу, ұстамдылық пен төзімділік таныту, батыл, ержүрек болу; мінез-құлықтың ерік сапасын дамыту; шешім қабылдауда табандылық танытып, мақсатты анықтай білу, оны іске асыруда тиімді жолдарды пайдалану; адамның сыртқы мәдениетін (келбеті, сөйлеуі, іс-әрекеті, отбасындағы мүшелермен қарым-қатынасы, қоғамдық оқу орнындағы және мектеп өміріндегі) дамыту.

Еңбекке қатынасы: еңбек ете білуге, өз ісінің нәтижесін көпшілік жетістігінің бөлігі деп қарауға тәрбиелеу; қоғамдық пайдалы еңбектің адамгершілік түрткісін жер бетіндегі тіршілікке қосқан үлес деп қарау, нарықтық қатынас жағдайындағы өндіріс орындарындағы еңбек: құрылыс, транспорт, көпшілікке қызмет ету орындарымен таныстыру, жеке кәсіпкерлік түрлерімен таныстыру; оқу және ' қоғамдық пайдалы еңбек барысында еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру; әр уақытта адам еңбегінің, жан дүниесінің ізін, таңбасын сезіне білу, қоғам мен жеке бастың материалдық игіліктеріне

144


ұқыптылықпен, құрметпен, қамқорлықпен қатынас құруы, еңбек жолын саналы таңдай білуі.

Экологиялық мәдениетті дамыту, табиғатгың тылсым сырын түсіне білуге ұмтылу. Табиғат — ең жоғары құндылық, адамзаттың бесігі. Адам — табиғаттың құрамдас бір бөлігі; табиғат байлықтарын үнемді, экономикалық жағынан тиімді пайдалана білу; адам өмірін сақтау үшін экологиялық зиянсыз ортаны жасау. Айналадағы құбылыстарға “адамдық” мән бере білу, Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық негізін түсіну. Табиғатпен үндесу, тұтасу үшін халықтық дәстүрлерді пайдалану.



Жоғары сынып оқушыларын мәдени дағдыларды игеруге тәрбиелеу. Жүріп тұру мәдениет ережелерін игеру — мәдени іс-әрекет дағдылардың негізі, айналадағы адамдардың ыңғайын сақтау, адамның қадыр-қасиетін түсіну, осының бәрін өзі ғана орындап қоймай, басқалардан да талап ету керек.

Әлемге аты әйгілі педагогтардың бай мұраларынан дәстүрлі мәдени тәрбиенің жетістіктерш игерту. Мәдениетті адам болу үшін мәдени дағдыларды ғана игерумен шектелуге болмайды. Ең аддымен өз бойында ішкі мәдениетті қалыптастыру қажет: халықпен бір-тұтастық сана-сезім, ұжым алдындағы жауапкершілік, үлкенге ізет көрсету, жоғары ізгілік мұраттарға ұмтылу, қазақтың ұлттық қарым-қатынас мәдениетін игеру.

Мәдениетті адам өзін үнемі тәрбиелейді. Сондықтан өз іс-әрекеттеріне жауап береді. Өмірлік тәжірибе мынаны ескертеді, егер өзіңді бақытсыз сезінсең, сенің алғашқы адамгершілік міндетің - өз бақытсыздығынды айтып, өзгенің мазасын алма. Бақытсыздығынды жеңіп, ертеңгі ғана болашағынды ойлауға бар күш-қуатыңды жұмылдыра білуге тырысу керек.

Кез келген уақытта және кез келген жағдайда өз қадір-қасиетінді кетірме, өз әрекетіңе жауапкершілікпен қара, көңіл-күйіңді төмендетпе, осының бәрі басқаларға деген инабаттылықты білдіреді.

Өзің уөделескен уақыттан кешікпе, әрқашан нақты және жауапты бола біл.

Біреуге уәде бермес бұрьш уақытың мен мүмкіндігіңді алдын ала ескер. Өз қадырыңды кетірмес үшін, кез келген жағдайда берген уәдеңе берік бол.

Инабатты адам айналасындағылардың көңіл-күйін ескеріп, артық сөз және қимыл жасаудан аулақ болуға тырысады. Әрқашан ұстамдылық көрсетіп, ешқашан

145


біреуді жәбірлеуге жол бермеуді көздеп, біреудің қателігіне күліп, табалауға жол бермеген жөн.

Қандай болса да ашу қысқанда немесе ренжігенде ешкімге тіл тигізбе, жәбірлеме.

Кез келген ескертуді инабаттылықпен білдіре білуге ұмтылу.

Әдептілік — істеген әрекетің өзгелерге қайырымды болып, қанағаттанарлық сезім әкеліп, ешкімге кедергі, ыңғайсыздық келтірмеуін көздеу.

Ашушаң, бірақ тәрбиелі адам әдейі немесе байқаусыз жәбірленген сөзі үшін кешірім өтінеді. Осы ережені кішілер үшін де пайдалануды ұмытпаңдар.

Сөйлеу мәдеииеті. Өз ойыңды қысқа, тиянақты, анық білдіруге, дауыс ырғағының өзгеруіне көңіл аудара білуге ұмтыл.

Істеген ісіңіз бен сөзіңізге сыпайылық тән болсын. Әңгіме-лескенде, “өңгіме желісіне көтеріңкі көңілмен” араласу қажет. Өйткені әңгімелесіп отырған адамға сіздің биязылығыңызбен, көтеріңкі көңіл-күйіңіз жақсы әсер етеді. Әңгіме желісіне биязылықпен, жылулықпен араласу арқылы әңгімелескен адаммен тез түсінісуге болады.

Адамның мәдениетгілігі тек сөйлесе білумен шектелмейді, ол өзгені де тындай білуі тиіс. Сөйленген сөзге жауап бермес бұрын, сөйлесіп тұрған адамның ойын тұтас тындап, жақсы түсініп алып, жауап беріңіз. Сөйленген сөзді соңына дейін түсініп алмай, алғашқы әсеріңізбен күліп немесе жауап қатып ыңғайсыз жағдайда қалуыңыз мүмкін.

Сөйлеген сөз жүйелі, нешделген болуы тиіс.



Оқушылардың сөйлеген сөзіне назар аудару. Жүйелі, анық, лексикалық мазмұны бай сөйлем құра білу сөйлеу мәдениеті қалыптасқан ортада дамыды. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін, мақал-мәтелдер, сөз — ойындар, ертегі, аңыздарды т.б. ауыз әдебиетінің маржанын пайдалану арқылы оқушының адамгершілігі қалыптасады.

Еңбек тәрбиесінің мазмүны мен міндеттері. Еңбек туралы, оның ұжымдық еңбекпен өзара байланысы туралы және ұжымдық еңбектің жетістіктері туралы білімін қалыптастыру.

Еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру, жаңалық тапқыштық, техникалық ойлар, құрастырулар туралы мағлұматгар беру, техникалық құжаттарды пайдалана білуге, оқушьшарды мамандық тандауға даярлау. Қоғамға пайдалы еңбекке қатысу.

146

Нарықтық қатынастарға түсумен оларды игеру, ұясымның және жеке шаруашылықтың еңбегімен танысу, нағыз онды сапаларды іріктеп ала білу.



Отбасында ізгілік қатынастарын көрсету: қүрмет, сүйіспеншілік сезімі, сабырлылық, денсаулық және бүл қатынастарды қолдау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу.



Эстетикалық мәдениетті тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны. Міндеттер: Жоғарғы сынып оқушыларының бойында мынадай эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастырған жөн:

- жалпы қоғамның эстетикалық мәні туралы түсінікті, адамзаттық өмірдегі эстетикалық мұраттары туралы түсінікті;

- өнер туындыларының (көркем әдебиет пен көркемөнер) эстетикалық құндылығын терең ұғынып талдай білуге, оны өз өмірінің мәніне айналдыруға, өнердегі шынайылық пен көркем бейне мәселесін түсінуді, өнердегі мазмұн мен түрдің бірлігі, ішкі және сыртқы үйлесімділікті, өнер тарихын, көркемөнердегі әдіс пен стильдің маңызын білуді;

- көркем шығармашылық сабақтарына қатысып, көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастыруды, өзінен жасы кішілермен осы бағытта жұмыстар ұйымдастыра білуді;

- адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік мәнін түсінуді;

- табиғаттың адамға тигізер адамгершілік-эстетикалық ықпалын пайдаланудың мәнік ұғынуды;

- табиғатты қорғаудың белсенді практикалық істеріне араласуды;

- өзін қоршаған ортаның, қоғамның талап-мұратына сай эстетикалық талғам мен сән туралы ұғымын қалыптастыру;

- өмірде өзі көріп жүрген ұсқынсыз құбылыстар мен бұрмалаушьшыққа төзбеушілікті, өнердің шынайы туындыларын жасандылықтан ажырата білуді қалыптастыруды.

Эстетикалық тәрбиенің мазмұны.

1. Оқушыларға эстетика жайлы түсінік беру және адамзат атаулының эстетикалық мұраттарын түсіндірудің қажеттігі.

Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, К.Маркс,

Ң.Г.Чернышевский, Ш.Уәлиханов, Ы.Адтынсарин,

147

А.Құнанбаев, Г.В.Плеханов, А.Луначарскийлерд қоғамдық құбылыс пен өмір шындығы, ғылым мен өнер туралы ой-пікірлерімен таныстырудың маңызъі, “Ұлылардың әсемдік жайлы ұлағаты” деген тақырыпта лекция, баяндама тыңдатуға болатыны.



2. Адамзат мәдениетінің және қазақ халқы мәдениетінің даму ерекшеліктері жайлы балалардың ой-өрісін дамытудың қажеттілігі. Мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан халықтың басқа да саналуан кәсіппен шұғылданатыны. Ата кәсіп, ата мұра, ұлттық өнер деген ұғымдарды қалыптастырудың тәлім-тәрбиелік мәні. !

Көшіп-қону мен қыз жасауының жабдығы үшін халықтың қолөнерінің жетілгені: киіз басьш, кілем, құр тоқу, ер тоқым дайындау, қыздың жасауларына білезік, сақина, шолпы, алқа, т. б. әшекей заттар даярлауы. Оларға түрлі-түсті айшықты ою-өрнектерді пайдаланғаны, Ою-өрнекті тұрмыстық заттар мен кесенелерге, киім түрлеріне шебер қолдануы, оның бүгінгі өміріміздегі заңды жалғасы.

Оқушылар қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастыру, түрлі цехтар ашып, оны дамытудың кәсіби бейімділіктерін ұштаудағы тәрбиелік мәні. Өнегелі ұл, өнерлі қыз тәрбиелеудің қажеттігі.

3. Көшіп-қону тұрмысының өзі халықтың көңіл сергітетін ойын-сауық, дүрмек, жиын-той, ас, бәйге, көкпар, айтыс, жыр кештері секілді өнер жарыстарын өткізуге бейімдеп, адамдардың бойындағы талантын ұштай, түсуде маңызды қызмет атқарғаны. Тұрмыс-салт жырлары, лиро-эпостық жырлар, жыраулық, шешендік дәстүрді бастау көзі, оның халық тұрмысында, елдік пен ерлік дәстүрінде жатқаны. Тазша бала, Жиренше мен Қарашаш, Алдар көсе жайлы аңыздардың тәрбиелік мәнін ашаты жұмыстарды жүргізудің қажеттігі.

4. Бүгінгі сәулет өнерінің ертедегі сәулеткерлікпе байланыстылығы жайлы түсінік берудің тәсілдік жағы. Ас ірі сауда, қолөнер, ғылым мен мәдениет орталығы ежелгі Отырар, ұлы Жібек жолы туралы балаларға мәлім беру.

Орталық Қазақстандағы Домбауыл ғибадатханасы, Көне Тараз маңындағы Бабаджи Хатун, Айша Бибі күмбездерінің, Сыр бойындағы Сарман Қосы мүнарасының, Сырлы Там күмбезінің, Маңғыстаудағы Шақшақ Ата Жертөле мешітінің, Түркістандағы А.Иассауи кесенесі ескерткіштерінің тарихын оқушыларға таныстыру

148

арқылы тарихи-мәдени ойын дамытудың маңызы. Алматы, Ақмола және тағы басқа қалаларда сән түзеп тұрған сәулетті де зәулім ғимараттардың әсемдігіне балалар ңазарын аударып таныстыру.



5. Қазақ халқының көне музыкалық аспаптарымен таныстырып, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, жетіген, керней, адырна, тұяқтас, дауылпаз, сазген, асатаяқ, дабыл, уілдек, шартылдауық, дүңгіршек секілді аспаптарының ұлттық және фольклорлық болып екі топқа бөлінетінін түсіндірген жөн. Қорқыт ата есімімен, Кетбұғаның “Ақсақ құлан” күйімен, Т.Молдагалиевтің “Боз інген” поэмасының аңаздар мазмұнымен байланысты тууы, оларды балалар жүрегіне жеткізудің тәрбиелік мәні.

6. Қазақтың өйгілі күйшілерінің тарихтағы, мәдениеттегі орны. Асанқайғы, Қазтуған, Байжігіт, Абылайхан, Махамбет, Боғда, Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Қазанғап, Дина, т. б. күйшілік өнерімен таныстырудың қажеттігі.

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің мәдени өміріміздегі орны. Оны ұйымдастырудағы А.Жұбановтың еңбегі.

Композиторлар А.Жұбанов, М.Телебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, Н.Тілендиевтердің шығармашылығына арнап музыка кештерін өткізудін маңызы.

7. Жырау, сал-сері, суырып салма ақын туралы балалар түсінігін тереңдетудің қажеттігі.

8. Сал-сері деп кімдерді айтатынымызды оқушыларға жеткізудің маңызы. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, үкілі Ыбырайдың халықтық дәстүр негізінде орындаушылық тәсіддерді терең меңгергенін, сол дәстүрді жалғастырушы Әміре Қашаубаев аса күрделі, ерекше шеберлікті қажет ететін “Ағаш аяқ”, “Жалғыз арша”, “Үш дос” өндерін Париждегі (1925 ж.) Майндағы Франкфургте (1927 ж.) бүкілдүниежүзілік көрмелерде асқан шабытпен орындап, тындаушы жұртты қайран қалдырғанын ұрпақтар жүрегіне жеткізудің тәрбиелік мәні.

Мектепте түрлі әншілермен кездесулер өткізу, халық әндерінің конкурстарын, композиторлар шығармашылығына арналған кештер, музыка аталығы, ән мерекесі күндерін өткізіп, балалардың өнерін тамашалауды дәстүрге айналдырудың маңызы.

9. Жас буынды өнерді сүюге баулуда айрықша орын алатын — айтыс. Айтыс өнерінің ақындық мектебін

149

қалыптастырған Жанақ, Түбек, Орынбай, Шөже Кемпірбай, Әсет, Күдері, Бұдабай, Сүйінбайлардың айтыскерлік дәстүрін, оны әрі қарай дамытушы Жамбыл, Нүрпейіс, Шашубай, Иса, Кенен, Нартай, Нүрлыбек, т. б. ақындардың айтыс өнерін көркемдік биікке көтергенің, бүгінгі жүзден жүйрік, мыңнан түлпар шыққаң Қатимолда, Манап, Тәушен, Надежда, Серік (Қүсанбаев), Әселхан, Қонысбай, Әсия, т.б. ақындардың айтыскерлік өнерін танытудың тәрбиелік мәні.



10. Оқушылардың айтысын өткізудің, жеңіл тақырыптарды жырлауға баулып, сөз өнеріне, шешендікке тәрбиелеудің қажеттігі.

11. Опера, балет, драма туралы түсініктерін тереңдету жолдарын іздестіру. М.Төлебаевтың “Біржан — Сара”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай” операларын тыңдату, М.Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыланды”, “Айман -Шолпан”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, Қ.Бекхожиннің “Ұлан асу” спектакльдерін көрсетіп, талқылап отырудың маңызы.

Өздерінің басқаруымен концерт-ертегі, түрлі сахналық көрініс, хор, ансамбль ұйымдастыруына қамқорлық жасаудың қажеттігі.

12. Жасөспірімдердің туған өлке табиғатын сүюге және оны тиімді пайдалануға, ластау мен бүлдіруден сақтауға деген азаматтық-патриоттық сезімдерін оятудың тәлім-тәрбиелік маңызы.

Көркем шығармаларды оқыту, кино, спектакльдерді көрсетіп, талқылап отыру арқылы табиғатты қорғау мен сүюдің адамгершілік-эстетикалық мазмұнын ашудың қажеттігі.

Оқушыларға Ә.Қастеевтің “Көкшетау”, “Бурабай” картиналарын таныстырудың тәрбиелік мәні.

13. Мектептің ішкі безендірілуі мен түрлі қабырға газеттері, суретшілер қаламынан туған портреттердің, пейзаждық картиналар мен халық тұрмысының өткені мен бүгінгі жағдайын бейнелейтін туындылармен таныстырудың балалардың көркемдік бейімін ұштай түсетіні.

“Жас суретшілер” үйірмесіне қатыстыру, “Дөңгеленген дүние көз алдымда” атты суретші балалар туындыларының көрмесін ұйымдастыру, “Жылдың ең үздік суретшісі”, “Сиқырлы қыл қалам” атты конкурстар өткізіп отыру, Жаңа жыл, Наурыз мейрамдарында сахна кейіпкерлеріні

150

арнап суреттер салып, киім дайындаудың балалар шығармашылығын арттырудағы маңызы.



“Ә.Қастеевтің өнер өлемі”, “Х.Наурызбаев — халық мүсіншісі” деген тақырыптарда көрме жасап, кеш өткізудің тәрбиелік мәні.

14. Талғам, сән, сымбат, әдеп туралы балалардың ойын, ұғымын тереңдетудің қажеттігі. Сыртқы сұлулық пен ішкі әлемнің, жинақылық пен әдептіліктің үйлесімділігін сақтауға баулудың маңызы.

Адамдар қатынасындағы адалдық пен сенім тазалығы, түрлі қолайсыз іс-әрекеттер мен жат пиғылдарға қарсы тұра білушілік, азаматтық сезім, шынайы сыйластық пен сүйіспеншілікті бала бойына дарытудың тәрбиелік мәні.

15. Сөз өнері, сөз құдіреті, тіл тазалығы, көркемсөз туралы оқушылар түсінігін қалыптастырып, мәнерлі, таза, мәдениетті сөйлеуге, шешендік өнер мен ақындыққа бейімдеудің маңызы. Халқымыздың “от ауыз, орақ тілді” шешендері мен айтыс ақындарының өмірімен таныстырып, түсіндірудің қажеттігі.



Дене мәдениеті тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Міндеттері:

1. Денесін шыңдауға байланысты гимнастикаларды орындау және жеңілден күрделіге қарай күрделендіріп отыру.

2. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына байланысты өнерді және тұрмыс-тіршілікте кездесетін еңбектерді меңгерту.

3. Жеке бастық гигиена мен қоғамдық гигиенаны, тазалықты сақтауға дағдыландыру.

4. Спорт түрлерімен шұғылдана отырып, спорттың даму тарихын білу, талаптарын меңгерту.

5. Спортқа байланысты формаларды сақтау және спорт нормативтерін тапсыру. Шеберліктерін дамыту.

6. Туристік жорықтарға байланысты тәсілдерді білу. Жазғы, қысқы, көктемгі, күзгі жорықтарға қатыса отырып, дене шымырлығын қалыптастыратын қасиеттерді меңгеру. Туристік жорықтардың схемасын құру.

Мазмүны: IX сыныпта нағыз күрделі тәрбиелік жұмыс басталады, ол оқушылардың жауаптылығын және өзін-өзі билеушілігін дамытудың жалғасы болып табылады. Сондықтан бұл міндеттер спорт теориясын игеру үрдісінде күрделене түседі.

151


IX сыныпта дене тәрбиесінің мазмұнына Қазақ халқының ұлттық спорт түрлеріне, оның тәлімдік мәнін ашуға қазақ халқының спорт тарихының дамуы туралы еңбектің дене шынықтыруға ықпалы; әлемдегі спорттың дәрежесін білу және оны талқылау; қоршаған ортаны және табиғатты қорғау; дене дамуының жасқа сәйкес келуі , Отан алдындағы борышты орындауға даяр болу т.бі мәселелерге көңіл бөлу:

IX сынып оқушылары — дене құрылысы жағынан өсіп жетілген азамат. Ол еңбекке белсене араласуға мамандықты өз бетінше игеруге, Отанын қорғауға белгілі даярлығы бар дене құрылысы пісіп жетілген.

Бұл сынып оқушыларының спорттық мәдениетін арттыру мақсатында кештер, спорт шеберлерімен кездесулер, конференциялар өткізіледі.

Мына тақырыптарда әңгімелер өткізуге болады: “Денені шынықтырудың әлеуметтік мәні”, “Дұрыс тамақтанудың маңызы”, “ІПыныққан дене шымыр”, “Шыныққан дене төзімді, шыдамды болады”, “Зиянды әдеттерден сақтанудың жолдары”, “Ішімдік пен темекінің, нашақорлықтың адам организміне зияны”, “Салауатты өмір салты ұзақ өмір сүрудің кепілі” т.б.

IX сынып оқушыларын мектепаралық, аудандық, облыстық жарыстарға даярлап, мектеп, аудан, облыс абыройы үшін күресе білуге баулу.

Көп жасаған еңбек қайраткерлерімен кездесу өткізіп, “Ұзақ жасаудың сыры” деген тақырыпта әңгіме-кездесу өткізу. Шекара күзетіндегі түлектермен кездесу өткізу, “Шекарашылардың бойында қандай қасиеттер болу керек” деген тақырыпта әңгіме өткізу. Соғыс ардагерлерімен кездесіп, “Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерліктің сыры Отан сүюшілікте” деген тақырыптарда әңгіме-сухбат өткізу.

“Сен ерлікті қалай түсінесің?”, “Бейбіт өмірде ерлікке орын бар ма?” деген тақырыптарда пікір айтысын өткізу.

Ерлік туралы шығарма жаздыру. “Ерлік еңбекте де шынығады” деген тақырыпта еңбек ардагерлерімен кездесу-сұхбат өткізу.

152

3. ЖАҢА ТИПТІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



3.1. Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуды ізгілендіру мәселелері

Осы күнге дейін қалыптасқан тәрбие ісі қоғам қажеттілігіне құрылған болатын. Оқушыға қойылатын талаптар үнемі сырттай танылып, оның ішкі жан дүниесі, талпынысы ескерілмей келді. Ұстаз үнемі шәкіртті өзгертумен айналысып, ол дүниеге келгеннен бері дұрыс тәрбиеленбеген деген ой-пікірмен қарап келді. Сөйтіп тәрбие философиясы мен баланың табиғи даму зандылықтары қайшылықта болды.

Қазіргі ұстаздар тәрбие үрдісіне философиялық тұрғыдан қарап, түсінуге міндетті. Тәрбиедегі басты мәселе — оқушының тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта дамытуды көздеу. Гуманизм (адамшылық) дүниетаным принципі, оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенім мен ерік бостандығы, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген идея жатады.

Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан гуманизмге адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі олардың ар намысын, абыройын, ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп білеміз.

Түйіндей келе, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой-шабытының ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшьшықтың шынайы иесі деп қабылдаймыз.

Жаңа гуманистік тәрбие жүйесінің негізі-бала. Ол өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі аңықтайтын, өзін-өзі іскерлікке баулитын тұлға. Бала өзі оқып үйреніп, өзі дамып, өзін-өзі тәрбиелейді. Өзі ғана өз өмірі мен тағдырына жауапты. Адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Сөйтіп, өз ой-пікірімен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады. Мұнан туындайтын мәселе, тәрбиені

153

тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін философиялық тұрғыдан ойлауы тиіс.



Тәрбие философиясындағы экзистенциализм бағытындағы басты ұстаным — қоғамның әлеуметгік-экономикалық және рухани тоқырау жағдайыңдағы адамның сабырлылығына аса мән береді. Оның өкілдері Ж.-П.Сартр, М.Хайдеггер, К.Ясперс, т.б. адамды біреудің жеке басының пайдасына объект ретінде қолдануына қарсы болды, олар адамды еркін субъект ретінде қарастырып, оның өмірлік ұстанымы үнемі белсенді болып, сыртқы ортаның әсеріне қарсы түра білуі тиіс деп қарастырады. Олардың пікірінше, адам еркі абсолютты болғандықтан, өз мақсатын іске асыра алатын мүмкіндігі мол, айналаға тәуелсіз тұлға. Адам бостандығы кез келген жағдайда сақталып, оның таңдау еркі түрлі жағдайда жүзеге асады.

Бұл философиядағы бостандықтың мәні адамдардың іс-әрекетінің сыртқы жағдайдың ықпалымен емес, ішкі талпынысты іске асыратын іс-әрекет құралын таңдай алуында.

Еркіндік тұлғаның жауапкершілігін арттырады, Тұлғаның материалды жөне рухани жағдайларға тәуелді болуы еркіндікті шектейді, соның салдарынан жауапкершілігін төмендетеді. Сонымен, экзистенциалистік философия адамгершілік-этикалық сипатта болып, белсенді өмірлік ұмтылысты қалыптастырады.

Қазіргі тәрбие теориясында түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тәрбие мәселесіне мәдениет тұрғысынан қарау, мәдениет жетістіктерін тәрбиеде пайдалану, қазіргі мәдениетгің ауқымын ескеру, тәрбиенің құндылықтар жүйесіндегі орнын, маңызын айқындау көзделеді. Осыған орай тәрбиенің мақсаты, міңдеттері, мазмұны, әдістері, түрлері ұлттық және жалпы адамзаттық негізде қарастырылады (Н.Е.Щуркова, 1998).

Тәрбие мақсаттылықты нысанаға алып, ғылыми негізде құрылып, бала табиғатын бейнелейтін және тұлғаның дамуын ескеретін, ұстаздың ұйымдастыруымен баланың қоғамдық мәдениетке енуін қамтамасыз ететін, қазіргі қоғамда өмір сүре білуін дамытатын, өз өмірін, адамдык, өмірге лайықты етіп құра алатын қабілетін дамытуды көздейді.

Оқушыны мәдени құндылықтар арқылы тәрбиелегенде, оған қазіргі өмірді, ондағы адамдардың өмірін көрсетіп, өзінің өмірлік жолын таңдауға, оны саналы түрде іске

154

асыруға бағыттау қажет. Мүғалім оқушыға адамға лайықты өмір сүруді қайырымдылық, ақиқат, шындық негізінде көрсете білуі керек.



Мұғалім тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсінуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты мұғалімге үнемі бағдар береді және тәрбиенің жалпы бағытын аңықтайды. Ал міндеттер оқушьшармен атқарылатын жұмыстың мазмұнын, әдісін, түрін және өмірлік мәселелерді шешуді көздейді.

Мұғалімге мәдени тұрғыдан қойылатын талаптар мынадай: оның іс-әрекет, қимылы, тұла бойы мәдениетке үйлесімді, өмірі үлгілі-өнегелі, рухани сапасы жоғары болуы қажет.

Мектепте оқушының денсаулығын сақтауға, оның көніл-күйінің көтеріңкі болуына, жүріс-тұрыс, іс-қимылы еркін, мұғалімдер тарапынан психологиялық қысым көрсетілмеуіне жағдай жасап, олардың өзара қарым-қатынасын мейірімділік пен достыққа, өзара түсіністікке құру ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет