С.Қалиев, Ш.Майғаранова,
Г.Нысанбаева, А.А.Бейсенбаева
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Алматы “Білім” 2001ББК
Ы.Алтынсарин атындаеы Қазақ Білім академиясының оқу-
әдістемелік кеңесі ұсынган.
Қалиев С. ж. б.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. -Алматы: "Білім", 2001, -224 б.
Жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор С. Қалиев; 1.4-тармақшаны А. Тынышбаева, О. Жұмаділлаева; 3.4-тармақшаны
С. Иманбаева жазды.
Пікір жазгандар:
Л.Керімов — Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы;
Ә.Әмірова - Қазақтың қыздар педагогика институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбекте тәрбиенің теориялық мәселелері қарастырылып, I-XI сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбиелік істердің алуан түрлері көрсетілген. Тәрбие мәселесіие арналған оқу-әдістемелік құрал мектеп басшылары мен ұстаздар қауымына арналған.
Мазмұны
Кіріспе
1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы коғамдық ортаның рөлі.
1.1. Жекс тұлға туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері. Адамның құмарлығы.
1.2. Адамның өмірді және өзін-өзі танып білуі.
1.3. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық теориялар.
1.4. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және танымдық дамуының психологиялық ерекшеліктері. Тынышбаева А., Жумадімаева О.
2, Окушының жеке басып дамытудың жалны мәеелелері.
2.1. Жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік қызметінің мақсаттары мен міндеттері.
2.2. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаны
қалыптастырудың негізі.
2.3.Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
2.4.Оқушыны дамытудағы тәрбие тәсілдері.
2.5. 1—IX сынып оқушыларымен жүргізілетін үлгі тәрбиелік
істер.
2.6. 1—IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері
мен мазмұны.
3. Жаңа типті мектептердің жоғары сыныптарындағы тәрбие
жұмыстарының ерекшеліктсрі.
3.1. Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін ізгілендіру
мәселелері.
3.2. Тәрбие ісіндегі қажеттіліктің мәні.
3.3. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы.
3.4. Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау. Иманбаева С.
3.5. Мектептің отбасының және қоғамның тәрбиелік
мүмкіндіктерін кіріктіру.
Қорытынды.
Пайдаланылган әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда. Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттігі пайда болды. Оның үстіне, өтпелі кезендегі нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа ұшыраған әрбір отбасының экономикалық ауыр халахуалы тәрбие мәселесіне кері әсерін тигізіп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көріс қамымен базар жағалап немесе жұмыс іздеп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 11—13 жасар жеткіншектерді шылым шегуге, ішімдікпен, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысуға, ұрлық істеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатігездікке итермелеуде. Сонымен бірге мектепте қоғамға пайдалы істердің бәсеңдеуі оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын төмендетті, сондай-ақ мектептердегі оқу-тәрбие ісінде етек алған формалистік көзқарас, тәрбие жұмысын бір мерзімде жүргізілетін науқанға айналдыру, оқу бағдарламасының, жоспарының және оқулықтардың бір сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестік ерекшеліктерге көңіл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негізделген әкімшілік, әмір етушілік сияқты келеңсіз жағдайлар тұлғаны еркіңдігінен айырды. Ол оқушылардың бойында төрбие мәселесіне кері көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшілігі жеке басының ерекшсліктері мен икемділіктерін дамытуға мектеп мүмкіндік бермейді деп санайды.
Әр оқушының қызығушылығын білмегендіктен және олардың психологиялық ерекшелігін ескеріп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен
3
мұғалімдер арасында түсініспеушілік жағдайлар жиі кездеседі. Осының бәрі тәрбие жұмысының үстірт жүргізілуіне әкеліп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшеліктеріне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеуден, олардың қабілеттерін әлеуметтік жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Соңы жылдары оқыту мен тәрбие мәселесіне қатар жарыспалы үрдіс немесе тәрбиені оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы білімнің базалық сыңарларын дұрыс таңдай білмеу, білімді ізгілендіруде тәрбиелік мүмкіндіктің толық ескерілмеуі, этникалық мәдени білімнің дүниежүзілік мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты теріс көзқарастар байқалуда. Тәрбие ісінде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және орта мектептермен, көсіптік-техникалық училищелермен тұрақты сабақтастық байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердегі, баспасөздегі, теле-радио хабарлардағы және қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткіліксіз екені байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бір себебі — олардың ғылыми негіздері дәрежесінің төмендігінен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғаның дамуын өмірге сәйкессіз тұрғыда қарастырып келді. Кейде ол өлшемдік ұсыныстар мен нұсқаулар шығарумен ғана айналысты. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсіресе, биологияның, медицинаның, психологаяның жетістіктерін ескермеудің салдарынан тәрбиеге бір жақты қараушылық мектеп тәжірибесінен орын алып келді.
Осыған орай, өтпелі кезендегі жасөспірімдер тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын, оның орнын айқындайтын уақыт келді. Бүгінде стратегиялық бағдарлы тұлғалық ойлардың шығармашылық түрлерін қалыптастыратын, Қазақстан Республикасы халықтары арасында бейбітшілік пен татулықты орнатуға қабілетті, қоғамды ізгілікті адамгершілік тұрғыдан жаңартудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін жүзеге асыруға жәрдемін тигізетін жаңа тұрпатты азамат тәрбиелеудің ғылыми әдістемесін жаңа тұжырымды ғылыми негізде жасаудың қажеттігі алға қойылып отыр. Осындай мақсаттағы
4
қажеттігі алға қойылып отыр. Осындай мақсаттағы стратегия-лық бағыттарға байланысты Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының этнопедагогика және тәрбие лабораториясы соңғы жьшдары пайда болған “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасына” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат түжырымдамасына” (1996), “Қазақстан Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасына” (1996), “Қазакстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдама-сының” жобасына (1997), Қазақстан Республикасының “Білім” заңына (1999), “Ресей Федерациясында оқушы жастарды
тәрбиелеу тұжырымдамасына” (1991), “Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тәрбие бағдарламасы” (2000), сондай-ақ зерттеушілердің ғылыми еңбек-теріне, өсіресе Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М., 1990), В.М.Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М., 1994),Е.Бондаревскаяның “Воспитание - как возрождение гражданина, человека культуры и нравственности” (1993),Гончаровтың “Ұлттық мектептің моделі” (1994),
Л.М.Фридман мен Г.А.Пушкинаның “Оқушылар ұжымында олардың жеке басын зерттеу” (М., 1988),Б.С.Герушинскийдің “Философия образования XXI века” (1998), Г.К.Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, теориясы, практикасы” (Алматы, 1994), П.И.Пидкасистыйдың редакциясымен шыққан “Педагогика” (М., 1996), И.П.Подласыйдың “Педагогикасы”, Б.Лихачевтың “Педагогика” курсы лекциясына (1998), А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың
“Қазақ философиясының тарихына кіріспе” (Алматы,1995), А.САрсеньевтің “Жасөспірімдер философтар көзқарасымен” (М., 1996), Ә.Нысанбаев пен М.С.Орынбековтің “Абайдың дүниетанымы мен философиясы” (Алматы, 1995) сияқты оқулықтары мен оқу құралдарына сүйеніп, басқа да материалдарды басшылыққа ала отырып, оқушыларды тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін жасады.
Жоғарыда аталған еңбектердің бәрінде қазіргі білім мен тәрбие берудің даму өресіне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей үш түрлі бағытта қарастырылған. Олар: 1) Еркін тұлғаны тәрбиелеу; 2) Рухани тұлғаны тәрбиелеу; 3) Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны төрбиелеу.
5
Сондай-ақ бұл еңбектерде жеке тұлғаны тәрбиелеп жетілдіру мәселелерін рухани ізгілікке, ұлттық дәстүрге, “дәстүр сабақтастығына”, “біртұтастыққа”, “жүйелілік” ұғымдарына сыйыстыра қарастыру көзделген.
Тәрбиенің теориялық мәселелерін күнделікті мектеп пен отбасы тәрбиесінде іске асырудың әдіс-амалдарын одан өрі тереңірек қарастырып, Білім академиясының тәрбие теориясы, этнопедагогика және жас ерекшелік психологиясы лабораториясының қызметкерлері “Оқушылардың тұлғалық қасиетін дамытудың педагогикалық негіздері” атты монографиялық еңбек даярлап, мектеп басшылары мен сынып жетекшілеріне көмекші құрал ретінде ұсынып отыр.
Еңбек үш тараудан тұрады. Бірінші тарау оқушыны тәрбиелеп қалыптастырудың теориялық мәселелеріне арналған. Онда адамның бойында айналасындағы құбылыстардың сыр-сипатын білуге деген іштен туа біткен құмарлық қасиеттің болатыны, оны тәрбиелеп жетілдіру арқылы адам санасын өсіру процесінің жүре басталатыны, тәрбие ісін қоғамдық қажеттілікке бейімдей жаңаша құру, тәрбиені гуманизациялау, адамдардың бір-біріне сүйіспеншілікпен қарауы, маңайыңдағыларды қадірлеуі, парасаттылық қарым-қатынасы, қарым-қатынастағы еркіндік, мәдениет жетістіктерін тәрбие ісінде пайдалану, сөйтіп мәдени құндылықтарды меңгерту арқылы оқушыны қоғамға, өмірге ендіру сөз болады.
Бүгінде тәрбиеге жаңаша көзқарас мәселесі оны іске асырушы мұғалімдерге де жаңа талаптар қойып отыр, яғни ұстаздың жеке басының үлгі-өнегесі, рухани сапалық қасиеттерінің жоғары болуы, болмысы мен білім өресінің биіктігі, кендігі, оқушылар бойында үлттық менталитетті қалыптастыруда шешуші рол атқаратыны ғылыми дәйектілікпен баяндалған. Тәрбие ісі оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасына құрылатын болғандықтан, олардың өзара әрекеттесуі әлеуметтік ортада іске асырылады. Баланың басқалармен қарым-қатынасы, өмір сүруі, өмірге деген көзқарасы, түсінігі осы ортада қалыптасады.
Еңбекте қоршаған ортаның кеңістіктік, заттық, оқиғалық, ақпараттық сипаттары ашылып көрсетіліп, оқушыны осы ортада іс-әрекетке тартудың механизмі айқындалған. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынастық іс-әрекетін іске асыруда ой-түрткінін қажеттілігі және оның әр баланың рухани дамуын
6
қалыптастырудың құралы қызметін атқаратыны қарастырылған.
Еңбекте іс-әрекетті ұйымдастыруда рефлекстің мәні, оның оқушының өзін-өзі бақылауына, өз іс-әрекетіне ойша талдау жасауға үйретуге негізделетіні пайымдалған. Оқушыны рухани мәдениетке ендіру ісі қарым-қатынас арқылы, басқалардың іс-әрекеті мен өз іс-әрекетін, мінез-құлқын салыстыру, баға беру арқылы іскс асырылады. Еңбекте рухани құндылықтарды оқушы өз бойына мораль, өнер, ғылым арқылы сіңіріп, ой түйіндейтіні, сөйтіп оның әр затқа, қоғамдық құбылысқа деген өзіндік ой-пікір, көзқарасының қалыптасатыны ғылыми негіздслген.
Тәрбие процесінің тәрбиенің мақсаты мен ұстанымынан, әдістемесінен тұратыны, тәрбиелік қарым-қатынаста жеке тұлғаны табиғи қалпында қабылдаудың маңызы, тәрбие әдісінің, тәрбиенің мақсатына байланыстылығы, оқушы мен оқытушының карым-қатынасында қолданылатын әдістердін де түрленіп, өзгеріп отыратыны және оның оқушының қабілетін ашуға, тәртібі мен көзқараеын реттеп, қазіргі қоғамның мәдени деңгейіне сай келтіруге әрекет жасайтыны айтылады.
Әдістемелік құралда мектеп бітіруші оқушының тұлғалық бейнесін қалыптастырудың шарттары көрсетілген. Ол - оқушыны салауатты өмір сүруге бағыттау, өзінің құқығын қорғай білуге үйрету:
- әр оқушының өзіндік “менін” іс-әрекетте көрсете білугс үйретіп, дағдыландыру;
- өзінің, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіне білуге баулу;
- қоғамдық тәжірибені игерту арқылы іскерлік пен білім, білік, дағдыларды оқушы бойына дарыту;
— мейірімділік, ізгілік, ақиқат, сұлулық қағидаларын берік ұстануға, шығармашылықпсн өмір сүруге үйрету;
— оқушыны айналасындағы адамдарды табиғи қалпында қабылдай білуге үйрету;
~ оқушы бойында рефлекстік қабілеттің берік орнығуын қалыптастырып дамыту.
Ғылыми еңбекте тәрбие арқылы оқушы бойында пайда болатын қажеттіліктің мәні мен түрлері, әсіресе оның адамның өзін-өзі тәрбиелеудегі тәлімдік ролі, солардың әсерінен адам бойында рухани, психологиялық, әлеуметтік дамудың пайда болуы, қажеттілікті қанағаттандырудағы психологиялык ізденістер, оның педагог-ғалымдар Ш.Амонашвили (баланы сүю, махаббат қажеттілігі),
7
И.С.Кон (үлкендерді құрметтеу қажеттілігі), А.В.Петровский (тұлганы қалыптастыру қажеттілігі), А.В.Мудрик (жеке тұлғанын өз мүмкіндігін іске асыру қажеттілігі) еңбектерінен көрініс тауып, теориялық және әдістемелік тұрғыда шешілгені баяндалады.
Екінші тарауда — жалпы білім беретін мектептердің І— IX сынып оқушыларына беретін тәрбис түрлері, оны іске асыруда балалармен жүргізілетін жұмыстар, тәрбие ісіндегі мектеп басшылары, мұғалім-дер мен отбасының және қоғамның педагогикалық әрекеттесуі, тәрбие ісін ұйымдастырудағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттырудың маңызы және оны іске асырудың жолдары, тәрбие ісімен айналысушы ортаның ақыл-парасаты мен ынта-жігерін кіріктіре іскс жұмылдыру мәселелері қарастырылған.
Үшінші тарау орта мектептердің X—XI сынып оқушыларын, гимназия, лицей сияқты жаңа тұрпатты мектептердің түлектерін тәрбиелеп жетілдіруге арналған. Сонымен бірге бұл тарауда “Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы” сөз болады. Технология грек — сөзі. Тсхне — өнер, шеберлік, кәсіп деген сөздердің мағынасыи берсе, логос — ғылым дегеи мағынаны білдірсді. Бір сөзбен айтқанда, “тәрбие технологиясы” дегсніміз тәрбиені реттеп, басқарудың әдістемелік ғылымы деген сөз.
Тәрбиелік қарым-қатынаста оқушылар мсн мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың маңызы зор. Іс-әрекетті ұйымдастыруда ең алдымен бслгілі мақсат көзделуі керек. Мақсат іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Мектептегі іс-әрекеттер сыртқы формасы жағынан оқу әрекеті, сыныптық және мектептегі іс-шаралар, сыныптан тыс әрекеттер (үйірме, клуб, секция жұмыстары) болып бөлінеді. Ал мазмұны, бағыты жағынан: ақыл-ой, дене-қимыл, эмоциялық ерік, адамгершілік-моральдық, қасиеттік іс-әрекет болып бөлінеді, сондай-ақ топ басқарушылық-ұйымдас-тырушылық іс-әрекет, орындаушылық қарым-қатынастық іс-әрекеттері бар.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемонер, техникалық, шығармашылық т.б. іс-әрекеткс үйрету үйірмелері мсн секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез келген қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, техникалық шығармашылық т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез келген
8
қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді үйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, техникалық шығармашылық т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына төн қасиетін, яғни өзіндік "менін" басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралар әр оқушының дүниетанымын қалыптастыру, өмір жайындағы түсінігін кеңейтуді көздеп, жеке басына тән қасиеті мен қабілетін ескере отырып жүргізілуі керек.
Еңбекте оқушылардың ішкі сезімдері мен қажеттіліктерін, өзіндік ұстанымдарын сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында іске асырудың жолдары қарастырылған. Сол сияқты тәрбие процесін басқарудың принциптері, әсіресе ұстаз бен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, оң іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі тануына, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай туғызу, психологиялық микроклимат жасау ісінің маңызы қарастырылған. Сондай-ақ бұл тарауда тәрбие ісінің нәтижесін бағалау, оны іске асырудың анкеталық сұрақ, дәстүрлі бақылау, ұстаз бен оқушының және мұғалімдердің өзара пікірлесуі арқылы іске асыру жолдары көрсетілген.
Тарауда жаңа тұрпатты мектептердің тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері де айтылады. Онда бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістер, ғылыми-техникалық прогресс, ізгі қалыптастыру қоғам процесіне байланысты білім жүйесіне де енген жаңалықтар, жаңа тұрпатты лицей, гимназия мектептері, олардың оқу-тәрбие ісіндегі міндеттері мен мақсаттары, негізгі ұстанымдары, мектеп басқарудың құрылымы мен істі жоспарлау, бақылау әдістері, “Үлгілеу, кіріктіру, түрлі өзгеріс жасау т.б.” сараланып талданған.
Қосымша ретінде жоғары сынып оқушыларының ар кодексінің және “Жыл гимназисі” байқауы ережесінің үлгісі берілген.
Бүгінде қоғамдық өндіріс күштері мен өндірістік қарым-қатынастардың жаңаруы материалдық игіліктерді пайдалануда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды қажет етіп отыр. Ол қоғам мүшелерінің материалдық игіліктерді өндіру мен пайдаланудағы “Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін”
9
дейтін социалистік принцшш теориялық тұрғыда мүлде жаңартуды талап етеді.
Қазақстандық политолог, культуролог, философ ғалымдар бұл мәселемен өзірге түбірлі айналысқан жоқ. Ал ол педагог, психолог ғалымдарға қоғамдық саяси-идеологиялық стратегиялық бағдарлы тұжырым жасауға қиындық келтіріп отырғанын ескере келіп, соған қарамастан, соңғы жыддары ТМД елдеріндегі педагогика, дсихология, культурология саласында шыққан азды-көпті теориялық еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастырудың теориялық және әдістемелік мәселелерін шешуге тырыстық.
Ұрпақ тәрбиесіндегі шешілмеген проблемаларды шешуде орта мектеп басшьшары мен педагог-ұстаздар қауьшына бұл еңбектің белгілі мөлшерде көмегі тиетіні сөзсіз. “Көш жүре түзеледі” демекші, еңбектің келесі басылып шығуына ниет білдіріп, пікір айтушылар болса, авторлар ұжымы оларды алдын ала алғыс айтып, қабыл алады.
Әдістемелік теориялық құрал жайындағы пікірлеріңізді мына мекен-жайға хабарлауларыңызды сүраймыз: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25-үй. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ҚОҒАМДЫҚ ОРТАНЫҢ РӨЛІ
Жеке тұлға туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В.М.Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М.1994), Б.С.Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), В.А.Сухаевтың “Біз әр түрлі тілде сөйлейміз” (1998), А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А.С.Арсеньевтің “Жеткіншектер философтар көзқарасымен”, А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д.Кішібековтың “Философия” (1994), Г.К.Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің өзеісгі мәселелері сөз болады. Әсіресе, Д.Кішібековтың “Философия” атты еңбегінде: “Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?” — деген мәселелер философиялық тұрғыда жан-жақты талданған.
Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге
11
тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына ” білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары
12
достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз. Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде “Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек” - деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір-біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды.Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық зандардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, “жеке тұлға” деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде “Көре алмас іші тар, несі артық менен” деушілердің көп болатынын дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.
Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негіздследі. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына
13
тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:
“Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз”, — деп текке айтпаса керек. Адамның есі оның ішкі ой-сезімімен тығыз байланысты.
“Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма.
Оны ұғарлық адамда сана барда” — деген Абай сөзі де осыны растайды.
Мысалы, суретші алдымен өз ойында қорытылған ішкі сезімді жинақтап,қыл қаламмен, бояу құдіретімен айналасындағыларға сурет арқылы бейнелеп береді немесе ақын, жазушы өз замандастары туралы әссе жазу арқылы олардың жақсы, я жаман қасиеттерін оқырмандарға білдіреді.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? — деген ойға қалады. Олай болса, ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Ерік өлді немесе әлсіз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып-жарушы болып бөлінеді. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп “мың ойланып, жүз толғанып” іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып,кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.
Сонымен бірге, тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Мысалы, стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың
14
қызбалылығынан осыны байқаймыз. Театрда спектакльді көріп отырып, біреулердің солқыдап жылауы немесе ішегі қатып күлуі әрбір жеке тұлғаның ішкі сезімінің сыртқашығуы.
Алайда әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатьш қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімін ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Сонымен, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиетгер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түсінік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс демекпіз.
Әрине, бұл қасиеттер жеке адамның тұлғалық бейнесін айқындай алмайды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бірлікте қарастыруға тура келеді. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі жоқ деп қарағанда ғана әр тұлғаға тән өзіндік “менін” айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы адам өмірінде сыртқы күштердің - табиғаттың және әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, ішкі күштердің бірлігінде ғана іске асырылады.
Біз әр адамның өзіндік өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған-туысқандары мен жора-жолдастарының да, мектептес, сыныптас достарының да, ауыл-аймақтың да әсерінің болатынын естен шығаруға тиісті емеспіз, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ісінің қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкін емес.
Ж. Ммауытов 1918 ж. өзінің “Абай” журналывда жарияланған “Тәрбие” атты мақаласында “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген, жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңідді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сондай болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді. Тәрбиеге үлкен әсер беретін шарттың бірі - медресе. Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, ыждаһатты қылатын, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек” - дейді.
15
Ұлы ойшыл Абайдың “Әркімді заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват” деуі де адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстылығына саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |