Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



бет7/16
Дата02.07.2018
өлшемі1,13 Mb.
#46122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Топтық қатынас саласында — қатыстық топтың жыныс белгі-леріне қарай бөлінуінің дами түсуі, оқиғалық, әрекеттік мазмұнның ортақтасуын жалғастыру (енді бірлескен қызмет) “қатынасқа тартылған уақытша масштабты кеңейту; мектеп ережелерінің өлшемдерін жұмсарту; қатынастың “бірге болу” — дан топтағы танымға дейінгі жаңалығын дамыту.

Мүғалімнен, тәрбиешіден күту: әділдік, бұл жаста ненің құнды болатынына таңдандыра білу, істі қызықты етіп ұйымдастыру.

Жеке басты дамыту мүмкіндігі: жасөспірімнің әлеуметтілігі мен даралығын дамыту.

Әлеуметтік жолдастық қатынас орнату, бірлескен қызметті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыра білудің қажеттігі.

Дербестік: қызмет пен қатынастың субъектісі ретінде өзінің “Меніне” - басқалардың қызығуын түғызу, өзінің табысқа жету жөніндегі ойларын және қарым-қатынас пен қызметтегі ерекшелігін дамыту.

Ересек жасөспірімдер тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Үлкен болудың қажеттілігі - үлкендердің мінез-қүлық-тық қызметіндегі қатынасты, үлкен болудың сыртқы “суретін” игеру. Сонымен бірге үлкендер жасөспірім үшін — үлкендердің бүкіл әлемі емес, ең жақын маңдағы үлкендік: жасөспірімдер мен жастар өзін

86

үлкеннің рөлінде болуға, соның ішінде субъекгивті мәдени жас-өспірімдер топтарына қыр көрсету арқылы қатысуға бейім болады.



Мен бейнесі — қарама-қарсы және тұрақсыз, балалық "Мен" мен қалыптасқан үлкеннің “Менінің” ұштасуы. Мұнда бәрі қарама-қарсы: өзінің дене бейнесінің өзгеруін көрсету; өзінің мінез-құлқына, қабілетгеріне сипаттама беру көзқарасы; қатынастың субъектісі (соның ішінде жынысаралық) және қызмет субъектісі ретінде өзіне баға беру.

Қызметті игеру: тандаушылықтың, даралықтың өсуі және оған мүмкіндік жасаушы қызмет түрінің ерекшелігі.

Бірлесе кызмет ету. Егер топтағылармен қарым-қатынас ерекше түрде қалыптасса, ол тартымды болып көрінеді. Яғни үлкендермен жеткіншектер бірлесе, пікірлесе бір мақсатта іс істесе, қарама-қарсы “алыстағы” есеюмен ұштасса, тартымды болады.

Қарым-қатынаста болу. Ересек - бозбалалықтың мәнерлі үлгісі (сезімді, қарым-қатынасты көрсететін) және оның аспаптық әрекет-терімен (пәндік қызметпен байланысты) негізделген қатынасты дамыту. Әдетге өмірде мәнерлі қарым-қатынас жасөспірімдерде, әсіресе қыздарда, ал аспаптық қарым-қатынас жасөпірім ер балаларда басым болады. Қарым-қатынастықтың осы жақтарының өзара әрекетін дамытуға ұмтылу қажет. Жалпы топтық көңіл күйге әсер сезімге ұмтылыс байқалады. Әдетте қызметтік негізде аралас (жасөспірім қыздар және ер балалар) достық топтар да пайда болады.

Мұғалімнен, тәрбиешіден қызметке басшылық күту. Қызметті біршама ұйымдастыру — кіші жасөспірім арасында, “ақылшы”, ал кіші жеткіншектермен арада, жастар арасында “кеңес беруші” деп аталады.

Тәрбиеші тарапынан (егер ол мәнді, белгілі мәселе жөнінде болса) жетістіктерді және өзінің жасөспірімдік тұжырымын мақұлдатудағы қажеттіліктің өсуі.

Үлгілі көзқарас түрғысынан төрбиеші бағасының тартымдылығы, нәзіктігі, батылдығы.

Даму мүмкіндігі: тұлғалъіқ және дербестік ретінде өзін көрсетуге түрткі болуы. Әлеуметтік жағынан мәнді топтық және жеке бастық тұжырымға келу мүмкіндігімен байланысты қызметтің іс тәжірибесі. Балалықтан үлкендікке, жасөспірімдіктен жастыққа өтудің белгілерін білдіру.

87

Жоғарыда айтылғандардың бәрі бұл көзқарастың оқушыны тұлға ретінде және сынып тобының, ұжымның мүшесі ретінде зерттеу үшін үлкен тәрбиелік мүмкіндікті ашады деген қорытынды жасауға болады.



Сонымен бірге осылайша ұйымдастырылатын тәрбиелік жүйе, ең алдымен, ашық жүйе болып табылады. Оны дамуына сырттан ықпал ететін фактор ретіңде, сонымен қатар сол жүйені өзгертуші ретінде (табиғатты қорғау балабақшаға қамқорлық, шағын аудандағы жұмыс жәнс т--б.) орта айтарлықтай роль атқарады.

Бірақ тәрбиелік жүйе ретінде мектепті жеке басты дамытудың басты мақсаты деп қарамау керек. Оның әрекеттілігінің, тиімділігінің негізгі көрсеткіші оқушының жеке басы болып табылады: оның мектептегі көңіл күйі, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа түсуі, құнды бағдары оның өз бойындағы қасиетгерді жүзеге асырудың алғы шарты болып саналады.



Тәрбиелік жүйенің ұясы — тәрбиелік ұжым -педагогикалық және оқушылық ұжымдардың өзіндік бірлігі. Тәрбиелік жүйедегі басқарудың бастапқы субъектісі педаготтар ұжымы болып табылады. Бірақ оқушылық бірлестік қоғам тек педагогикалық ықпалдың объектісі дегенді білдірмейді. Оқушылар бірлестігі педагогикалық ұжымға әсер етеді, өзінің белгілі бір субъективтік даму жағдайлары кезінде көрінеді. Бұл үрдістер: оқушылар бірлестігін бірлесе басқару, өзін-өзі басқару, өзін өзі ретгеу дегендермен бірлі қарастырылады.

2.4. Оқушыларды дамытудағы тәрбие тәсілдері

Тәрбие технологиясы педагогикалық зерттеулердің қарқынды дамушы саласы болып саналады. Соңғы жылдары отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан педагогикалық технологая (тәсіл) деп аталатын проблемаға талдаулар жасалуда.

Алдымен “технология” деген терминнен нені түсінетінімізді қарастырып көрейік. Энциклопедиялық сөздікке жүгінсек, бұл терминнің тура аудармасы шеберлік, өнер туралы ғылым дегенді білдіреді. Онын мазмұндық жағы мынаған келіп тіреледі: өндіріс үрдісінде пайдаланылатын материалдың құрамын, шикізат түрлері" өңдеу әдістерінің жиынтығы.



88

Педагогикада “педагогикалық технология” (тәсіл) терминінің түрліше мазмұны бар. Бір жағынан "педагогикалық технология” ең басында оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдаланумен, екінші жағынан бағдарландырыла оқытуды дамытумен байланыстырылды. Педагогикалық әдіс туралы толық мағлұмат оның барлық сыңарларының өзара байланыстылығын көрсететін педагогикалық үрдісті құруға қажетті жүйелі көзқарастың болуын талап етеді.

Педагогикалық технологияның мақсаты — білімдік-тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттыру, тәрбиенің жоспарланған нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізуіне кепілдік беру болып табылады.

Тәрбие технологиясы шамамен алғанда педагогикалық тәсілдің, оның тәрбиелік әдісінің аяқталған бөлігі. Сонымен бірге әрекет ретінде ол түрлі әдістерге жанасуға (түрлі қызметтегі әрекетгерге) бейім тұратын өзіндік құбылыс. Әрекет сияқты тәсілдің де шешетін мәселесі тәрбие қызметін айқындаушы және оның себептерімен арақатынаста болатын болса, оның мәртебесі артатын болады.

Тәрбие технологиясы — үрдістегі жекелеген педагогикалық міндетгерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық жоспарларды ұйымдастыру тәсілі, оқушьшармен байланыс орнату тәсілі, педагогикалық диагностика тәсілі т.б. Педагогикалық тәжірибеде даму деңгейіне оқушылардың қолын тезірек жеткізу тәсілінің қажеттігін өмірдің өзі көрсстуде. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісінде оның бойында болатын өзгерістерді, ерекшелігін, даму қарқынын терең білмей тұрьш тиімді басқаруға қол жеткізудің мүмкін еместігін байқатады.

Ұжымдық жоспарларды ұйымдастыру тәсілі. Еліміздің экономикалық-өндірістік қатынасының барлық саласын реформалау саясат, білім, мәдениетке жаңа көзқарас, талап қойып отырған жағдайда мектеп басшыл арының алдында тұрған міндет күрделене түсуде. Мектеп директоры, оның орынбасарлары терең де жоғары педагогикалық білім мен кәсіби шеберлікті, іскерлік пен асқан жоғары жауапкершшікті ұштастыра білуі керек. Басқаруды ғылыми деңгейге көтермейінше, тәрбие жұмысында нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

89

Мектеп ісі демократиялық сипатга және қамқорлық жасау бағытында, мұғалімдер мен сының жетекшілерінің шығармашылық ізденісіне қолдау көрсетіп отыру жағдайында жүргізуі тиіс.



Мектеп басшылары мен мектептің педагогикалық ұжымы сыныптан тыс және мектептен тыс тәрби( жұмыстарын ұйымдастырғанда, әсіресе төмендегідей бағыттарды ескеруі қажет: әрбір өткізіліп отырған тәрбие шараларының мазмұны жан-жақты және қоғамдық " бағытга болуы керек. Ол оқушылардың ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесін қамтып патриоттық сезімін оятып, Отанға, адамдарға пайда келтіруге ұмтылуын қалыптастыруы қажет.

Оқушыларды тәбиелеуде және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуде бұл жұмыстың көпшілікті қамтитын түрін тандаған тиімді.

Педагогикалық ұжьш сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға оқушылардың түгел қатысуына ықпал етуі керек.

Сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық іске қызығушылығы мен белсенділігін, жеке басының дербестігін дамытуға бағытталып өткізілгенде ғана нәтижелі болмақ.

Міне, осылардың бәрін ескере келе, педагогикалық ұжым қоғамдық ұйымдармен берлесе отырып, сыныптан тыс және мектептен тыс шаралардың жүйесін жасайды, олардың дайындықпен өткізілуіне жауапты адамдарды анықтайды, мектеп басшылары мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, жұмыстың орындалу сапасын бақылайды.

Мектепті басқару және педагогикалық ұжымның қызметін жақсарту үшін жыл сайын мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары жасалуы тиіс. Бұл жоспарда мектеп директорының, оның орынбасарларының және оқу-тәрбие жұмысының барлық буындарының қызметі ескеріледі. Осыған орай жылдық жоспар мынандай бөлімдерден құрылуы тиіс.

1. Кіріспе бөлімі. Өткен жылғы тәрбие жұмысын талдау және алға қойылған оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаттарын белгілеу.

2. Педагогикалық кеңестің қызметі.

3. Педагогикалық ұжымның балалардың жаппай оқуға тартылуын қамтамасыз етуі.

4. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оның сапасын жетілдіру.

90 '

5. Сыныптан және мектептен тыс тәрбиеге басшылық жасау.



6. Оқушылардың өзін-өзі басқаруына басшылық жасап, кеңес беру.

7. Оқушылардың ата-аналарымен жүмыс жүрпзу.

Жоспардағы әр бөлімнің мақсатына лайықты тәрбие жұмысының формасы анықталады. Мектептің жылдық жоспары педагогикалық кеңесте бекітіледі. Оның орындалуына мектеп басшьшары тарапынан тікелей бақылау жасалады.

Педагогикалық ұжымның күш-қуатын жұмылдыру арқылы оқу-тәрбие үрдісінің аса маңызды міндетгерін орындауға, оқушьшар ұжымына басшылық жасауға қабілетгі, өз айналасына ата-аналар мен жұтшылықты топтустыра алатын іскер, біртұтас мектеп ұжымын ұйымдастыруға бар ынта-жігерін арнау - басшының негізгі міндеті. Бұл міндет — мектептің педагогикалық ұжымының әрбір мүшесінің міндетіне де айналуы тиіс.

Тәрбие жұмысына басшылық жасағанда балалардың отбасында, ұжым және ұжымнан тыс тәрбиелену жәйін ескеріп отырғаны абзал.

Әсіресе оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеуде күнделікті мынадай жайларға көңіл бөлінгені жөн:

1. Мектептегі барлық тәрбиешілердің оқушыларға қоятын талаптарының тәрбие жұмысының бағдарламасына сәйкес бірыңғай болуын жүзеге асыру.

2. Сыныпта да, бүкіл мектепте де оқушылар активінің белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың өздерін- өздері басқаруын дұрыс ұйымдастыру.

4. Әрбір оқушының өз сыныбының өмірі мен жұмысын бүкіл мектеп ұжымының өмірімен, жұмысымен байланыстыруға ынталы болуына ықпал ету.

5. Өз жұмысында бір міндеттерден кейін тағы жаңа міндеттер қойып отыруға оқушылардың өздерін тарту.

Оқушыларды тәрбиелеу технологиясының маңызды бөлігі ~ әдістер жүйесі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге орай тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесінің жаңарып, толығуын қажетсінеді. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған классификациясы бар, олардың кейбіреулерінің практикалық, ал кейбіреулерінің теориялық маңызы басымырақ. Тәрбие әдістерін

91

классификациялағанда әдістердің жалпы және маңызды жақтары ескеріледі.



Тәрбие әдістері сипатына карай сендіру, жаттықтыру мадақтау және жазалау болып бөлінеді. (Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев жөне т.б.) Осы жіктеуге мазмұны жағынан жақын жалпылама классификация жүйесіне сендіру, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету жатады. (Т.А.Ильина, Н.Т. Огородникова). Ал И.С.Марьенко тәрбие әдістерін түсіндірмелі-репродуктавті, проблемалы-ситуативті, үйрету, жаттықтыру, белсенділігін арттыру, тежеу, басшылық жасау, өзін- өзі тәрбиелеу деп топтайды.

Тәрбие әдістерін нәтижесіне қарай екі топқа бөлуге болады.

1. Адамгершілікті қалыптастыруға бағытгалған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

2. Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

Төрбие әдістерінің Г.И.Щукина жасаған классификациясы кешенді сипатқа бағытгалып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жағын қарастырады. Осыған орай тәрбие әдістері үш топқа ажыратылады:

1. Тұлғаның санасын қалыптастыратын әдістер.

2. Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

3. Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.

Өсіп келе жатқан жеткіншектің жеке басын қалыптастырудың екі жағы бар екендігін кезінде Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.П.Пинкевич т.б. айтқан болатын. Әсіресе А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқа бөле қарап, оның бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімге әсер ету әдісін жатқызды. Ал екінші тобына өтпелі әдісті жатқызған болатын. Яғни, белгілі бір ситуацияда қысқа мерзімде ғана нәтиже беретін әдістерді енгізген.

Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыру ісі, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді. Бұл мәселе жөнінде (мәселе жеке бастың үлгісі туралы болып отыр) қазіргі кезде жиі айтылып жүрген педагогикалық авантюризмнің ғылыми негізсіздігін, оның тіпті -педагогиканы жетік білмейтін тәрбие ісінде

92

мамандығы шамалы адамдардың өзінше ойлап тапқан “жаңалығы” деп қарауымыз керек, себебі идеалсыз жеке бастын, қалыптасуы мүмкін емес.Оқушы үшін шынайы ұстаз- педагог идеал болуы керек.



Сендіру — жеке тұлғаның санасын қалытастыратын тәрбиенің ең маңызды әдісі. Әсіресе бұл әдісті талдауда Н.К.Крупская ерекше еңбек етті. Еңбекті ұйымдастыруда, әр түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік жұмыстарға деген балалардың сана-сезімін олардың әлеуметтік көзқарасынан бөліп алып қарауға болмайды. Осы негізде Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолындағы даму ісімен, қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырды. Н.К.Крупская “балалармен тек құрғақ сөйлесу керек емес, олардың істеп отырған ісіне сенімін арттыру керек” дейді.

Крупская сенімді арттырудың технологиялық тетігін ашуға тырысты. Ол балаларды жалықтыратын, бірсарынды мораль оқуды айыптай отырып, оның бала сезіміне тітіркену, түңілу туғызатынын, бала психикасын қинайтынын атап өткен болатын.

Н.К.Крупскаяның сендіру әдісін тәрбиеде қолдану дегенді және оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педаготтар зерттеп, дамытып тереңдетті.

Н.И.Болдырев “Сендіру — тәрбиешінің баланың сана-сезшіне, еркіне, оның бойына жатымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі” деп қарайды. Осы анықтамаға сүйене келе: “Сендіру әдісі дегеніміз — баланы әлеуметтік және рухани қарым-қатынасқа түсіруде, олардың бойына қоғамдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін сіңіріп қальштастыруда әсерленушілік сезімге бөлеп, оның жеке басында саналылық пен сезімді ояту арқылы іске асырылатын іс-әрекет” деген тұжырьш жасаймыз.

Сендіру әдісін қолдану арқылы бала бойында тұрақты, терең саналылықпен және эмоциональды сезіммен қабылданған саналы көзқарас пен мінез-құлық нормалары мықтап орын алатын болады.

Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің іске асыру принципінің ой-санасынан ерекше орын алуында жатыр. Баланың мінез-құлықтық іс-әрекетін іске асыру тәжірибесіне, сонымен бірге мінез-құлық нормалары мен ережелерін

93

жақсы білуіне және іске асыру әрекетгерімен тығыз байланысты. Сендіру әдісі арқылы мұғалім мен ұжым активтері тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Немесе еліміздің идеологиясы мен саясатының мазмұны мен мәнін түсіндіріп аша келе, оның бүгінгі қайта құру кезіңдегі заңдылықтары мен қажеттілігін, жеке басты эстетикалық және физиологиялық жағынан, адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп қалыптастырудың маңызын аша көрсетіп, олардың мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге деген сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде оқу ісінде, жекелеме және ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен пікір таластарда кеңінен қолданады. Бұл істердің бәрінде сендіру әдістерінің нәтижелі болуы оның мазмұнына және эмоционалдық сезімге құрылуына байланысты болмақ.



Жатымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы үшін тәрбие ісінде зор рөл атқарады.

Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш: жағдай — үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен: өнеге керек деген екен.

Оқушы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылық-пен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзінше “қайталай-ды”. Оқушьшар басқаның аса жоғары мұратгы іс-әрекетін байқап, бақылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады.Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап,өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп ; қараймыз.

Бұл жағдайда жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге; жауап-кершілік сезіммен қарай бастайтын болады. Осы; тұрғыдан қарағанда жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.

94

Белгілі қоғам қайраткерлерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, мәдениет және өнер қайраткерлерінің іс-әрекеті, өмір жолы жеке басқа үлгі болады. Оларды оқушыларға үлгі ету-ісі туралы әңгіме, саяси хабарлама, кездесу кештері немесе хат жазысу арқылы жүзеге асырылады. Әдеби кейіпкерлердің (Абай, Шоқан, ЬІбырай, Ұлпан, Қайырғали т.б.) бейнелері де жастардың жеке басын тәрбиелеп қалыптастыруда елеулі рөл атқарады.



Ол әдеби шығармаларды оқу, кинофильмді қөру, оларға талдау жасату, пікір айтқызу, шығарма, рецензия жаздырту т.б. іс-әрекеттер арқылы іске асырылады.

Тәрбие ісінде мектептес, сыныптас достарының жеке басын үлгі етудің де маңызы зор. Бірақ ол балаларды жалықтыратын құрғақ мақтау болмауы керек. Кейде ондай іс баланы жалықтырады, қала берді, екінші оқушының жүрегінде қызғаныш отын тұтатуы да мүмкін. “Жанында жүр жақсы адам”, “Сенің досың саған қандай ісімен, мінез-құлқымен ұнайды?” деген сияқты шығарма жаздырту, пікірталас, айтыс үйымдастыру сияқты тәсілдермен жүргізу қолайлы. Бұл жағдайда оқушылар бір-біріне сын көзімен қарап, жолдасының бойындағы мінез-құлықты көре, бағалай білуге үйренеді.



Жаттықтыру әдісі жеке басты іс-әрекетке, тәртіптілікке қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі. Әсіресе мәдениетті, жақсы мінез-құлықты оқушының бойына дарытып,әдет, дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайталап үйрету үлкен рөл аткарады. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады.Ол “Мінез-құлқымыз саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі саналылыққа ғана сүйену керек деген үғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналылықтан - әдет, дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана шынайы мәдениетті азамат тәрбиелейміз. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек” дейді.

Сонымен “жаттықтыру әдісі дегеніміз оқушының бойына қажетті жатымды іс-әрекетті, мінез-құлықты әлденеше рет қайталату арқылы жаттықтырып сіңіру, оны қалыпты мінез-құлық дағдысына біртіндеп айналдырып, қалыптастыру”.

95

Осы әдіс арқылы оқушының бойына мәдениетті мінез-құлық дағдыларын сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысында да, әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруда да еңбекке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуда, сондай-ақ сөйлеген сөз, жүріс-тұрыс, өңгіме, баяндама т.б, іс-тәжірибеде қолданып жаттықтыру, іске асыру арқылы жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, баланың оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әркеттерінің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады.



Жаттықтырудың мәні адамның іс-әрекеті мен қимылын әлденеше рет қайталау арқылы сол мінез-құлық нормасына деген адам бойында қажеттілікті туғызу және оның адам бойында туу себептерін физиологиялық және психологиялық жағынан дәлелдеу, нақтылай түсу, физиологиялық ұғым бойынша мінездегі әдет, дағдыны мінез-құлықтағы бір іс-әрекетті бірнеше рет қайталап қалыптастыру, қалыпты дағдыға айналдыру. Адамның белгілі бір іс-әрекетін бойға тұрақтандыру, мінез-құлықтың қалылты ережесіне айналадыру, нерв жүйесі мен ортаның қарым-қатынас қимылы арқылы іске асырылады. И.П.Панлов “...біздің тәрбие, оқыту, тәртіпке дағдыланыру дегендеріміздің бәрі, алуан түрлі әдістеріміз ұзақ сонар шартты белгілер арқылы қайталанып бойға қонатын қасиет” — дейді.

Физиологтар қайталауды адамның білім алуға еңбек, қайрат жұмсауын мінез-құлықтағы әдет, дағдылар жиынтығы деп қараса, психологтар адам бойындағы күйініш, сүйініштерді бірнеше қайталаумен байланыстыра қарастырады. Жаттықтырудың осы жағына ерекше мән берген СЛ.Рубинштейн адам мінезін қалыптастыру және оны жеке бастың қасиетіне айналдыру іс-әрекеттегі проблемалық ситуациялармен байланысты және ол белгілі бір себеп-салдардың түйінін шешумен байланысты деп қарады.

Жатгықтыру тәрбиенің жалпы әдісі ретінде баланы саяси-қоғамдық, адамгершілік, дене және эстетикалық жағынан дамыту міндеттерін шешуде қолданьшады. Әсіресе, бұл әдісті баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдану қажет. Ол баланы үстел басында отыруға, жүріп-тұруға, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден бастап, принципшілдікке, адалдыққа, Отан сүюшілікке, ерлікке саналы тәртіпке үйрету сияқты

96

жоғары моральдық қасиеттерді олардың бойына сіңіруге дейін қолданылатын әдіс,



Жаттыктыру дене тәрбиесінің көркемдік-эстетикалық қабілетті дамытудың негізгі әдісі болып саналады.

Жаттықтыру әдісін қолданудың ауқымы кең. д.С.Макаренко “жаттықтырусыз құрғақ мораль оқумен ерлікке тәрбиелеу мүмкін емес. Адамды ерлікке тәрбиелеу үшін ерлікті туғызуға себеп болатын белгілі бір ситуациялық жағдай қажет. Осы жағдайда адам батылдық қимыл, іс-әрекет жасауға, шешімді әрекет етуге мәжбүр болады” дейді. Баланың бойында әдет-дағдыны немесе іс-әрекетті мінез-құлық дағдысы етіп қалыптастыруда жаттықтырудың педагогикалық негізі жөнінде К.Д.Ушинский де келелі пікір айтқан болатын. Ол жаттықтырудың іс-әрекет, қимыл үстінде адам психологиясынан алатын орнын айқындай келе, жаттықтыруды іске асырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:

а) балалардың алдына белгілі бір іс-әрекет жасауға ынталылық туғызатындай міндет қою;

ә) сол іс-әрекетті шешуге қажетті білімді алдын ала меңгерту;

б) оқушыға іс-әрекет кезінде іске асырылатын әрекетті алдын ала қайталап жасатып үйрету;

в) кейін ол іс-әрекетті әлденеше қайталатып жаттықтыру, қалыптыдағдыға айналдыру;

г) оқушылардан жаттығуды жетілдіре түсуді талап ету;

г) іс-әрекет үстіндегі адамның мінез-құлқының үнемі бағытталуда болатынын ескерту.

Өкінішке қарай, тәрбие ісінде күні бүгінге дейін жаттықтыру әдісін қолдануга аса сақтық пен сенімсіздік көрсете қарау басым болып келеді. Бала дәлізде жүру тәртібін сақтай білмесе, оны жаттықтырып үйрету керек дегенге мұгалімдер мән бере бермейді. Оқушылардың мектеп ішіндегі, мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі кемшіліктер оқушыны жаттықтырып үйретпегеннен, тәрбиелеу ісіндегі жүйесіздіктен болады.

Оқушылардың мінез-құлқын бақылау, оған талап қою әдісі. Бала ойынға алданып, теледидардан қызық кино, концерт көріп, спорт жарыстарына қатысып, үй тапсырмасын орындамауы мүмкін. Сондықтан баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе оны еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың төлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз -

97

баланың іс-әрекетін белгілі бір бағытқа бейімдеу. Талап қою — баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы — мұғалімнің сұрауы, орынды нұсқау беруі. Оның ерекшелігі баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. ( көбінесе мұғалім мен оқушының ара қатынасы дұрыс бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қоюды, мінез-құлқын белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Сондай-ақ ол белгілі тапсырмалар ме талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындатудың құралы: күнделікті баланың мінез-құлқын, іс-әрекетп жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, баланың тәрбиеші алдында есеп беруі немесе сыныптас жолдастары алдында есеп беруі арқылы іске асырылады. Бақылау баланың іс-әрекетін бақы. отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.



Баланы бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекет түріне ауыстырудың психологиялық-педагогикалық негізі басқаша. Кей бала үнемі бір іспен шұғылданғанды жақсы көреді. Мысалы, детективтік әдебиетті көп оқу, денсаулыққа зиянды ойындарға әуес болуы немесе үзілісте балалық мінездерді көбірек күйттеу т.б. Бала жақсы көретін іске тиым салу үнемі тәрбиелік нәтиже бере бермейді. Ондай жағдайда баланы еңбектің скінші түрімен айналыстыруға тура келеді. Бала өзі үйренген істен екінші іс түріне ауыспайды. Алғашқыда мұғалімге риза болмай, қарсылық білдіруі де мүмкін. Ондайда балаға екінші іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі істеуге оқушының ынтасын біртіндеп туғызу керек.

Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі — ынталандыру, яғни оқушы алдында үнемі түрткі тудыру. Мектеп тәжірибесінде мадақтау мен айыптау (жазалау) әдістері кеңінен қолданылып келді.

Жазалау әдісіне теориялық тұрғыдан сын көзімен қараушылардың бірі А.С.Макаренко болды. Жалпы жазалау әдісін орынды қолдануды пайдалы деп қарай отырып, А.С.Макаренко “Жазалау адам мінезінің (характерінің) берік болуына мүмкіндік туғызады, баланы өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, оның еркі мен адамгершілік орнын қалыптастырып тәрбиелеуге ықпал етеді” деді.



Мадақтау әдісі дегеніміз — тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжьш алдында жария етуі. Ал бұған

98

қарама-қарсы жазалау баланың іс-әрекеті мен мінез-құлкындағы жағымсыз жағдайларды көріп, оның қоғамдык мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндігіне тәрбиешінің көзқарас, пікірін біддіруі.



Мадақтау мен жазалау әдісінің психологиялық негізі баланың ішкі жан дүниесінің күйініш яки сүйініш сезімімен байланысты. Бұл сезім баланы өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, өзіне-өзінің баға беруіне итермелеп отырады. Сонымен бірге теріс іс-әрекеттен бойын тежеуге үйретеді. Олай болса, жазалау я мадақтау әдісі оқушыларда адамгершілік сана-сезімнің оянуына, дамуына ықпал етеді, өзіне-өзі талап қоя білуге үйретеді. Мадақтаудың әдісі: мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, жолдастарының алдында алғыс жариялауы, мектеп дирекциясының бұйрығымен алғыс жариялау, т.б. сыйлықтар беру, мақтау грамотасымен, алтын, күміс медалімен марапаттау. Онан басқа мектептің Құрмет кітабына жазу, Құрмет тақтасына фотосуретін қою т.б.

Мадақтау әдісін баланың жас ерекшеліктеріне қарай лайықты қолдану керек. Төменгі сыныпта мадақтау жиірек қолданылады. Мысалы, бала партада түзу отырғанда, қолын дұрыс көтергенде, сабақ үстінде тыныш отырғанда, т.б. Ал жоғары сыныптарда баланың іс-әрекетінің күрделі түрлері мадақталады. Мысалы, бала үнемі үй тапсырмасын орындап келеді, көрнекі құрал жасайды, еңбекке белсене қатысады, т.б, Әрине мадақтауды жиі қолдануға болмайды. Ол оқушыны дандайсытуы мүмкін. Мадақтау әдісін жеке оқушыға да, бүкіл сынып ұжымына да қолдануға болады.

Кейде тәртіпсіз, нашар оқитын баланың жақсы мінез-құлықтарын көріп мадақтаудың пайдасы бар. Ол оқушының түзелуге ынтасын туғызады. Жалпы адамның жатымды жағын көре білудің, жақсы істерді үлгі етудің тәлімдік мәні зор. Осы мақсатпен кейде мектептің қабырға газетінде “Біздің мектептегі іс-әрекеттер” деген айдармен мақала ұйымдастыру орынды (немесе “Олардың ісі - басқаларға үлгі” т.б.)

Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, ауызша сөгіс беру, оқушыны тақта алдына тұрғызу, мектеп директорының бұйрығымен сөгіс жариялау, педкеңесте қарау, басқа параллель сыныпқа көшіру немесе басқа мектепке ауыстыру,аудандық оқу бөлімінің келісімі бойынша мектептен шығарып, еңбекпен түзеу лагеріне

99

немесе қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу.



Жазалау әдісі әділ қолданылғанда, яғни ол жазаны бүкіл ұжым (сынып, мектеп) қолдағанда ғана нәтижеді болады. Сондықтан сынып жетекшісі оқушының мінез-құлқын сынып ұжымында талқылап, бірыңғай пікірге келгенде, күрделі жазалау әдісін қолдануы керек (мысалы, басқа сыныпқа ауыстыру, мектептен шығарту т.б.)-

Жазалаудың қай түрі болсын, оқушының мінез-құлқына талдау жасау, өзінің терістігіне көзін жеткізу арқылы іске асырылуы керек. Кейде оқушы байқамай тәртіп бұзса (байқамай терезені қиратып алды делік), ондай жағдайда ескертумен ғана шектелуге, түсіндіруге тура келеді.Әсіресе мінезі бір қалыпты емес, нерв жүйесі ауру балаларды жазалауға өте мұқият жауапкершілікпен қарау керек. Жазаның қай түрі болсын, оқушының теріс іс-әрекетін болдырмауға, түзетуге арналады. Терең талдау жасамай, үстірт қолданылған жаза баланы ерегістіріп, өшіктіреді. Мысалы, екі бала бірін-бірі итеріп қалды делік. Осындайда кінәлі баланы емес, кінәсіз баланы жазалау оның мұғалімге деген өшпенділігін туғызады. Мадақтау да, жазалау да тәрбиенің нәзік, қатаң түрі болғандықтан, ол әдісті байқап пайдаланған дұрыс.

Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді.Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.

Педагогикалық диагностика технологиясы (тәсілі). Диагностика зерттеліп отырған объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, дүние жүзінде адамның жан-жақты дамуын білу үшін арнайы өлшемдер қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Содан соң алынған мәліметтермен салыстырады. Мектеп мұғалімдері үшін басты мақсат оқушьшардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білудің барынша кең тараған түрі тестімен жұмыс жүргізу болып саналады. Тәрбие ісі ұзақ және қарама-қайшы үрдіс екені белгілі.

100


Осымен байланысты тәрбиешілерге өмірде көптеген қиындықтар кездеседі. Қиындықтың ең үлкені тәрбие нәтижелерінің ашық сипатта жиі болуы және оларды ескерудің күрделілігі болып табылады.

Мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу — басты мақсат. Соған байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері айқындалады. Сондықтан да басты мақсат - тәрбиелілік деңгейін қалай айқындауға болады деген мәселеге көңіл аударудан туындайды. Алынған нәтижелерді салыстырудың өлшеуіші ретінде критерий — өлшем атауы (латынша “критериум” — “салыстыру”) қолданылады. Тәрбиелілік өлшемі дегеніміз - жеке тұлғаның немесе ұжымның түрлі сапалар денгейінің теориялық жағынан зерттелу көрсеткіштері. Олар әдетте шкалалық сандармен белгіленеді. Егер де сапалардың көріну деңгейлері шартты түрде бағаланса, онда үлгерім мен білім сапасын тест арқылы анықтау да осындай тестпен жүргізіледі, бірақ мұның айырмашылығы тест ретінде теориялық тапсырмалар емес, тәрбиеленушінің түрлі ситуацияларға түскенде белгілі бір сапаларының артық не кем екенін танытатын іс-әрекеті алынады.

Белгілі ғалым И.П.Подласыйдың еңбегіне сүйенсек, қазіргі тәрбиелілік өлшемдеріне әр түрлі көрсеткілітерді пайдаланудың көлсмін анықтайтын көптеген сипаттамалар бар. Тәрбиелілік өлшемді шар тты түрде “қатаң” және “жеңіл” деп екі түрге бөлуге болады. “Қатаң” деген өлшем өте сирек қолданылады, тіпті соңғы ондаған жылдар бойы мұндай өлшем туралы (яғни, тәрбиесіздік) сөз қозғау мүмкін емес болатын. Жастардың жалпы тәрбиелілігін

кешенді түрде сипаттайтын маңызды статистикалық көрсет-кіштер осыған жатады: құқық бұзушылық саны және олардың өзгеру тенденциялары; қылмыс жасап лагерлері болып қайтқан жастар саны; ажырасқан және бұзылған отбасылар саны; жастар арасындағы маскүнемдік, шылым шегушілік, нашақорлық,жезөкшелікгің саны т.б. көптеген көрсеткіштер.

Мектеп тәрбиесін сипаттайтын “жеңіл” өлшемдер тәрбие үрдісінің барысы мен нәтижелсрі жайында хабар береді. Бірақ ол оқушының бойындағы барлық сапаларды терең де нық сеніммен зерттеп анықтай алмайды. “Жеңіл” өлшемдер бала бойындағы адамгершілік, эстетикалық, еңбек сүйгіштік, т.б.сапаларды ғана анықтайды.

Жеке тұлға — бүтін, біртұтас құрылым. Сондықтан оның бойындағы барлық сапаларды кешенді түрде

101

қарастыру керек. Жеке тұлғаның бітім болмысын көп қырынан зерттеп танытатын өлшемді әлі ешкім жасап шығарған жоқ. Бұл — келешектің ісі. Олай болса, бүгінгі мектеп тәрбиешілеріне бұрыннан қолданылып жүргең әдістемелерді басшылыққа алуға тура келеді.



Көптеген тәрбиелілік өлшемдерінің ішінен негізгі екі тобын бөліп қарауға тура келеді: мазмұндық және бағалау. Жеке тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелілік деңгейінің жетістігі — диагностиканың ең соңғы нәтижесін анықтайтын жалпы өлшемдер бар және жекелеген қасиеті, сапасы мен қырын жетілдіруге байланысты аралық нәтижелерді талдайтын жеке өлшемдер де бар. Алғашқысы алға қойылған мақсат, талаптарды көрсетсе, екіншісі -тәрбие үрдісінің белгілі бір мәселелерін танытады. Тәрбиелілік өлшемдер бағыты, тәсілі мен қолданылу орнына қарай шартты түрде екі топқа бөлінеді: 1) тәрбиенің сыртқы түрінің нәтижелері көрінісіне байланысты жеке тұлғаның іс-әрекеті (қылығы, пікірі, бағалау деңгейі) және 2) тәрбиешінің көзінен тыс оқиғаларға байланысты (сылтау-себептер, сендіру, жоспарлар, бағыт-бағдарлар).

Диагностиканың тәрбиелілікті бағалау үшін қолданылатын кейбір практикалық әдістерінің мазмұны жайында түсінік беруге болады. И.П.Подласый нормалар мен ережелер жайындағы түсініктерін, жалпы ой-пікірлері мен көзқарасын бағалау деңгейін және тәрбиешілерді қызықтыратын басқа да мәселелерді зерттеуге болатынын айтады. Мысалы, мектеп тәжірибесінде көп қоланылып жүрген “Адалдық деген не?”, “Қандай мамандықты қалайсың?” — деген сияқты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың ауызша да, жазбаша да ой-пікірлерін көзқарасын байқауға болады.

Жеке тұлғаның түрлі тақырыптағы мәселелерге байланысты пікірлері мен көзқарастарын анықтау үшін тақырыптық шығармалар жаздыру мен жеке әңгіме өткізу тиімді.

Педагогикада мінез-құлықты зерттеудің “тәрбиелейтін ситуациялар әдісі” деп аталатын тиімді тәсілі қолданылады. Ол екі мәселені біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді:

1) талап етілетін сапалардың даму деңгейін анықтау;

2) осы сапаларды тәрбиелеу, дамыту.

Тәрбиелік ситуация — бұл табиғи және алдын ала ойластырыла жасалған жағдай, оған тәрбиеленуші міндетті

102


түрде қатысып, өзінің белгілі бір сапаларынын, құрылу денгейін өз ісінен көре алады (мысалы мектепте, көшеде,сабақта т.б.).

Соңғы ондаған жылдар бойы алдыңғы қатарлы педагогикалық практикада проблемалық тәрбиелік ситуацияларды жасау қиындық туғызып отыр. Тәрбиелік ситуация туғызу үшін тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыра білу керек. Ситуациялардың мынадай түрлері бар: 1) тексеретін; 2) тәрбиелейтін; 3) бақылайтын; 4) бекітетін; 5) тәрбиеші ойластырмаған, бірақ көмектесетін; 6) тәрбиеші ойластырған, бірақ кедергі жасайтын немесе зиянды,

Проблемалық ситуациялар жеке тұлға үшін де, бүкіл ұжым үшін де жасалады.

Диагностиканың қорытындысы әр түрлі үлгіде жасалып жүр. Цифрлы индекстер, түрлі шартты белгілер, шкалалар аса сақтықпен және ұқыптылықпен қолданылады. Ондағы үш таңбалы он бағалар (+1,+2,+3) моральдық тәрбиелілік деңгейін танытса, үш таңбалы теріс бағалар (-1,-2,-3) моральдық тәрбиесіздік деңгейін (бетімен кетушілікті) көрсетеді. Сапалық бағаларға сандық эквиваленттер төмендегідей өлшемдер бойынша кок және теріс бағыттар қоса жазылады:

+ 1 (оң нәтижелі іс-әрекетке дайындық);

+2 (оң нәтижелі іс-әрекетке ұмтылушылық);

+3 (орнықтылық, оң нәтижслі әрекет жасағанда белсенділік таныту);

-1 (теріс нәтижелі қылықтарға бсйімділік);

-2 (теріс нәтижелі қылық көрсетуге ұмтылушылық);

-3 (қоғамға теріс мінез-құлықтылық ).

Бұл жерде мынаны ескеру қажет: тәрбиеліліктің бағалау негізіне жеке тұлғаның бөлек сапалары емес, жалпы адаңгершілік бағыты алынады. Сонымен, кейде тәрбиелілікті қарастырғанда мінез-құлықтың бастапқы себептерій ескеру қажет, өйткені жекелеген іс-әрекет, баланың бір сәттегі қылығы тәрбиелілік деңгейін сипаттай алмайды (И.П.Подласый).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет