Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
Оқу мақсаты 7.Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап,
әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан
талдайды
• Әдеби эссе жазады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар жөнінде мысалдар келтіре отырып, «Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз (көлемі 120-140 сөз).
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
«Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында сөз көлемін ескере отырып, әдеби эссе жазады.
Оқылатын шығарма
тақырыбы Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»
Оқу мақсаты 7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін
талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы сюжетіне талдайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінен берілген үзінділерді топта талдаңыз. «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Дереккөз: http://bilim-all.kz/olen/2093-Zildi-buiryq
«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды. Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», - Дейді де еңірейді, егіледі, Қайғының күні-түні күйін тартып. «Верныйдың» қадам баспай қаласына, Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де Халықтың жүректегі жарасына. Пристав келіп қалды бала сұрап, Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп, Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап. Пристав ашуланды «аламыз» деп, Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. - Егер де бұл түріңді өзгертпесең, Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға, Ал әлеумет, қараңдар мына жайға. Сеңдей болып соғылып толқындады, Бір сая бола ма деп шыбын жанға. Жиылды бозбалалар бір кезеңге, Қарғалы деген тасқын бір өзенге. Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, - Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!». Бәрін де ол пристав жаттап алды, Басшыларын қағазға хаттап алды. Аттандырып бұл елге солдаттарын, Басты-басты кісіні саптап алды.
Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.
Достарыңызбен бөлісу: |