адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі: ақын жаздағы жаңбыр мен адамның көз жасын қатар суреттей келіп, екі түрлі шындықты танытады да, шынайы философиялық түйін шығарады. Жалпы, бұл салада, яғни адамның басындағы күйініш, сүйініш, әр түрлі ішкі сезім дүниесін, екінші сөзбен айтқанда, адамның психологиясында болатын өзгерістерді сөз арқылы терең суреттеу әдісінің тамаша үлгілерін көрсеткен Абай қазақта бірінші ақын болады. Бұған Қ. Жұмалиевтің пікірі дәлел.
Сарғая күтіп көктемді
Сап-сары боп су ақты...
Шынтаққа алып сексенді
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылайлы,
Шал қарғайды құдайды.
Көктем келді, сарысу
Бола қалды мөп-мөлдір.
Жылға бойы у да шу,
Жамырады жас өмір...
Сылқ-сылқ етіп су күлді, -
Шал бір ауыр күрсінді.
(Қ. Аманжолов)
Бұл да
Достарыңызбен бөлісу: |