Алматы қаласы Алатау ауданы



бет13/16
Дата23.08.2020
өлшемі1,08 Mb.
#76626
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ғылыми жоба киіз үй
syn-trysynan-oylau-aryyly-oytu, syn-trysynan-oylau-aryyly-oytu
2.2. Киіз үйдің ішкі баулары:

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады.  



Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін), кіріктіріп танатын өрнекті жіңішке құр. Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап, таңатын қыл арқан. 

Белдеу – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырылып буатын қыл арқан. 

 Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Уық шалғыш, иық бау деп те атайды.  



Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.  

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр.  

Туырлық бау – туырлықты ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау.  

Үзік бау – үзітің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған уықтың үстінен айқастыра тартып, керегеге байлайтын жалпақ терме бау.  

Бақан – бір ұшын (жоғары) екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын мықты, түзу ағаштан жасайды. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрде боялған қой жүнін орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады. 
                                      2.3. Киіз үйді тігу 

Үй тігерде, ең алдымен қолайлы жер таңдап алады. Сонан соң кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіп, екінші жағын балақ бау арқылы кереге басына байлайды, шаншылып біткен уықты айналдыра құрмен шалмалап таңады. осыдан кейін туырлық, үзік, түндік және киіз есіктерді жабады. Үйдің сүйегін туырлық, үзік, түндікпен жабу жұмысы төменнен басталады. Туырлықтың бір ұшын есік жақтауына байланыстырады да, содан кейін керегені орай айналдырады. Туырлық киіздің төменгі етегі жерге 3 – 4 елідей қайырыла тиіп жатуы, ал жоғарғы жағы уық пен керегенің қосылып байластырылған тұсына жетіп тұруы керек. Осылайша тығыз жапсырыла жабылған туырлық қозғалып не төмен түсіп кетпес үшін сыртынан керегеге шандып байланады. Екінші кезекте уық бойына үзік жабылады. Оның төменгі шеті туырлықтың жоғарғы шетімен біріктіріле кереге басына бекітіледі де, қалған бөлегі бақанның көмегімен шаңырақ шеңберіне дейін (түндік жабылатын) көтеріледі. Сөйтіп үзік баумен шалмалап байлап тастайды. Үзік киіздер арасында қуыс, ашық жер қалмайтындай етіп бірінің шетін екіншісімен бастыра жабылады. Бұдан соң киіз есік орнатылады. Ең соңында шаңыраққа бақан арқылы түндік жабады. Киіз есік пен түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып, жабылып тұрады. 



 

 

 



 4.Киіз үйдің пайдасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет