Алматы қалалық музейі архивінен алынған суреттер
1-сурет 1887 ж. қаладағы жер сілкінісі салдарынан қираған ғимарат
2-сурет 1910ж. қаладағы жер сілкінісі салдарынан қираған архирей үйінің көрнісі
3-сурет 1910ж. қаладағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
4-сурет 1910ж. қаладағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
5-сурет Верный қаласының бас жоспары
Кеңес үкіметі қалада орнаған соң Верный қаласының жаңа дамуы басталды. 1921 ж.14 наурызда Верный қаласын Алма-Ата деп атау туралы Декрет шықты. [1,123 б.] .Қалада 1923-1926 жылдары әбден тозығы жеткен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жылдарда салынған бір қабатты тұрғын үйлер қала архитектурасына оншалықты өзгерістер алып келмеді[17,123 б.].
Алматы қаласы мен астананың тарихы қарама-қайшылыққа толы ХХ ғасырдың қуанышы мен қайғысын бейнелейді. Қызылордадан Алматы қаласына астана 1929 ж. 19 шілдеде көшірілді. Барлық күш пен техника жаңа астананы салуға жұмылдырылды. Қызыл империяның жүргізген солақай саясаты салдарынан астананың орнын таңдауда және (Қызылорда) 3 жыл қаланы салуға көп қаржы жұмсалған деген жаламен бірнеше инжинер құрылысшылар:П.Т.Будасси,.ИМаркушевич, С.А.Бограков, М.Т.Тынышбаев сынды талантты инжинер,архитекторлар қамауға алынынды. Олар Мәскеудегі ұзақ уақыт түрмеде болып, кейінірек, лагерлерде айдауда болып, Волга каналын салды. Қала құрылысын жүргізу мен жоспарын жасау барысында Одақ көлемінде архитектор мамандар шақырылып, кері қайтарылғандары мен саяси репрессияға ұшырағап із-түзсіз жоқ болып кеткендер де бар. Салынып жатқан құрылыс нысандардың қарқыны мен жылдамдығы жайында қалалық,республикалық газет беттерінде жарияланымдар шықты. Бірақ осындай қарқынды құрылыс жүргізушілердің қатарын лагерлер мен түрмеде жазықсыздан жапа шеккендер мен отбасымен арнайы жер аударылғандар және «бай-кулактар» деген айдар тағылған қарапайым адамдар болғандығын бүгінге дейін біреу білсе, біреу білмейді. [1,144-145б.б.]. Алматының астанаға айналуы аз уақыт ішінде қаланы аса ірі саяси-әкімшілік ғылыми-мәдени және экономикалық орталыққа айналдырды. 1930-1935 жыларда темір-бетон, күйген кірпіш сияқты жер сілкінісіне төзімді материалдардан салынған ірі ғимараттар бой көтерді. Алғашқы Қазақстан Үкімет үйі (қазіргі Өнер Академиясы, 1930 ж. сәулетші М.Я. Гинзбург), Байланыс үйі (1931-1934жж., сәулетші Г.Г. Герасимов) ҚР ІІ министрлігінің әкімшілік корпусы (қазіргі Ұйғыр театры ғимараты), Түркістан-Сібір теміржол басқармасы(Алматы теміржол басқармасы), Су шаруашылығы министрлігі (сәулетші Ч.У. Бапишев), Заң институты ж.т.б. құрылыстар салынды. [23,24 б.] 30 ж. ІІ-ші жартысынан бастап сәулетшілер орыстың классикалық мұрасы мен қазақтың ұлттық сәулет өнерін қолдануға мән бере бастады. Сәулетшілер үшін бұл қала шығармашылық ізденіс кезеңі болды. 1936 ж.қаланың архитектуралық құрылыс жоспардың басты мақсаты Алматыны мәдени орталыққа айналдыру болды.Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді. 1933-1941 жж. тозығы жеткен бір қабатты үйлердің орнына қала келбетін өзгерткен ірі ғимараттар ірге көтерді. Олардың қатарына қаланың атқару комитетінің алғашқы ғимараты (1937ж. сәулетші М.Шугал), ҚазКСР Қаржы министрлігі (1938ж., сәу. М.Шугал), ҚазКСРО Совхоз министрлігі (1937-1938 жж.сәу.Г.П.Кушаренко). Осы кезендегі қала архитектурасының жаңа даму барысы классикалық сәулет өнері үлгісін талғаммен пайдаланумен сипатталады. [23,24б.].
1941ж. қарашада Абай атындағы Академиялық опера және балет театрының құрылысы аяқталды (сәу.Н.А.Простаков,Т.Қ.Бәсенов).Театрдың архитектурасында орыс классикалық сәулет өнері тәсілдері мен қазақтың ұлттық үлгілері астастыра қолданылған ғажап безендірулер жасалды. Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс қажеттеріне орай құрылысқа тежеу салынып, оның көлемі едәуір қысқартылды. Соғыстан кейінгі жылдары қала құрлысы қайтадан өрістей бастады. Классикалық сәулет пен халық сәулет өнерінің тәсілдері мен түрлері, сондай-ақ ұлттық нақыштар келтірілген 1950 жылы ҚР ҒА-ның бас ғимараты Азаматтық сәулеттің үлгісі болып табылады (сәу. А.В. Щусев, Н.А. Простоков ) мен Республиканың жаңа Үкімет үйі (сәу. Рубаненко және т.б.) салу ісі қолға алынды[17,23 б.]. ҒА-ның қасында «Шығыс күнтізбесі» су бұрқақтың ортасында күннің символы, оны айнала қазақтардың жыл санау күнтізбесінде бейнелетін 12 жануардың мүсіні орналасқан..(авт. Сәу. В.З.Катсев)
1 сур. -ҒА-ның бас ғимараты мен су бұрқақ- азаматтық сәулеттің үлгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |