Алматы қаласы мен оның тарихи мәдени ескерткіштері түйіндеме



бет2/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,58 Mb.
#36317
1   2   3   4   5   6   7   8   9
.Колпаковский Жетісу жерін басып алуда ең алдымен Ресейдің мүддесін көздеді, қазақ халқының жағдайы ол үшін кейінгі орында тұрды. Ол Жетісу халқын ұсақ –түйекке құлақ асапағандығы үшін өлім жазасын қолдануға дейін барып, аяусыз жазалап отырған. Деректерге қарағанда, Қоқан әскерлеріне қарсы күресті қиындатқысы келмеген Батыс Сібір генерал-губернаторы Госфорт, Колпаковскиден қазақтарға байланысты «өз қимылдарын неғұрлым абайлап және сақтықпен жүргізуді талап етуге мәжбүр болды» [19, 303б.].

Салынған Верный бекінісі 1867 ж. қала мәртебесін иеленіп, Түркістан генерел –губернаторлығы құрамындағы жаңа құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды. Бұл қала өміріндегі маңызды көріністердің бірі және Жетісудың мәдени орталығы ретінде оның қалыптасуы мен дамуының бастауы болды. Екі сыныптық ерлер және қыздар мектептері мен гимназиялары, мешіттер жанынан-мұсылман мектептері, қазына кітапханасы ашылды, қалалық симфония оркестрі, драма үйірмесі ұйымдастырылды. 1853 жылы Н.А. Абрамов Верныйда болып, оның айтуынша бекіністе небары 20 құрылыс, оның 12-сі ағаш тұрғын үй, тастан қаланған 1 және ағаштан салынған басқадай 4 құрылыс, бұған қосымша 3 дүкен, ал Үлкен Алматы станицасында әулие Софьяның ағаш шіркеуі, басқадай 2 ғимарат, 1 дүкен, 50 сауда ләукесі және 377 жеке меншік үй,сондай-ақ кіші станцияда 3 қоғамдық ғимарат, 1 дүкен, 279 жеке меншік үй болған. Сол кездегі Верныйдың осы үш бөлігінде сауда ләукесін (лавка) есептемегенде 685 құрылыс бар еді[ 17,18 б.]. Алматы әр кезеңде табиғат апатына ұшырап отырды.Жергілікті архитекторлар өлкеде өте жиі болып тұратын жер сілкінулерді ескеріп, бұл ғимараттарды бір қабаттан асырмай аласалау етіп салуға ұмтылған. Биік тас үйлерді онша қаламаған. Верныйдың өзіне тән архитектуралық бейнесін қалыптастыру мақсатын көздеген құрылысшылар бейне өткен күндердің жаңғырығы іспетті дәстүрлі ағаш сәулетшілігін пайдаланған. Ғимараттар «бөшкемен және шатырлармен» жабылды, «қарауыл оюлармен, кішкене әтештермен, шашақты сүлгілер» әшекейлермен және басқа да ағаш өрнектерімен әрлендірілді [20, 67 б.]. 1868 жылы қаланы қоныстандыру комитеті деп аталатын ұйым Верный қаласының алғашқы жоспар жобасын жасайды. Салынатын құрылыстар жер сілкінісіне төтеп беретін жағдайларды есепке алу арқылы жүргізілді. Үйлер негізінен бір қабатты етіліп, ағаштан салынды. Г.А.Колпаковский қаланы көгалдандыруға аз күш жұмсаған жоқ. Әскери губернатордың талабы бойынша барлық бульварларға екі жағынан екі қатарға ағаш отырғызылуы керек болды.1856 ж. Г.А. Калпаковскидің бастамасымен ғалым-бағбан Марк Крештепенко Верный қазыналық бағының (қазіргі орталық демалыс саябағы) жоспарын жасап, негізін қалады. 1879 ж. қала ұлығы бөлімшесінің бастығы майор Ларионов та қала жоспарын ұсынады. Жоспар бойынша Верный бекініс Үлкен және Кіші станица, Татар слабодкасы және жаңа қаладан тұрады. Қаланың әкімшілік орталығы қазіргі 28 гвардия – панфиловшылар паркі маңында орналасты. 1875 ж. Г.А.Колпаковскидің өтінішімен Верный қаласында бірінші кәсіптік гимназия құрылды.Сонымен қатар әскери губернатор үйі, архиерей үйі, офицерлер мәжіліс үйі(қазіргі ұлт аспаптар музейі) мен қоғамдық мәжіліс үйі (бұрынғы Қазақконцерт ғимараты) орналасты. Бұл ғимараттардың барлығы әсем нақышпен, өзіндік өрнекпен салынды. Қала құрылымының сырт пішінінен тап айырмашылығы мен ұлттық ерекшеліктер аңғарылып тұрады. Кеңес үкіметі орнағанға дейін мұнда негізінен әскери губернатор, белгілі дворяндар мен жоғары шеңді шенеуніктер тұратын Губернатор көшесі (Қазыбек би) бай көпестер орналасқан бірінші гильдия көшесі (Первогильдейская),сырттан келген шаруалар қоныстанған Мещандар көшесі (Қабанбай батыр) жергілікті ұлт тұрғындары шоғырланған қырғыз, өзбек, ұйғыр, дұнған секілді көшелер болды. Қала оңтүстіктен солтүстікке, таудан төмен қарай бағытты созылды. Осы тәртіп әлі күнге дейін сақталған. ХХ ғ. басында қала орталығы болып қазіргі 28 панфиловшылар паркі, ерлер және әйелдер гимназиясы, керуен сарайы – қазіргі Көк базар болды. ХХ ғ. 1904 ж. қаланың орталық бағында(28 гвардияшы-панфилов) А.П. Зенковтың жобасымен кафедральды собор салынды [21,121-122б.]. Оның биіктігі 56 м ғимарат 1904-1906 жж. тұрғызылған. Ол әлемнің жүз кереметі тізбесіне енгізілген. Әлемдік сәулет өнері мұндай биіктіктегі ағаш ғимараттың бар болғаны бірнешеуін ғана біледі.(1-сур).Собордың бастапқы бейнесін қайта қалпына келтіру жұмыстары1973-1976жж. сәулетші Т.Төреқұлов, суретшілер Ю.Супистің, В.Лукиннің жобалары бойынша жаңартылды.

1-сурет- кафедральды собор (1904ж. салынған);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет