2-сур- Республиканың Үкімет үйі, 3-сур.Оқушылардың республикалық сарайы, 1-ші сурет Даңқ мемориалы
50 ж. аяғында қала құрылысы Республиканың Үкімет үйі (1958ж.), ҒА-ның бас ғимараты құрылысы аяқталды. Орталық стадионның бас спорт аренасы (1958ж.), Облыстық саяси ағарту үйі (кейін қазақ филормониясы) салынды. Қала құрлысын салуда 60 ж. заман талабына сай Қазақстан архитектура мектебі қалыптасып, архитектуралық құрылыс жұмыстарында ұлттық нақыштар орын алды. Қаланың ресейлік архитекторлар 60ж. жасаған бас жоспарына наразылықтар туд, онда қаланың табиғи климаттық жағдайы мен оның құрылымдық ерекшеліктері ескерілмей, қала дамуының кезеңдеріне талдау жасалмады.Қаланың жедел өркендеуі 70 ж. бас кезінде саяды. Жер сілкінісіне төзімді отандық және шет ел құрылыс әдістерін ұтымды қолдану тәжірбиесі негізінде жаппай үй құрылысы 5 қабатты, ішнара 7- 9, 12 қабатқа дейін көтерілді. Қаланың қарқынды дамуына және халық санының тез өсуіне байланысты 1970 ж-дан Алматының жаңа, ІV бас жоспарын жасау жұмысы басталды. Оның жобасын Алматы қала құрылысы жобалау мемлекеттік институты еліміздің 13 арнайы жобалау және ғылыми-зерттеу институттары қатысуымен тұңғыш рет жасады.
ХХ ғ. 60-70жж. қазіргі заман архитектурасының озық туындыларынан саналатын ғимараттар бой көтерді. 1978 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу корпусы (Бондаренко В.П., Ю.С. Зимин), Округтік офицерлер үйі, қалалық аэровокзал ғимараты сияқты ірі құрылыстар аяқталды[24,339 б.]. Бұрыннан қалыптасқан архитектуралық ансамблдерді жетілдіру және жаңа архитектуралық ансамблдерді қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. 28-гвардия-панфиловшылар паркі аймағында Округтік офицерлер үйі мен «Даңқ» мемориал кешені (1975ж.Андрюшенко А. Артимович, сәул-р Бәсенов, Сейдал ин, Ким) қамтыған қала құрылысы шоғыры пайда болды. Сондай-ақ Ленин сарайы (қазіргі Республика сарайы) мен 25 қабаттық «Қазақстан» қонақ үйі маңайындағы құрылыстармен, А.Құнанбаев ескерткішімен ажарланып қаланың ең көрікті жеріне айналды. Абай даңғылында Цирк ғимараты, Неке сарайы, Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы, М.Әуезов атындағы Академиалық қазақ драма театр ғимараты көрікті бір ансамбль шоғырын қалыптастырды.25б
Қаланың сәулетін дамыту 60-80 жж.бүкілодақтық көлемде сәулетті шығармашылықпен дамытуға деген жалпы құлшыныспен байланыстыруға болады. Бірақ та алматылық сәулетшілердің сол кездегі шығармашылығы тек Алматы объектілеріне ғана тән өрнек пен тәсілге бағытталды. Сәулетшілер халық сәулет өнерінің озық түрлерін шығармашылықпен игеріп, олардың тәсілдері мен үлгілерін алып, ұлттық қолданбалы және декоративтік өнер элементтері мен сыр-сымбатын пайдаланды. Қала көшелерінің кескін-келбетін қалыптастыруда монументальды мүсін өнері мен басқа да декоративтік өнер түрлерінің алатын орны ерекше. Алматы бақтарында революционерлердің, жазушылардың, ақындардың ескерткіштері қойылған. Монументальды өнердің жаңа түрлері –мемориальды ансамбль (Даңқ мемориалы) пайда болды. 28 панфиловшылар паркінде атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан[17,339 б.].
Алматы қаласында соңғы 3-4 онжылдықтарда (1960-1990жж.) жоғары кәсіби денгейдегі көптеген обьектілер салынып бүкіл әлемге танылған бірегей қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар, архитектура кешендері тұрғызылды. Осыған куә КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған 3 обьектіні айтуға болады: 1972ж. Республика Сарайы, 1974 ж. тау биіктігіндегі «Медеу» мұз айдыны кешені және 1982 ж. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болған 25-қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, Шет елдерімен достық қоғамының үйі, және «Арасан» емдеу-сауықтыру кешені [25,10б.].
Достарыңызбен бөлісу: |