Алматы экономика және статистика академиясы



бет24/32
Дата18.03.2017
өлшемі7,39 Mb.
#11795
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре алмайды, егер iшкi дұниеңде Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды. Құдайға қарсы кұрес, бiр дiндi тарату, қажеттi тұрде екiншi дiндi тудырады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналынған болатын. С.М.) Алайда, адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз iшiнен табуы керек.

С.Н. Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз - ол “антроподицея² (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi - дүние уақыттың шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол әлi соңына жеткен жоқ, дәл қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы дүниенi жарату iсiне, оны әрi қарай жетiлдiруге ат салысуда. Адам - Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. Ол - микротеос, оның iшiнде бүкiл дұниенiң кұш-қуаты бар, ол болмыстың ең жоғары ортасы.



С.Л.Франк адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретiнде қарайды. Өзiндiк сана арқылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзiнен де алшақтап, өз-өзiне басқа адамның көзiмен қараған сияқты дәрежеге келедi. Нәтижесiнде екi ақуал - танушы мен танылатын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын пайда болады. Мiне, адам өзiндiк санасы арқылы өзiнiң денелiк эмпириялық табиғатынан бөлiнiп, өз-өзiн бағалайтын, сынайтын дәрежеге көтерiледi.

Адам әрқашанда өзiнiң күнделiктi болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтiп, басқа өмiрге, өнегелiкке қарай ұмтылатын пәнде.



Н.О.Лосский тұлғаларды шынайы және потенциалды деп екiге бөледi. Тұлға өзiнiң дамуында құдайдың бейнесiне ұқсаудан бастап, соңында тiптi құдайдың өзiне тартуға тырысады. Ал соңғы - ол тұлғаның негiзгi мақсаты, ол ұшiн адам неше-түрлi қиындықтар мен зардаптардан өтуi керек.

Руханияттық - адамның негiзгi қасиетi. Рухани адамның iшкi өнегелiгi қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.

Қорыта келе, бiз орыс философиясының адам мәселесiне қомақты үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазiргi өтпелi дәуiрдегi қалыптасқан көп ақуалдарды талдауға өз көмегiн бередi. Сiз де ол жөнiнде ойланып көрiңiз.

Ғарыш философиясы

Ғарыш философиясы деген кезде бiз екi нәрсенi айтуымызға болады. Бiрiншiден, ол дұниенiң бiртұтастығы және соның шеңберiндегi адамзаттың, яғни рухтың алатын орны; екiншiден, адамзат мәңгi осы жер бетiнде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектiлердi игерiп, өзiнiң ықпалын бұкiл ғарышқа тарата ала ма ?

Бiрiншi сұраққа қайсыбiр ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екiншi сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негiзiнен алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан, бұл ағымды орыс философиясының ерекшелiктерiнiң бiреуiне жатқызуға болар едi деп ойлаймыз. Ал ендi оның өзiнiң де себебi бар шығар.

Бiздiң ойымызша, Алтын Орда мемлекетiнiң қысымынан кейiнгi Ресей қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпiлуi (бiрнеше ғасырдың шеңберiнде Едiл өзенiнiң әр жағынан сонау қиыр Шығысқа дейiн жетуi), өлшемсiз кең байтақ жерде мемлекеттiгiн құруы, ұлттық ой-өрiстi де кеңейтiп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. Мүмкiн, басқа себептер де болған болар.

Еуропа ой-өрiсiнде ғарыш жөнiнде христиандық антропоцентрлiк көзқарас ғасырлар бойы өмiр сұрдi. Оның негiзгi қағидасы - адам жаратылған дүниенiң ең биiк шыңы, жер болса - ғарыштың ортасы.

Коперник мұндай көзқарасқа төңкерiс жасайды - ғарыштың ортасы жер емес, кұн. Ғарышта тек жерде ғана өмiр бар. Дж. Бруноның шексiз ғарыш пен өмiр жөнiндегi ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуiрдегi ғылымда ғарыш механистiк-физикалық объект, сансыз атомдардың өрiсi деген пiкiр қалыптасты.



К.Э.Циолковский оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесi ретiнде кеңiнен таныс. Сондықтан, бiз оның ғылыми-техникалық идеяларын қарастырмай, тiкелей оның философиялық көзқарастарына көшемiз. Оның ойынша, адам ғарыштың өмiрiнiң бiр бөлiгi, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарыштағы өзгерiстермен тығыз байланысты. әрине, мәңгiлiк Ғарышқа қарағанда, жер бетiндегi адамзат әлi өте жас. Дегенмен, болмыста пайда болып, белгiлi бiр уақыт келгенде жер бетiндегi байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмiрден кетуi мұмкiн. Бiрақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негiзiнде адам Ғарышпен байланысқа түсiп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерiн игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместiк дәрежесiне көтерiледi, - деген батыл пiкiр айтады.

К.Э.Циолковский адамзаттың жерлiк және космостық өмiр сұруiн бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру - адамзаттың “сәбилiк шағы², сондықтан, ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығармашылық - өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi:

а) адамзат қажеттiктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта

өзгерту;


в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру;

с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс Ғарышты игеру;

д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық Ғарышта өмiр сұре алатын дәрежеге келуi;

Сонымен, егер Н.Коперник өз уақытында жердiң Ғарыштағы ерекше орны жөнiндегi көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ К.Э. Циолковский адамзатты жер тартуынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар едi.



В.И.Вернадскийдiң негiзгi ойлары жер бетiндегi өмiр мен адамзатқа арналды. Нәтижесiнде, ол биосфера мен ноосфера жөнiнде терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бұгiнгi қалыптасқан биосфера жөнiндегi “ұлкен жұйе² теориясы, тiршiлiктiң ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға тұсуi т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдiң шығармашылық еңбектерiнде үлкен орын алды. Жер бетiндегi тiршiлiктi ол жердiң ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретiнде қарайды. Тiршiлiк биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып жер бетiн толығынан өзгертедi. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тiршiлiк әлемiнiң ерекше ең жоғарғы бөлiгi. Ол ерекше бiр - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш- қуатты тудырады . Оның аты - ақыл-ой, зерде . Адамзат ақыл-ойы мен еңбегiнiң арқасында жаңа геологиялық күшке айналып биосфера жаңа ақуалға - ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтiрiлген жер бетi) сатысына көтерiледi. Сонымен, В.И.Вернадскийдiң ойынша, адамзат зердесi - ғарыштық құбылыс.

Н.Ф. Федоров адамзат зердесiн ғарыш эволюциясының заңды нәтижесi ретiнде қарайды. әрi қарай Ғарышты адамзат саналы тұрде өзгертедi. “Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы ұшiн зерденi талап етедi². Болашақта ғылымның орасан-зор дамуының негiзiнде адамзат өлместiк дәрежесiне көтерiлiп, сонымен қатар, жер бетiнде бұрынғы-соңды өмiр сұрген барлық ұрпақтарды қайтадан тiрiлтедi, -деген ойда болды.

А.Л. Чижевский жер бетiндегi тiршiлiктi тудырған жердiң өзi емес, күн деген пiкiрге келiп, күннiң жердегi биосфераға тигiзетiн ықпалын егжей- тегжей зерттейдi. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетiндегi оқтын-оқтын болатын эпидемиялар, қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегi болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенiн дәлелдеп, А.Л.Чижевский бұгiнгi ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негiзiн қалады.

Адамзат ғарыштың әрi қарай дамуындағы саналы кұш болғаннан кейiн халықтар бiр-бiрiмен жақындасып, бiрiгiп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергiлердi алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерiнде кездеседi.

Адамзатты бiрiктiретiн негiзгi күш - мәдениет, ғарыштық этика,- деген пiкiрдi орыс ғалымы, суреткерi, дiни философы Н.К. Рерих айтқан болатын. Оның ойынша, бұкiл ғарышта, кеңiстiк пен уақытта, адамның жан-дүниесiнде екi ғарыштық күш - Iзгiлiк пен Залымдық бiр-бiрiмен кұресте. Олар болмыстық жағынан келгенде тең емес. Дұние Ақиқат, Iзгiлiк пен Әсемдiк жолында өзгертiледi. Тек Жарық сәулесi ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртiпке келтiре алады.

Н.К. Рерих адамның iзгiлiгi, жасампаз белсендiлiгi Ғарыштың дамуындағы негiзгi күш екенiн паш етедi. Нәтижесiнде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелiгi - ол жағалай ортаны өзгертiп қана қоймай, сонымен бiрге өзiн де жетiлдiре алады. Надандықтан кейiн цивилизация келедi, содан кейiн ғылымның дамуының негiзiнде адамдардың бiлiмi өсiп, нәзiктене келе биiк мәдениеттiң есiгiн ашады,-деп қорытады Н.К.Рерих.

Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк т.с.с. айырмашылықтар болмау керек. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негiзiнде қаралуы керек. Адам - Ғарыштың бiр бөлiгi, олай болса, ол - мәңгiлiк, барлығымен байланысты, бәрiне де тәуелдi, сонымен қатар, бәрi де оған тәуелдi.

Адамның жасампаздық-шығармашылық iстерi әсемдiктiң негiзiнде жұредi. Әсемдiк - рухтың мәдениетi, дүниенiң зерделi тәртiбi. Әсемдiк дегенiмiз - Ғарыштың өзi. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистiк-өнегелiк идеялары осы уақытқа шейiн өзiнiң өзектiлiгiмен танылады.



Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:

1.Ғабитов Қ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2005.

2.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу. Орал, 2005.

3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2004.

4.Алтай Ж., Касабек А.., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.- Алматы,2006.

5.Ақназарова Х. З. Философия тарихының дәріске курсы.- Алматы, 1992.

6.Әбішев Қ. Философия ( жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған). – Алматы, 1998.

7.Бейсенова Қ. Философия тарихы.- Алматы, 2005.

8.Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2005.

9.Философиялық сөздік.- Алматы, 1996.



Ұсынылатын қосымша оқулық әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972

6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991

8.Мифы народов мира., М.. 1991

10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,

13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968

14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972
12.Дәріс тақырыбы: Болмыс: негізгі ұғымдар мен принциптері сана және Бейсаналық
Негізгі мақсаты: Философияның бірінші ұғымы болмыстың философиялық мәнін талдау, дүниенің көптүрлілігі мен бірлігін айқындау, материяның өмір сүру негізін түсіндіру.

Негізгі түсініктер: биболмыс, дуализм, монизм, философиялық плюрализм, онотология, мән, қозғалыс, материя атрибуты.

Дәріс сабағының жоспары:

1.Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.

2.Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.

3.Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.

4.Сана адам миының қызметі

5.Сана проблемасы туралы тұжырымдар.

6.Сана объективті дүниені бейнесі

1.Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.

Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды "материя" ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені, ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда сонау көне заманда пайда болған "болмыс" ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда, бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс - категориалдық жүйеге еңгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең - материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Құдайдың барлығын, я болмаса, жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды – ол ашық сұрақ. Бірақ, дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан-дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас. Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде "болу", "өмір сүруге" келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде "бытие" - "быть", ағылшын тілінде "beіng" - "to be" – деген етістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы Дұниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әрине, Дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан-алуан қасиеттері бар – олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл - құрғақ, т.с.с.- шексіз айта беруге болар еді. Бірақ, олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни, - болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай ешнәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама.

Алайда, философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені, жағалай қоршаған Дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып ғайып болады. Яғни, болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені "жалған" деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені "Ұлы сағым - Мая" деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты "жоғала бастаған болмыс" , Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу,- деп түсінді. Болмыс ұғымы ең мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым – бейболмыс, яғни, ештеңе, жоқтық.

Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әр-түрлі мағна беріліп Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек. Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы Даосизм ағымында болмыс "дао" ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағналы: бір жағынан ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағнаға бөлінеді – ол "бірінші дао" – абсолютті болмыс, және "екінші дао", я болмаса "дэ" – көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да көре алмайсың, қанша тыңдасаң да ести алмайсың, оған ат қояйын десең де қоя алмайсың, өйткені оның аты жоқ,- деп қорытады,- көне Қытай ойшылдары. Демек, ол не?,- деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол – ештеңе, яғни,- жоқтық. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті – бірінші дао ғана. Ал, Дүниеге келген заттарды, яғни, екінші даоны - дэні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мінді, салыстырмалы т.с.с.

Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне Грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері – Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ. Яғни, Дүниеде бар нәрсе – бар, жоқ нәрсе – жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ, осы ойды айтқаннан кейін, Парменид, қозғалысты, Дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені, бір нәрсенің Дүниеге келуі дегеніміз не? – Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, Дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни, Дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, Дүниеден өтуді де, яғни, бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені, бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал, Дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? – Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни, болмыс дегеніміз ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.

Сонымен, сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әр-түрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.



Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіні тудырады, яғни ол материалдық денесі, сонымен қатар, санасы бар, өзінің сан-алуан қажеттіктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын пенде – адам. Сонымен, жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойында жинақталады екен. Адам дене ретінде өз қажеттіліктерін өтеп, басқа тіршіліктер сияқты осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болумен теңеле ме ? Бұл дүниеде құмырсқа да жаңбыр құрты да өмір сүріп жатқан жоқ па? -Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қылатын – оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатын шығармашылық іс-әрекеті емес пе ?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы Әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап қоймай, сонымен қатар, Дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның әржағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, "мен бұл Дүниеге не үшін келдім",- деген сұрақты өз алдына оқтын-оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ "to be ore not to be? – That іs the guestіon! " ( Болу ма, я болмау ма? – Міне, негізгі сұрақ !) – адамзаты қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек. ХХ ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті американ философы Э.Фромм, қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі болмысын баю, иелену арқылы көреді,- деген тұжырымға келіп, оның тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің трагедияға толық тарихында өз жолынан таймай "жігіт бір сырлы, сегіз қырлы" болу керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, өнер-сайысқа айналдыру керек деп есептеген – бұл оның даналығын көрсетеді. Бірақ, бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жолдан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара жатқан жоқпыз ба?,-деген сұрақ та ойландырмай қоймайды. Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде Жер бетінде "екінші табиғат" болмысы пайда болды. Егер "бірінші табиғат" деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы табиғатты айтатын болсақ, "екінші табиғат" - адамның саналы іс-әрекеті арқылы өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне қажеттінің бәрін таза табиғаттан тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сондықтан, ол табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның бүгінгі таңдағы көріністері – алып қалалар, асфальт және темір жолдар, жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше-түрлі техникалық жабдықтар т.с.с. Олардың бәрі де саналы іс-әрекеттің туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың туындыларында сөнген, яғни, заттанған. Қайсыбір адамның қолымен жасалған заттың негізінде белгілі-бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдаланып, оны игерген кезде,- сөнген идея дереу "лап етіп жанып" тағы да сол адамның ішкі рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни заттанған идея өзінің материалдық қабығынан босап, тағы да санаға айналады. Екінші табиғаттың бұл терең сырын жете түсіну үшін, оқырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мәшинәңіз сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен ол қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жәйтті түсінген кезде, соны ойлап шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы да "тірілтіп" өз санаңыздың байлығына айналдырасыз. Егер сіздің техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жетілмеген жерін анықтап оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оны қоғам рационализаторлық әрекет деп бағалайды. Идеяның затқа, заттың қайта идеяға айналу диалектикасын осы мысалдан көруге болады. Қорыта келе айтарымыз – мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыққан туындыларда оның барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. Әрбір Дүниеге келген жаңа ұрпақ соларды игеріп, оны әрі қарай дамытып, өзінің рухани байлығына айналдырады.

Қорыта келе, біз болмыс ұғымының өз бойына бүкіл Әлемді (материя мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын қамтитынын байқадық. Бұл шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан, оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз оларды өз қисынының негізінде "сыртқа шығарып" жайып талдауымыз керек – сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі болмыс жөніндегі ілімді толыққанды суреттейді.



2.Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.

3.Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.

Материя философиялық категория ретінде

Болмыстың өмір сүру формаларын талдай келе, біздің алдымызға келесі сұрақ келеді: осы сан-алуан себептілік пен қажеттік, мүмкіндік пен кездейсоқтық т.с.с. жақтарымен құбылып жатқан болмыста не бар? – Оның шеңберінде әр-түрлі заттар мен құбылыстар, соның ішінде ішкі рухани өмірі бар адам да бар. Ең кең - шегіне жеткен - түрде алып қарағанда, әрине, оны материя мен санаға, рухқа теңеуге болады.

Адам саналы пәнде ретінде өзіндік санасын тудырады, сол себепті ол бүкіл Дүниені өзіне қарсы қойып қарайды (соның ішінде басқа адамдарды да өзінен бөлек санайды). Осы арада көп сұрақтар пайда болады: “Бұл Дүние не?”, “Мен неге бұл Дүниеге келдім?”, “Менің жаным осы денеммен бірге сөне ме, я болмаса, мәңгілік өмір сүре бере ме?”, “Дүние шектелген бе, я шексіз бе?”,- мұндай сұрақтардың санын жүздеп келтіруге болады. Оларға жауап беру барысында біз қажетті түрде материя мен сана категорияларына келіп тіреліп, олардың ара-қатынасын зерттеуге мәжбүр боламыз. Міне, осы арада философияның негізгі мәселесі пайда болады. Соңғы жылдары “философияда негізгі мәселе – жоқ, оның барлық мәселелері – негізгі. Оны идеологиялық бүркеме ретінде уақытында Ф.Энгельс еңгізген”,- деген пікір пайда болды. Алайда, мұндай көзқарас шындыққа лайықты емес, оның өзін жаңа “идеологиялық бүркеме” ретінде қарауға болады. Ал шындыққа жүгінсек, бүкіл философия тарихының негізінде осы мәселені шешу талпынысы жатқанын байқауға болады.

Негізінен алғанда, сана мен материяның ара-қатынасын анықтауда 3 бағыт бар. Оның бірі –материализм, екіншісі – идеализм, үшіншісі – реализм.

Материализм бағытының негізгі категориясы – материя ұғымы (materіa,-латынша,-зат). Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы-сезімдік заттардан көрді (Фалестің - суы, Гераклиттің - оты т.с.с.). Мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы – Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар, әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әр-түрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомдарды қабылдаймыз. Сонымен, рух дегеніміз - қозғалыстағы жеңіл атомдар.

ХХ ғ. басында материя жөнінде жаңа гносеологиялық (танымдық) тұжырым пайда болады. Ол негізінен алғанда, ғылыми-техникалық прогресспен, ескі атомистиканың күйзелісімен байланысты болатын. Материяны заттық субстратқа (негізге) теңеуге болмайды. Материя дегеніміз – объективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни, ұғым.

Соңғы кездегі көзқарастарға келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы, - материяны субстанциялық- аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя – тек қана физикалық реалдық емес, сонымен қатар, рух та – мәңгілік материяның көп қасиеттерінің бірі болып есептеледі.

Ал енді идеалистік бағытқа келер болсақ, олар өмірдің рухани жағын негізгі деп есептейді. Заттардың субстанциясы (алғашқы негізі) – рухани болмыста жатыр. Идеализмнің дүниеге келуінің алғы шарттарына адамның өмірлік практикалық мүдделері жатқаны сөзсіз. Сондықтан, бұл ағым құндылықтар әлеміне көбірек көңіл бөледі. Егер материализм негізінен сыртқы Дүниені тануға бағытталған философия болса, идеализм, керісінше, адамның ішкі рухани өміріне көбірек көңіл бөледі. Адам, оның өмірі мен бақыты, үміті мен қайғысы т.с.с. сұрақтар идеалистік философияның негізгі мәселелеріне айналады. Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон болды. Оның ойынша, тек рухани болмыс – шынайы болмыс, ал сезімдік дүние оның бұлдыр, жетілмеген, өтпелі көлеңкесі ғана. Бұл ойын Платон былайша дәлелдейді. Дүние жөнінде адамдардың әр-түрлі пікірі бар, оларды тек қана білім арқылы тексеруге болады. Білім ақиқатқа әкеледі, соңғының көрінісі - ұғымда жатыр. Егер сезімдік таным үне бойы өзгерістегі сезімдік-заттық дүниені бейнелесе, ұғым өзінің тұрақтылығымен сипатталады. Ал олай болса оған сәйкес өзгермейтін, жетілген, кемеліне келген эйдос әлемі бар. Ұғым арқылы біз заттың терең мәнін ашамыз. Олай болса, ұғым мен сезімдік танымды бір-бірімен салыстырсақ - олар болмыс пен елес секілді. Оның ойынша, адам - қайшылықты пәнде. Оның денесімен қатар жан-дүниесі бар. Дене – сезімдік әлемге жатса, жанның Отаны – эйдос әлемі, сондықтан, ол –мәңгілік. Әрине, Платонның философиясы қайшылықты. Бір жағынан біз сезімдік әлем мен эйдос әлемінің арасындағы қайшылықты көрсек, екінші жағынан, дене мен жанның ымыраласпайтынын байқадық. Орта ғасырдағы діни философия идеалистік көзқарасты әрі қарай дамытады. Философияға бірқұдайлыққа өтуге байланысты сенім категориясы кіреді. Көне замандағы дана емес, сенетін адам ғана ақиқатқа жете алады деген пікір кіреді. Эйдос әлемі Құдайдың ойына айналып, адамдардың санасындағы ойлар Құдайдың ойлары жөніндегі адамдардың толғауынан пайда болады. Құдай Дүниені жоқтан жаратқаннан кейін оның ойы зат әлемінің алдында келеді, ал адамның танымында зат алда жүреді. Орта ғасырда жан-дүние ұғымымен қатар рух пайда болады. Бұл идеяларды дамытуға Жаңа дәуірде Р.Декарт өз үлесін қосады. Оның ойынша, жан – материядан бөлек субстанция және оның негізгі қасиеті – ойлауда. Егер материя тек кеңістікте созылатын енжар зат болатын болса, жан өз белсенділігімен танылады. Сонымен қатар, адамның санасында туа біткен қажетті идеялар бар: ол адамның “мендік” идеясы, математикалық идеялар, Құдай идеясы.



Неміс классикалық философиясында идеалистік философия әрі қарай дамиды. И.Кант өзінің трансцендентальдық философиясында шынайы болмыс бізге танылмайды,- деген пікірге келеді. Біздің танып білетініміз – тек құбылыстар әлемі. Біз өзіміздің априорлық, тәжірибеге дейін берілген сезімдік және ақыл-ой категориялары арқылы тәжірибеде берілген мазмұнды ретке келтіреміз. Бірақ, адамның осы априорлық категорияларға тәуелсіз бір қасиеті бар – ол адамның ішіндегі ар-ұжданы, адамгершілік заңы. Ол ерікті ырықты, адамның шексіз жетілуін, олай болса, өлместікті, ал онымен бірге Құдай идеясын талап етеді. Олай болса, шынайы болмысқа таным арқылы емес, оған тек діни сенім арқылы ғана жетуге болады. Алайда, Канттың бұл идеялары оның әріптестерін қанағат етпей, олар ғылыми деректерге сүйене отырып, бүкіл Дүниені ақыл-ойдың қисынына сәйкес дамуы ретінде түсінгілері келді (Фихте, Шеллинг, Гегель). Осы идеяға сүйене отырып, ұлы Гегель философия тарихында бұрын-соңғы болмаған үлкен жүйе жасады. Оның негізінде Абсолюттік Идеяның өз-өзін тану жолында басқа болмысына, яғни, Дүниеге айналып, өзін соның шеңберінде ширатып, адамның санасы мен объективті рухты тудыруы, соның нәтижесінде Абсолюттік Рухтың сатыларына көтерілуі жатты. Яғни, болмыс пен құбылыстың арасында қазылған ешқандай ор жоқ, олар бір-бірімен диалектикалық байланыста деген тұжырымға келді. Маркстік философияда бұл мәселе керісінше шешілгенмен, сол нәтижеге келді. Дүниені ешқандай Абсолюттік Идея тудырған жоқ. Ол мәңгілік өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамып жатқан материалдық Дүние. Өз даму барысында ол тіршілікті тудырып, соңынан тарихқа саналы пәнде – адам табиғи түрде келеді. Ол өз санасында Табиғаттың заңдылықтарын бейнелеп, құбылыстарды зерттеу арқылы объективті дүниедегі үрдістердің мән-мағнасын аша алады. Соның нәтижесінде ғылым мен философия Дүниеге келіп, адам жағалай ортаны өзінің шығармашылық іс-әрекеттері арқылы өз өміріне лайықты қылып қайта өзгертеді. Маркстік философия сана мен рухты материалдық болмыстан шығарғанмен, олардың салыстырмалы дербестігін, тәуелсіздігін, өзі туғызған материалдық дүниеге қайта әсерін тигізетінін мойындайды.

Қорыта келе, айтайын дегеніміз, материализм мен идеализмнің екеуі де өз дамыған формаларында реализм бағытына толығынан қосылмағанмен, - жақындай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет