3. Аудитстандарттары Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
аудит өткізудің барлық кезеңдері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;
Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;
Қандай да шаруашылық жұмысы болмасын, олар белгілі бір шеңберден және белгіленген ережелерден аспауы қажет. Бірнеше ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелер аудиторлық қызметке жататын нормаларды, ережелерді жинақтап, оларды іске асыруға әсерін тигізеді. Осыған орай аудиторлық қызмет шет елдерде болсын, бізде болсын ол норматив және стандартпен реттеліп отырады.
Егер постулаттардың көмегімен аудиттің мазмүны мен маңызы анықталса, онда стандарт арқылы аудиторлық жұмыстыанықтауға болады. Бірақта оларды аудиторлық процедурамен шатастыруға болмайды. Стандарт жағдайға қарамай тәуелсіз түрде орындалады және аудиторлық тексеру жұрген кезде олардың жүргізу уақытысына қарай өзгермейді, ал процедура әртүрлі болуы мүмкін. Өйткені олар (процедуралар) есеп жүмыстарынын қиындығына, тексерілетін кәсіпорынның түрлеріне және де басқадай жағдайларға байланысты. Сол себепті аудиторлық қорытындыда (отчетта) былай деп жазылады: тексеру жұмысы жалпы қабылданған аудиторлық стандартқа сай орындалған деп.
Аудит тәжірибесі мен теориясы бойынша стандарт дегеніміз аудиторлық процедураның негізін қалаушы принциптер немесе негізгі ережелер. Стандарт аудит қызметінің көлемін анықтауға, оны іске асыру методикасын және тексерудің нәтижесін бағалауга көмектеседі.
Сонымен қатар стандарт аудиторлардың білімдерін нығайтуға, жұмыстарының сапасын арттыруға және оларды жеңілдетуге әсерін тигізеді. Норманың стандарттан ерекшелігі - олар аудиттің негізгі принциптерін қолданбайды, тек қана бекітілген нормалар бойынша жұмыстар жүргізеді. Бірақта ол норманың дұрыстығын дәлелдей білу қажет. Осыған орай аудиторлар нормадән ауытқуы мүмкін, бірақта оны дәлелдеуге дайын болуы керек.
Аудиторлық жұмыстың стандарты 4 бөлімнен тұрады:
Негізгі постулаттардан;