Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


Диэлектриктер. Диэлектриктердің үйектелуі



бет32/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

11.1 Диэлектриктер. Диэлектриктердің үйектелуі
Диэлектриктер - қалыпты жағдайда электр тогын өткізбейтін заттар.
Классикалық тұрғыдан қарағанда диэлектриктер өткізгіштерден электр өрісі әсерінен реттелген қозғалыс жасап, электр тогын тудыратын еркін зарядтардың болмауымен ерекшеленеді. Диэлектриктердің атомдарындағы электрондар ядроларымен қатты байланысқан. Бұл байланысты бұзу үшін күшті сыртқы факторлар қажет.
Диэлектриктердің молекулалары электрлі нейтралды, ол қорытқы заряды нөлге тең жүйе сияқты. Осыған қарамастан молекулалардың электрлік қасиеті бар және ол молекулаларды электрлік диполь ретінде қарастыруға болады.
Мұндай дипольдің оң заряды оң зарядтардың «ауырлық центрінде» орналасқан ядроның қорытқы зарядына тең, ал теріс заряды теріс зарядтардың «ауырлық центрінде» орналасқан электрондардың қорытқы зарядына тең. Осындай дипольдің электрлік моменті  ( – молекуладағы барлық атомдық ядролардағы оң зарядтардың қорытқысы,  – электрондардың «ауырлық центрінен» атомдық ядролардағы оң зарядтардың «ауырлық центрін» қосатын вектор).
Диэлектриктерді сыртқы электр өрісіне енгізілгенде сыртқы өріс әсерінен оларда нөлден өзгеше электр моменті пайда болады, яғни диэлектрик үйектелінеді (поляризацияланады). 
Сыртқы электр өрісі әсерінен дипольдердің өріс бағытына сәйкес бағдарлану құбылысын диэлектриктердің үйектелуі деп атайдыНәтижесінде диэлектриктің қандай да бір көлеміндегі электр моменті нолден өзгеше болады.
Диэлектриктер үш топқа бөлінеді: полярлы, полярлы емес және кристалды. Диэлектриктердің бұл үш тобы үйектелудің үш түрімен ерекшеленеді: полярлы емес диэлектриктерде электронды (деформациялы), полярлы диэлектриктерде бағдарланушы (дипольды), ионды кристалдық торлы диэлектриктерде ионды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет