Байланысты: Алматы энергетика және байланыс институты
11.3 Электр ығысу векторы. Диэлектриктердегі электростатикалық өріс үшін Гаусс теоремасы Электростатикалық өрісінің көзі еркін зарядтармен қатар байланысқан зарядтар да болып табылады. Сондықтан өрісі үшін Гаусс теоремасы төмендегідей жазуға болады
, (11.5)
мұндағы – S бетпен қамтылған көлемдегі еркін және байла-
нысқан зарядтардың алгебралық қосындысы.
Өріс кернеулік векторын табуға (11.5) өрнегі тиімсіздеу, өйткені өріске тәуелді байланысқан зарядтардың таралуы алдын ала белгісіз.
Өрісті есептеу көп жағдайда қосымша шаманы енгізумен жеңілдетіледі. Ол шаманың көзі тек еркін зарядтар болып табылады және электр ығысуы немесе электр индукциясы деп аталады
. (11.6)
Ығысу векторы екі түрлі физикалық шамалардың қосындысынан тұрады: және , сондықтан ол көмекші вектор, оның қандай да бір физикалық мағынасы жоқ, көп жағдайда диэлектриктердегі электр өрісін оқып үйренуге жеңілдік жасайды.
Тұйықталған бет арқылы өтетін электр ығысу векторы осы бет ішіндегі еркін зарядтардың алгебралық қосындысына тең (11.7)
Бұл векторы үшін Гаусс теоремасы. (11.2) өрнектегі мәнін (11.6), өрнегіне қойып алатынымыз
немесе
, (11.8)
мұндағы –диэлектриктің негізгі электрлік сипаттамасы болып табылатын заттың диэлектрлік өтімділігі.