185
«Жабағы» сөзіне сəйкес тұлғаны монғол тілінен де кездестіреміз.
Онда
даага сөзі тіліміздегі «тай» ұғымында айтылады,
даахь – «ұйыс-
қан, шырмалған, жабағы жүн».
Тұлғасы мен мағынасы жағынан бұл атауға жуық сөздер ертедегі
түркі жазба ескерткіштерінде де кездеседі. Бұл тілдік деректерді
қарастырар болсақ,
жабағы сөзінің түпкі төркіні түркі, моңғол тұңғыс
тілдеріне ортақ та, бертін келе олардың бірінде жылқы төлінің құлын
мен тай аралығындағы жас мөлшерін білдіретін, ал екінші біреуінде
«құлын» мағынасын білдіретін өзгеріске түскендігі байқалады. Сөз
мағынасының тууына себепші тағы бір жай –
жабағы сөзінің екінші
мағынасы «малдың» көктемдегі ұйысқан жүнімен астас. Ескі жүннің бір
түрінің
жабағы аталуы қырғыз тілінде де бар.
Қорыта айтқанда,
жабағы сөзінің моңғол, түркі тілдеріне ортақ,
алғаш «жүн» мағынасын меншіктеген
даахь сөзінен өрбіп, қалыптасқан
деуімізге болады. Монғол, түркі тілдерінде, олардың ішінде қазақ ті-
лінде
даага алғаш кездерде біздегі
тай сөзімен жарыса қолданылған
да, бері келе мағынасына қосымша реңк беру нəтижесінде жылқы
төлінің 6 айдан бір жасқа дейінгі жас мөлшерін білдіретін атау ретінде
қалыптасқан. Ал дыбыстық жағынан
даага-ның «жабағыға» дейін өзге-
руі мына қалыпта көрінеді:
даага > жаага > жа(б)ага > жабага >
жабағы.
ТАЙ. Тай – бір жастан асқан, екі жасқа əлі толмаған жылқы төлі
[ҚТС, 607 ]; [MK ІІІ, 173 ]. М.Қашқари сөздігінде
тай сөзінің екінші
қосалқы мағынасы «
жас жылқы» деп көрсетілген [ MK, 527 ].
Қазіргі түркі тілдерінің көбінде жылқының жас төлін осылай (тай)
атайды. Түркімен тілінде
тай сөзі –
гулун (құлын) сөзінің синонимі,
яғни ол «жылқының жас төлі» деген мағынада жалпы атау болып
есептеледі [ТүркмДС].
Р.Панзарбекова: Бұл атау кейбір түркі тілдерінде кішірейткіш
жұрнақпен айтылып, «жаңа туған» немесе «бір жасқа дейінгі құлын»
мағынасында да жұмсалады: əзірб.
daiча, өзбекше (диал.)
таічік» [49].
Достарыңызбен бөлісу: