2.6 Құрамында модулі бар теңсіздіктерді шешуге үйрету Әдетте бөлшекпен берілген теңсіздіктерді кері амалдарды (көбейту амалын) пайдаланып бүтін көпмүшелікке келтіріп шешу іс жүзінде қалыптасқан. Әдістемелік әдебиеттерде де және конкурс пен олимпиадалық есептедің есептемелерінде де осы әдіспен теңсіздіктердің шешімін табу ұсынылады (81, 82, 83, 84, 85, 86, 87). Егер бөлшек функциядан көпмүшелікке ауыссақ, онда график салудың да керегі болмайды. Есеп шығару кезіндегі ойлар функцияналдық байланыстан туындамай «тек теңсіздіктің шешімін табу керек» -деген субъективтік ойларды пайдалануға мәжбүр етеді. Біздің әдістмелік тілге тірек болатын жүйемізде теңсіздікті шығару кезінде оның құрамындағы функционалдық байланыстарды ойымызды басқарауға негіз ретінде алу үшін бөлшек бөліміндегі функцияның нөлінен туындайтын логикалық-функционалдық байланыс жоғалып кететіндей жағдайды қарастырамыз, яғни ол үшін көпмүшелігі бар теңсіздікті өзіміз шеше алатын квадрат теңсіздікті пайдалану мүмкіншілігін қарастыруымыз керек. Бұл проблеманы шешу жолдары баршылық. Соның бірі бөлшек бөліміндегі функцияның нөлі арқылы асимптоталар жүргізсек, онда бөлшек функция таңбалары тұрақты бірнеше бөліктерге бөлінеді. Біздің алға қойған мақсатымыз бөлік функциялардың таңбалары тұрақтылығын теңсіздік шешуге пайдалану. Осы идеяны іске асыру жолын нақты мысалдармен көрсетелік.