Алшынбай Рақышев


Шомбалов Мәжит Мұхамеджанұлы



бет14/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
казак даригерлер 1

Шомбалов Мәжит Мұхамеджанұлы 

Шомбалов Мәжит Мұхамеджанұлы бұрынғы Ішкі Орданың Талап бөлімі, 1-старшындық ауылында 1873 жылдың 20 сәуірінде дүниеге келген. Ол обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, республикада дәріхана жүйесін қалыптастырудың негізін қалаушы. М.Шомбалов 1899 жылы Қазан университетінің медициналық факультетін тамамдаған. 1899-1903 жылдары Орда стансасында дәрігер, 1903-1917 жылдары Орда ауруханасының меңгерушісі болды. Ол 1906-1910 жылдары екі мәрте «Қырғыз даласының Нарын бөлігі мен оңтүстік округтердегі обамен күрестегі еңбегі үшін» арнайы күміс белгісімен марапатталған. 1911 жылы белгілі орыс ғалымы И.И.Мечников басқарған экспедиция құрамында Қалмақ даласында оба індетін зерттеу жұмыстарына қатысты. Азамат соғысындағы тұрмыстың ауыр кезеңіне қарамастан, Бөкей губерниясында 370 төсектік, оның ішінде Ордада 100 төсектік аурухана ашты. 1923-1929 жылдары денсаулық сақтау халкомының орынбасары, сонымен бірге Қырғыз АКСР Орталық Атқару комитетінің мүшесі және Бүкілресейлік Қызыл крест қоғамының Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды. 1929-1938 жылдары Қазақстанның дәріхана басқармасының бастығы болды. Өмірінің соңғы жылдары біраз уақыт Орал қаласында обаға қарсы стансаның меңгерушісі қызметінде болып, 1940 жылы дүние салды. Бүгінде Алматы қаласындағы №4-дәріхана Мәжит Шомбаловтың есімімен аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет