1.4 Романдағы жылқы атауларының сөзжасамдық сипаты.
1.4.1 Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған атаулар. Синтетикалық сөзжасамдағы ең түпкі мағыналы бөлшек – түбір десек, жылқыға қатысты бір буынды түбір сөздерге: ат, тай, кер, боз; екі буынды түбір сөздерге: жорға, құлын; үш буынды түбір сөздерге: жабағы, арғымақ т.б. жатады.
Романда синтетикалық тәсілмен жасалған жылқы атаулары біршама.
– шы, -ші жұрнағының үстелуімен жасалған сөздер: ат-шы, жылқы-шы, бие-ші, құрық-шы. Бұлар зат есімнен жасалған туынды зат есімдер. Ал атқосшы, атбап-шы сөздері аралас тәсілмен, біріккен сөзге (ат+қос+шы, ат+бап+шы) -ы қосымшасының жалғануы арқылы жасалған. Асау қуып үйренген бір жылқышы қолына құрығын ап, Тарланкөкке міне сап, шеттеу жайылып жүрген Ақбақайға лап қойған [3,80 б.]. Ол әрі мылқау, әрі меңіреу, өзінің атқосшысы өзбек жігіті еді [3,536 б.]. Мысалдардан көрініп тұрғандай, -шы, -ші жұрнағы - мамандық, кәсіпті білдіретін өнімді әрі құнарлы жұрнақ.
Достарыңызбен бөлісу: |