Бантусемьясындағы тіл Бұл тілде сөйлейтіндер Орталық және Оңтүстік Африка жерлерін мекендеген, олардың саны – 60 млн шамасында. Банту тілінің бәріне тән ортақ грамматикалық құрылыс, сөздік қоры бар. Соған қарамастан, оның көрші тілдерімен де ұқсастығының бар екені байқалады.
Қойсан бөліміне жататын тілдер Қойсан бөлімінде сөйлеушілер Африканың оңтүс-тік шеттері. Оңт-батыс, Намиб және Колахари шөлінде мекендеушілердің тілі. Бұрынғы Оңтүстік Африка – бушмендер мен готтентоттардың тілдері. Бұл екі халықтың саны 73 мың шамасында. Олардың – тілдерінің грамматикалық құрылысы мен сөздік қорларын-да ұқсастық бар екені байқалады.
Мальгаш тілі Бұл тілде мадагаскарлықтар сөйлейді. Олардың саны 4 млн. Өздерінің антропологиялық белгілері, мәдениеттері мен тілдері бойынша африкалықтардан көп айырмашылығы бар. Бұл тілі өзінің ерекшелігі бойынша малай-полинезия және Индонезия тілдеріне жақынырақ болып келеді.