Америка халыќтары


Этногенез және этнткалық тарихы



бет146/191
Дата05.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#25967
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   191
Этногенез және этнткалық тарихы. Таяу Шығыс алғашқы адамдарың көне қоныстарының біірі Сирия жіне Палестина жерлерінен палеолиттің ертедегі сатыларын көзге елестетін археологиялық заттар табылды. Бұл аймақтардан шелль және ашелль кезеңіндегі адамдардың қолданған құралдары табылса, Эт – Табун үңгірінен ашелль кезеңінде өмір сүрген тұрғындарының баспаналарының қалдықтары ашылған. Мұнан кейінгі, мусьте дәуірінде, өмір сүрген неандерталь адамының сүйегі Иран және палестина жерлерінен табылған. Осы кезеңге жататын Кармель тауындағы Эт – Табун және Эс – Схуль үңгірлерінен 12 адамның қаңқасы шықты. Тас кезеңге жататын құралдар Кіші Азиядан және Жоғарға Месопатамиядан кездескен. Бұл құрлықтардың басқа да аймақтарынан палеолиттің соңғы кезеңдеріне әсресе, неолитке жататын заттар біраз жерлерде табылған.
Жаңатас ескерткіштері Таяу Азия жерлерінде кенң тарған.Месопатамия және Сирия, палестина, Иран, Ирак, Кіші Азия елдерінде жаңа тес кезеңдерінің ескерткіштері көп ашылған. Мұанан кейінгі энеолит, қола кезеңдерінде бұл жердің тұрғындары егіншілікпен айналысатынын, олардың қыштан, қоладан, темірден жасаған құралдарй дәлел бола алдаы. Б.д.д. 4 мыңыншы жылдары жергілікті тұрғындары алғашқы қауымдық қарым – қатынаста өмір сүріп, олар аңшылық, балықшылық, егіншілік кәсіптерімен айналыса бастаған. Олар қой мен ешкі, шошқаны қолға ұстап, отырықшы өмір сүрген, баспаналар салған. Осы деректерге қарағанда, неолит кезінде Таяу Шығыс жерінде алғашқы адамдар кең тарап, қоныс тепкені байқалады.
Сол кездің өзінде Таяу Шығыстағы әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар мекендеген. Месопатаминяның оңтүстігінде – шумер, аккад, элам; шығысында – касситтер, мидиялықтар; солтүстігінде – хеттар,; батысында – палестиналықтар мекендеген. Тигр мен Ефрат өзендерінің алқаптарын халықтар ертеден мекендеп, олар алғашқы адамзат өркениетінің іргетасын қалаушылардың бірі болды.
Месопатамияның оңтүстігінде шумер мемлекеті бой көтерді. Олар кейін Эль – Обейда, Урука және Джемдет – Наср мәдениеттерін қалыптастырды. Бұл мәдениет үлгілері аккадтылықтармен тығыз қарым – қатынаста дамыды. Ал Месопатамияның орта шенінде келіп шыққан сематикалық тілде шумерлер сөйлесе керек. «Шумер» деген терминін (атама) аккадшылардың сөзінен шыққан. Б.з.д. 4 мыңыншы жылдарда пайда болған шумерлердің жазуындағы адам есімдері Оңтүстік Месопатамияға кең тараған. Бір ғасырдан кейін 3 мыңыншы жылдардың ортасында Месопатамияның солтүстік аудандарында тағы бір ғасырдан соң, оңтүстігіндеге шумер атауы семитикалықтармен алмасқан.
Шумерлердеп басқа Месопатамияның шығыс бөлігінен Иран қаратына қарай жайылған кеңістікте бір – біріне тіл жағынан жақын әр түрлі халықтар орналасқан. Солардың ішінен осы күнгі Хузистан жерінде эламиттер өмір сүрген. Бұл маңда жүргізілген археологиялық зерттеулер көптеген жаңалықтар ашты. Соның бірі б.д.д 4 – 3 мыңыншы жылдары жазылған пиктографиялық ескерткіштер. Сол дәуірдің 3 мыңыншы жылдардың орта шенінде эламиттер аккадшылардың жазуын өз тіліне қарай икемдеп, өздерінң жазу – сызуын жасады.
Загроса тауларынд, осы күнгі Луристанда эламиттермен көршілес каситтер өмір сүрген. Б.д.д 2 мың жылдықтың 1 жартысында олар саяси жағынан үстемдікетіп, Месопатаминың мәдени тарихының дамуына өз әсерлерін тигізген. Каситтер – Вавилондағы жылқыны жақсы өсірген деген сөздер бар. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, касситтердің, лулувистердің тілдері бір – біріне жақын болған. ОЛар туысқандық және тіл жағынан каситтердің тобына жатады. Кастий тобындағылар: кастиилер, геловтер, тапуровтар. Бұл тайпалар 5 ғасырда Каспий теңізінің жағалауын мекендеген. Аты аталған тайпалар ертедегі Оңтүстік Әзербайжанды, Батыс Иранда мекендеген кутий, парсуа, манней тайпаларының ұрпақтары болуы мүмкін. Осы тайпалар ертеректе саяси жағынан басқаларға ықпалын жүргізген. Мысалы кустин б.д.д 3 мыңыншы жылдың аяғында Қосөзеннің бойларын мкендеп, сол жерде өздерінің үстемдігін жүргізген.
Каспий теңізінің солтүстік – батыс жағасындағы осы күнгі Армения мен Курд қөараттарында, Кіші Азияның шығыс бөлігінде Месопатамияның солтүстігінде көп түрлі халықтар тіршілік еткен, олардың барлығы «алародиялықтар» деп аталған. Зертеушілердің пікірлеріне қарағанда, ол халықтардың тілдері кавказдықтардың тілдеріне жақынырақ болғанын көрсетеді.
Б.д.д. 4 -ншы жылдардың аяғында 3 мыңыншы жалдардың бас кезінде семиттік нәсілдер бас кезінде семиттік нәсілдік халықтар Таяц Азия жерінде кең тарған. Олар жоғарыда аты аталған – аккадшылықтар. Осы кезде шумерлердің жазуы аккадалықтарға тән болған. Себебі: кісі есімдерінде көп ұқсастықтар көп. Кейін осы семит тілін ығыстырып, аккадшылардың тілі үстемдік етті.
Кейінгі кездерде аккадшылар күшейіп, сол жердегі сөйлеуші халықтармен бірлесіп, Ефрат пен Тигр өзендерінің орта, тқменгі ағысында Вавилия мемлекетінің өркениетін жасайды. Аккадшылар Вавилия тілінде сөйлейді. Бұл тіл б.д.д 2 мыңыншы 500 жылға дейін өмір сүріп, кейін арамиялық диалектімен алмасқан. Басқа да Қосөзеннің оңтүстік – батыс атырабын б.д.д. 3 мыңыншы жылдары семиттік тілде сөйтейтін хананейлер, аморейлер, еврейлер, арамейлер мекендеген. Осы мыңжылдықтың екінші жартысында оңтүстіктен Аравия жарты аралына арабтар келіп қоныстанған, жергілікті аборигендермен араласып кетті.
Үндіеуропалық тілде сөйлейтін халықтардың бар екені жөнінде алғашқы деректер б.д.д. 2 мыңыншы жылдардың ортасында тура келді. Осы кездерде Таяу Азияда хетталардың ірі мемлекеті пайда болды . Б.д.д. 9 ғ Арменияда және Кавказдың оңтүстігінде Урарту мемлекеті дәуірлеп өмір сүрген. Армения халықтарының қалыптасқаны б.д.д 7 ғ жатады. Бұд халық өзінің мемлекетін орнатып, оны бір мың жылдан артық сақтай білген. Б.д.д. мыңыншы жылдарда әр түрлі үндіеуропалық тілде сөйлеуші нәтижесінде бірлесіп, Мидия, Персия кейінірек, Бактрия, Прафия секілді бірнеше күшті мемлекеттер пайда болған. Орта ғасырдың кейінгі кезеңдерінде осы мемлекеттің халықтардың өзара қарым – қатынастары нәтижесінде отырықшы иран тілдес парсылар, мазхадаранд, курдтар, лурлар, бахтиарлар және қазіргі Иранның, Ауғансттанның тұрғындары келіп шыққан.
Таяу Шығыс Азияда құл иеленуші мемлекеті ерте заманнан – ақ ұйымдасқан. Олардың қатарына жоғарыда аты аталған, б.д.д. 3 мың жылдарындағы Месопатамиядағы Шумер және Аккад мемлекеттері жатады. Осы құл иеленушә мемлекеттер бір – бірімен бақталасы отырып, алдымен шумерлер үстемдік етсе, билік кейіннен аккадшыларға ауған. Өзара соғыстардың барысында жеңген жағы жеңілген жақты құлға айналдырып, оларды егін суару жүйелерін салуға кеніштер қазздырған және т.б. ауыр жұмыстарға жыққан.
Осындай алғашқа қауымның ыдырап, б.д.б 3 мыңыншы жылдардың аяғы мен 2 мыңыншы жылдардың батысында саны көп аморилер тайпасчы Месопатамия жерінде үлкен құл иеленуші Вавилония мемлекетін құрған. Олар эламит тайпасында өздерін еқосып, билікті аморилер тайпасы үргізген. Аморилеп мемлекетінің гүлденген кезеңі оның патшысы Хаммурабидің тұсында тура келді. Б.д.д 18 ғ ортасында өзара тартыстың нәтижесінде Вавилон ия мемлекеттері каситтер, онан кейін хеттар бағындырғын. Жаулап алушылар вавмлония мәдениетін жазу – сызуын қабылдап, жергілікті халықтарға араласып, кеткен. Хеттар мен Мысыр арасында ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде хеттар жеңіліп, бұрынғы үстемдігінен айырылған.
Таяу Азия халықтарының этникалық тарихында б.д.б 1 мыңыншы жылдары Ассирия мемлекетіне үлкен ықпалын тигізген. Сол дәуірдің 2-1 мыңыншы жылдарында Ассирияның гүлдену мен құлдырау кезеңдері де болған, б.д.д 13 ғ Ассирия күшті мемлекетке айналып, оның әскерлері Митанияны, вавилонияны басып алағн. Бірақ ХІІ ғ Вавилония қайта көтеріліп, олар ассириялықтарға соққы берген. Уақытша сәтсіздікке ұшырағанмен, б.д.д ІХ ғ ассириялықтар қайта күшейіп, оның патшасы Ашшурнасирапал2 күшті әскер ұйымдастырып, Месопатамиядағы арамейлерді бағындырып қана қоймай, Жерорта теңізіне дейін шапқан.

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет